• Прием граждан ноябрь

    2017 жылғы 8 қарашада Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

  • Нур Отан ноябрь

    2017 жылғы 7 қарашада «Нұр Отан» партиясы АОФ Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 061117

    2017 жылғы 06 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясының жалпы отырысы етті

  • 031117

    2017 жылғы 03 қарашада облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 181017

    2017 жылғы 17 қазанда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысымен бірлескен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының партиялық тыңдауы өтті

  • 080917 13 сессия

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

2017 жылғы 08 қарашадан бастап облыстық мәслихатта (201 бөлме), облыстық бюджетті қарау бойынша Жұмыс тобының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылға арналған бюджеттік шығыстарының жобалары туралы» мәселені бірлесе қарау отырыстары басталады.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 14 сессиясы жалпы отырысының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 06 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясының жалпы отырысына №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазина төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібін қарауға дейін, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұловаға, №28 Қобда сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған Хайдар Жадитұлы Ілиясовты Облыс әкіміне, депутаттық корпусқа және барлық қатысушыларға таныстырып, оған депутаттық куәлік пен төс белгіні тапсырды.


Күн тәртібіндегі «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасады.
Бюджеттің орындалуы бойынша жүргізілген бюджеттік мониторинг нәтижесінде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарымен анықталған үнемделген қаражатты қайта бөлу есебінен 3 млрд. 473 млн. 847 мың теңге қаражатқа облыстық бюджетті нақтылау ұсынылады.

Аталған қаражатты, негізгі басым салаларға қайта бөлу ұсынылып отыр, жекелеп алғанда, ағымдағы жылы қаржыландыруды қажет ететін (жасалған жұмыстарға төлем, жобалау-сметалық құжаттарды аяқтау, құрылыстарды жалғастыру, жобаларды қосымша қаржыландыру), бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-маңызды шығыстарына.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 2 002 868,5 мың теңге бөлу ұсынылуда, соның ішінде Қарғалы ауданы Қос-Истек ауылындағы орта мектеп пен балабақшаны газдандыруды аяқтауға 31 130,0 мың, Ақтөбе қаласы "Нұр-Ақтөбе" №1 мөлтек ауданындағы 4-қабатты 2 тұрғын-үй №36,37 құрылысын аяқтауға (96 пәтерлі) 70 849,2 мың, Ақтөбе қаласы Нұр-Ақтөбе тұрғын-үй массивінде салынып жатқан тұрғын-үйлерге инженерлік желілер жеткізуге және абатттандыруға (газ, электрмен жабдықтау, су құбыры, кәріз және жылумен қамтамасыз ету) 1 102 216,2 мың, Ақтөбе қаласы Красносельское-2 тұрғын-үй массивіндегі сумен жабдықтау желілерінің құрылысына (ортақ қаржыландыру) 77 957,3 мың, Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяқов селосы және Алға ауданы Қарақұдық және Үшқұдық селосындағы тұрғын-үй массивтерінің сыртқы инженерлік-коммуникациялық құрылысына 97 308,0 мың теңге.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 742 225,0 мың теңге, соның ішінде Ақтөбе қаласы (Мәметова көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейін, Жеңіс даңғылы Бейбітшілік даңғылынан АФЗ дейін, Пожарская көшесінен Қобда тас жолына дейін, Ағайынды Жұбановтар көшесі Пацаев көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін, М.Мәметова көшесі "Аида" СҮ-нен Бөгенбай батыр көшесіне дейін) және Хромтау қаласы (Уәлиханова, Целинная, Айтеке би, Кенжалина және Куразова көшелері) көшелерінің орташа жөндеуге 296 500,0 мың теңге.
Сонымен қатар білім басқармасына 113 168,0 мың, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына 155 939,9 мың, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына – 121 912,0 мың, ауыл шаруашылығы басқармасына – 125 000,0 мың, дене шынықтыру және спорт басқармасына – 97 260,0 мың теңге және т.б. бөлу ұсынылды.
Аталған мәселені талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, жауаптары алынды.
Бюджеттің жобасы талқыланғаннан кейін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес және «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында болуына байланысты, аталған мәселе бойынша 2017 жылдың 21 қарашасына дейін облыстық мәслихаттың он төртінші сессиясының жұмысына үзіліс жасау жөнінде депутаттар шешім қабылдады.
Сессияда сонымен қатар, облыс әкімдігінің дербес құрамына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары М.Е.Абдуллинді, С.Т.Төленбергеновті енгізу ұсынылған, «Облыс әкімдігінің дербес құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 25 тамыздағы №410 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және құрамына №28 Қобда сайлау округінен депутат Х.Ж.Ілиясов енгізілетін «Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 наурыздағы №6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелер қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары, облыстық бюджеттік комиссияның төрағасы А.С.Биахметовке, облыстың денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшыларына жолданған, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Г.Қ.Ерғазинаның екі депутаттық сауалы жария етілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сессия тиісті шешімдер қабылдады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30