• 050718

    «Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі!» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Фракция мүшесі Ни Аркадий Юрьевич қайырымдылық акциясын өткізді

  • 290618

    2018 жылғы 29 маусымда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті

  • 270618

    2018 жылғы 27 маусымда облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 250618-2

    Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен облысымызда «20 игі іс» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

  • 250618-1

    Ақтөбеде мемлекеттік жəне полиция қызметкерлерінің кəсіби мерекесі аталып өтті

  • 220618-2

    2018 жылғы 19 маусымда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 03 қарашада облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Тулегенованың төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы О.М.Смағұлов хабарлама жасады.
Бюджеттің орындалуы бойынша жүргізілген бюджеттік мониторинг нәтижесінде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарымен анықталған үнемделген қаражатты қайта бөлу есебінен 3 млрд. 473 млн. 847 мың теңге қаражатқа облыстық бюджетті нақтылау ұсынылады.


Аталған қаражатты, негізгі басым салаларға қайта бөлу ұсынылып отыр, жекелеп алғанда, ағымдағы жылы қаржыландыруды қажет ететін (жасалған жұмыстарға төлем, жобалау-сметалық құжаттарды аяқтау, құрылыстарды жалғастыру, жобаларды қосымша қаржыландыру), бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-маңызды шығыстарына.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 2 002 868,5 мың теңге бөлу ұсынылуда, соның ішінде Қарғалы ауданы Қос-Истек ауылындағы орта мектеп пен балабақшаны газдандыруды аяқтауға 31 130,0 мың, Ақтөбе қаласы "Нұр-Ақтөбе" №1 мөлтек ауданындағы 4-қабатты 2 тұрғын-үй №36,37 құрылысын аяқтауға (96 пәтерлі) 70 849,2 мың, Ақтөбе қаласы Нұр-Ақтөбе тұрғын-үй массивінде салынып жатқан тұрғын-үйлерге инженерлік желілер жеткізуге және абатттандыруға (газ, электрмен жабдықтау, су құбыры, кәріз және жылумен қамтамасыз ету) 1 102 216,2 мың, Ақтөбе қаласы Красносельское-2 тұрғын-үй массивіндегі сумен жабдықтау желілерінің құрылысына (ортақ қаржыландыру) 77 957,3 мың, Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяқов селосы және Алға ауданы Қарақұдық және Үшқұдық селосындағы тұрғын-үй массивтерінің сыртқы инженерлік-коммуникациялық құрылысына 97 308,0 мың теңге.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 742 225,0 мың теңге, соның ішінде Ақтөбе қаласы (Мәметова көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейін, Жеңіс даңғылы Бейбітшілік даңғылынан АФЗ дейін, Пожарская көшесінен Қобда тас жолына дейін, Ағайынды Жұбановтар көшесі Пацаев көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін, М.Мәметова көшесі "Аида" СҮ-нен Бөгенбай батыр көшесіне дейін) және Хромтау қаласы (Уәлиханова, Целинная, Айтеке би, Кенжалина және Куразова көшелері) көшелерінің орташа жөндеуге 296 500,0 мың теңге.

Сонымен қатар білім басқармасына 113 168,0 мың, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына 155 939,9 мың, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына – 121 912,0 мың, ауыл шаруашылығы басқармасына – 125 000,0 мың, дене шынықтыру және спорт басқармасына – 97 260,0 мың теңге және т.б. бөлу ұсынылды.
Аталған мәселені талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты.
Тұрақты комиссия отырысында, облыс әкімдігінің дербес құрамына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары М.Е.Абдуллинді, С.Т.Төленбергеновті енгізу ұсынылған, «Облыс әкімдігінің дербес құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 25 тамыздағы №410 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысында тиісті қаулылар қабылданып, күн тәртібіндегі мәселелер облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына ұсынылды.