• 160118

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыру жөнінде облыстық мәслихаттың депутаттарымен кеңес С.М.Қалдығұлованың төрағалық етуімен2018 жылғы 15 қаңтарда өтті

  • 100118

    Облыстық мәслихаттың депутаттарымен және бизнес өкілдерімен кездесу облыстық мәслихатта 2018 жылғы 10 қаңтарда өтті

  • 030118

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесуі өтті

  • 291217

    Облыстық мәслихаттың депутаттары Аяз Атамен бірге кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, ізгі тілекпен балаларды келе жатқан 2018 Жаңа жылмен құттықтап, барлығына тәтті сыйлықтар табыс етті

  • 251217

    2017 жылғы 22 желтоқсанда Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша тұрғындарды қабылдады

  • 15 сессия

    2017 жылғы 08 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

2017 жылғы 08 қарашадан бастап облыстық мәслихатта (201 бөлме), облыстық бюджетті қарау бойынша Жұмыс тобының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылға арналған бюджеттік шығыстарының жобалары туралы» мәселені бірлесе қарау отырыстары басталады.

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 23 қарашада облыстық мәслихатта, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің, коммуналдық кәсіпорындардың, пәтер иелері кооперативтерінің басшылары, тазалықпен айналысатын ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұртас Иванұлы Сейітов хабарлама жасап, Қағидаларға бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды.
Өз қызметін қалалар мен елді мекендердің аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардан, өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерден сондай-ақ пәтер иелерінен және пәтер жалдаушылардан, жеке тұрғын үйлерден коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган өткізетін, қалдықтарды шығару бойынша конкурсты (тендер) ұтқан, қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғаларға қоқыспен және тұрмыстық қалдықтармен ыдысты көшелерге, жалпы пайдалану орындарына, баспалдақ алаңдарына қоюға, үйінді жасауға, қоқысты жерге көмуге, контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, қатты тұрмыстық қалдықтарға жатпайтын, қоқыстарды контейнерлерге салуға және алаңдарға және оған іргелес аумақтарға жинауға, қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға, жеке тұрғын үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың іргелес аумақтарына қоқыстарды жинауға жол берілмейді.
Аталған мәселе бойынша Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испанов, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Жұмашұлы Иманалин сөз сөйлеп, абаттандыру мәселелері, санитарлық тазалық жағдайы, бақылауды күшейту және Қағидаларға өзгерістер енгізу туралы хабарлады.

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.