• 15 сессия

    2017 жылғы 08 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 061217-2

    2017 жылғы 6 желтоқсанда облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • Д.А.Р

    Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова «Д.А.Р.» волонтерлер клубының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға қатысты

  • 061217

    2017 жылғы 05 желтоқсанда құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық және қалалық кәсіпкерлік басқармасының, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары бар, бейберекет сауда орындарын анықтау және жою бойынша Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауданың проблемалық орындарын тексерді

  • 041212

    Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ақтөбе облыстық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді

  • 021217

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

2017 жылғы 08 қарашадан бастап облыстық мәслихатта (201 бөлме), облыстық бюджетті қарау бойынша Жұмыс тобының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылға арналған бюджеттік шығыстарының жобалары туралы» мәселені бірлесе қарау отырыстары басталады.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының баспасөз-хабарламасы

2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады.


Облыстық бюджетті нақтылау 23 млрд. 500 млн. теңге сомасында ұсынылады, оның ішінде 2017 ж. - 13,0 млрд. теңге және 2018 ж. - 10,5 млрд. теңге.
Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №314 «Жергілікті атқарушы органдар борышының 2017 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының хаттамасына сәйкес, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 2017-2018 жылдарға арналған несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көлемі (2017 жыл – 13,0 млрд.теңге, 2018 жыл – 10,5 млрд.теңге) бекітілді.
Аталған қаражат аясында ағымдағы жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы шеңберінде Нұр-Ақтөбедегі 6 үйдің құрылысын аяқтау - 5,26 млрд. теңге (76 мың ш.м., 1275 пәтер, кезекте тұрғандар 20 мыңнан астам) және 122 жеке тұрғын үйлер мен 20 көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын бастап, 2018 жылы (2017 ж. – 7,73 млрд.тг, 2018 ж. – 10,5 млрд.тг) аяқтау жоспарлануда (Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы құны – 3 млрд.тг., көпқабатты – 15,8).
Жалпы алғанда, бүгінгі күні облыстық бюджеттің нақтылануы облыстың тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі басымдықтарына сәйкес келеді.
Бюджетті қарау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары басқарма басшысына сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

 

Екінші мәселе бойынша облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Насанқызы Күнбаева хабарлама жасап, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Г.Д.Осадчаяны босату туралы бұрын қабылданған сессия шешімі туралы және ҚКХП облыстық филиалы комиссия мүшесі етіп ұсынған Г.Ж.Имашеваның кандидатурасы туралы баяндады.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Захарова Ольга Олеговнаның Ақтөбе облысының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткендігі туралы өтініші түскендігі туралы хабардар етті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 19-бабының 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Захарова Ольга Олеговнаны облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы қызметінен босатуды сұрады.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30