• 050718

    «Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі!» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Фракция мүшесі Ни Аркадий Юрьевич қайырымдылық акциясын өткізді

  • 290618

    2018 жылғы 29 маусымда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті

  • 270618

    2018 жылғы 27 маусымда облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 250618-2

    Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен облысымызда «20 игі іс» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

  • 250618-1

    Ақтөбеде мемлекеттік жəне полиция қызметкерлерінің кəсіби мерекесі аталып өтті

  • 220618-2

    2018 жылғы 19 маусымда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы Ақтөбе облыстық мәслихатының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстық сайлау комиссиясының шығып қалғанының орнына бір мүшесінің сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2017 жылғы 07 қыркүйек пен 07 қазан аралығында облыстық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:


1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың облыстық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (өтініштің нысанын облыстық мәслихаттан алуға болады).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен расталған болуы қажет және орындалған күні, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгі болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2017 жылғы 07 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау бойынша облыстық мәслихаттан жауапты тұлға – Айтқалиев Тимур Владимирұлы, №204 каб., қалааралық телефон коды (87132), қызметтік 56-44-75, ұялы 8701-599-30-08, факс 54-34-75, электрондық пошта мекен-жайы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30