• Прием граждан ноябрь

    2017 жылғы 8 қарашада Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

  • Нур Отан ноябрь

    2017 жылғы 7 қарашада «Нұр Отан» партиясы АОФ Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 061117

    2017 жылғы 06 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясының жалпы отырысы етті

  • 031117

    2017 жылғы 03 қарашада облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 181017

    2017 жылғы 17 қазанда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысымен бірлескен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының партиялық тыңдауы өтті

  • 080917 13 сессия

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

2017 жылғы 08 қарашадан бастап облыстық мәслихатта (201 бөлме), облыстық бюджетті қарау бойынша Жұмыс тобының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылға арналған бюджеттік шығыстарының жобалары туралы» мәселені бірлесе қарау отырыстары басталады.

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 17 қазанда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысымен бірлескен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының партиялық тыңдауы облыстық мәслихаттың хатшысы, №11 Сазды сайлау округінен депутат Сәния Мұсақызы Қалдығұлованың төрағалық етуімен өтті.
«Депутаттық күн» отырысына барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдары департаменттерінің, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, мектептердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы» мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Жұмамұрат Ердәулетұлы Алдашев хабарлама жасады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Республика бойынша 721 мемлекеттік қызметтер, оның ішінде 191 түрі Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі. 2017 жылдың 9 айы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 3,0 млн. астам қызмет көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерінің 81 түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, оның ішінде 50 түрі баламалы негізде және 31 түрі тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілу қарастырылған.
2017 жылдың 9 айы бойынша баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 77 299 рет Мемлекеттік корпорация арқылы және 87 139 рет мемлекеттік орган арқылы көрсетілді.

Есептік кезеңде, тізілімге сәйкес, тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын 31 мемлекеттік қызметтер бойынша, Мемлекеттік корпорация арқылы 33 022 қызметтің 614-і мекеме арқылы көрсетілген. Оның ішіндегі, 76 –ы «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша шетелден келген сұраныстар, қалған 536 қызмет мемлекеттік қызмет бойынша стандарттарға өзгерістер енгізілмегендіктен, түскен өтініштер мекеме арқылы қабылданған.
Шалқар және Мәртөк аудандары «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» және «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бұзып мемлекеттік қызметтерді мекеме арқылы көрсеткен.
Тізілімге сәйкес, Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 85 түрі электрондық түрде көрсетілуі тиіс.
Есептік кезеңде 229 340 мемлекеттік қызмет электрондық түрде және 1 548 561 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіліп, электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларының үлесі 12,8 %-ды құрап отыр (2016 ж. – 27,2%).
Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында, күрделі мәселелернің бірі, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің сақталуы болып табылады.
Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев хабарлама жасады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №983 Қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы аумағы бойынша 361 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде 191 мемлекеттік қызмет түрі жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО), 175 мемлекеттік қызмет түрі ОАО-дың аумақтық бөлімшелермен (бұдан әрі – ОАО АБ) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган ретінде біздің Департаментпен өз құзіреті шегінде, ағымдағы жылы 38 бақылау шаралары жүргізілді, оның ішінде: ішінара тексерулер – 13 (немесе 34 %), жоспардан тыс тексерулер – 25 (немесе 66 %).
Бақылау шараларының қорытындысы сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 929 факті анықталды. Атап айтқанда, ең көп тараған бұзушылықтар болып:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттар топтамасы толық болмағанда, мемлекеттік қызметті көрсету – 11 факті;
- көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды немесе көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап ету – 841 факті;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінде көзделген рәсімдерді (бизнес-процесс) сақтамау – 20 факті;
- қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау – 14 факті;
- мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелсіз бас тарту – 13 факті;
- заңнаманың басқа да талаптарын бұзу – 30 факті.
Мемлекеттік қызметті көрсетуде заң бұзушылықтарға жол бергені үшін – 20 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде «ескерту» түрінде – 15, «сөгіс» түрінде – 4, «қызметіне толық сәйкес емес» түрінде - 1.
Анализ жасау барысында, көбінесе денсаулық сақтау саласыдағы мемлекеттік органдардың (33 %) мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс – әрекеттеріне шағымдар келіп түскендігі анықталды.
Сонымен қатар, Департаментпен ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет берушілердің тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ыншы күніне дейін ұсынатын есептеріне мониторинг жүргізілді.
2017 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша есепті тапсыруда кемшілікке жол берілгендігі анықталды, атап айтқанда:
- дәйексіз деректерді ұсыну, есепті кешіктіріп тапсыру, бекітілген жыл жоспарына сәйкес бақылау іс – шараларының мерзімін сақтамау.
Көрсетілген есептік кезеңде Департаментпен жүргізілген бақылау шараларының қорытындысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін кемшіліктерді жою, олардың болу себептері мен жағдайларын жою туралы 73 ұсыным жіберілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға қоғамды тарту, сонымен қоса мемлекеттік қызметтерді көрсетуде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында, ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігімен «Қоғамдық бақылау тәсілімен «Құпия сатып алушы» жобасы бастау алды.
Ағымдағы жылдың 22 мамыры мен 31 тамызы аралығында тікелей қоғамның және Департаменттің қатысуымен Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарында аталған жоба аясында тиісті шаралар жүргізілді.
Аталған шараларды жүргізу барысында Департамент 37 мемлекеттік органға барып, онда 50 кемшілік анықталды.
Жоғарыда аталған кемшіліктерге жол берген мемлекеттік органдарға кемшіліктерді жою туралы тиісті ұсынымдар жіберіліп, бүгінгі күні барлық кемшіліктер толығымен жойылды.
Жалпы атап өтсек, аталған жоба қызмет берушілердің мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен жағдайын жақсартуға оң үлес қосты.
Облыстық мәслихаттың депутаттары мемлекеттік органдардың басшыларының хабарламаларын тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, пікір алмасты, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты, тиісті ұсыныстар енгізді.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31