• 15 сессия

    2017 жылғы 08 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 061217-2

    2017 жылғы 6 желтоқсанда облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • Д.А.Р

    Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова «Д.А.Р.» волонтерлер клубының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға қатысты

  • 061217

    2017 жылғы 05 желтоқсанда құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық және қалалық кәсіпкерлік басқармасының, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары бар, бейберекет сауда орындарын анықтау және жою бойынша Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауданың проблемалық орындарын тексерді

  • 041212

    Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ақтөбе облыстық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді

  • 021217

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

2017 жылғы 08 қарашадан бастап облыстық мәслихатта (201 бөлме), облыстық бюджетті қарау бойынша Жұмыс тобының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылға арналған бюджеттік шығыстарының жобалары туралы» мәселені бірлесе қарау отырыстары басталады.

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдармен орындалу барысы туралы» мәселе бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А.Токушев хабарлама жасады.
Елбасымен 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Заңның ең басты мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуі болып табылады.
Ұлт Жоспары мен стратегияда сыбайлас жемқорлықпен кешенді және жүйелі күрес мәселесі халықаралық тәжірибеге сай жасалған. Осы орайда 2015 жылы сыбайлас жемқорлық себептері мен жағдайларын анықтауға және оны жоюға бағытталған 60-тан астам Заң қабылданды.
Стратегияның негізгі басымдықтарының бірі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі. Ол үшін алдымен экономикалық тұрғыдан ынталандырылған кәсіби және беделді мемлекеттік аппарат құру қажет. Бұл мақсаттар мемлекет басшысының бес институционалдық реформасында да нақты көрсетілген.

Әкімшілік және құқық қорғау қызметтерінің жұмыстарында да оң өзгерістер орын алды. Ағымдағы жылдан бастап құқық қорғау органдарына үміткерлерді бастапқы іріктеу (тестілеу, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалау) Департаментте өтеді. Қазіргі таңда 2844 адам тапсырса, оның 35% оң нәтижеге ие болды (994).
Ақтөбе облысының Әдеп жөніндегі кеңес жұмысының нәтижесі бойынша 2016 жылдың нәтижесінде 2 лауазымды тұлға жұмыстан босатылып, 12 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілсе, ағымдағы жылдан бүгінгі күнге дейін 2 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды, 20 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.
Ағымдағы жылдың 6 ай есеп бойынша Ақтөбе облысында 2 453 219 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет қағаз форматында төмендегеніне қарамастан олардың үлесі әлі де жоғары.
Президенттің жолдауын ескере отырып, Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін электронды форматқа көшіру мен бәсекелестік ортаға беру арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бағытында жұмыс істеуде.
Біздің облысымызда 2016 жылда ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
«Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін, Сіз жеке үлесіңізді қосуға дайынсыз ба?» - деген сұраққа респонденттердің 77% жағымды жауап берді.
Әрбір азаматтың қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықпен күресу мүмкін емес. Ең алдымен сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамаудың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру қажет.
Жаңа сыбайлас жемқорлық заңнамасының маңызды ерекшеліктерінің бірі бас бостандығын айыруды көздемейтін қылмыстық-құқықтық тетіктердің енгізілуі болып табылады. Еселенген айыппұлдар, мүлікті тәркілеу, және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру сияқты институттар кешенді қолданылып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралы ретінде қызмет етеді. Бұл жаңа құрал қылмыстық заңнаманы гуманизациялау бойынша реформаның логикалық жалғасы болды.
Сондықтан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және ескертудің жаңа құралдары енгізіліп, бізбен күнделікті тәжірибеде жүзеге асырылуда.
Бүгін біздің негізгі міндет болып қоғамдық санаға "параны алмау және бермеу" қағидатын ауқымды енгізу мақсаты тұр. Сондықтан біз белсенді және күшті азаматтық қоғамға екпін береміз. Осылайша, алдыңғы жылдан бері үкіметтік емес сектормен 297 ұйым және 14 мың азаматты біріктірген Ашық келісім және «Азаматтық бақылау» жобалары Ақтөбе облысында жүзеге асырылуда.
Агенттіктің бастамасымен оқушыларға арналған тәрбие жұмысының концепциясы бекітілді, соның нәтижесінде жалпы білім беретін әрбір мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды.
Бүгінде облысымызда 381 өз ерікті клуб ашылып, тіркелген оқушылардың 21 мыңнан асады. Ағымдағы жылдың сәуір айында бірінші рет олардың облыстық слеттері өткізілді және бұл слет бүкіл облысымыздың клубтар қызметінің бірыңғай бағытын әзірлеуге мүмкіндік берді.
Жоғары оқу орындарыменде өзара іс-қимыл жолға қойылған. Облысымыздың барлық азаматтық ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пән оқытылуда.
Бизнестің мүдделерін қорғауға елеулі мән беріледі. Департамент және «Атамекен» ҰКП бірлесіп денсаулық сақтау және көліктік бақылау саласында өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау нәтижесінде 43 ұсынымдар берілді.
Департаментпен денсаулық сақтау саласында өткізілген талдау нәтижесінде психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде анықтамалардың құны 53% төмендетілгенің атап айтқаны жөн (1048 теңгеден - 500 теңгеге).
Агенттік пен "Нұр Отан" партиясының арасындада дәл осындай бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
Жалпы айтқанда, Департамент жыл басынан бастап 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау өткізіп, оның ішінде 13 мемлекеттік мекемелер, 89 ұсынымдар берілді. Қазіргі таңда 77 % орындалды (69).

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуын бағалау және сыртқы талдау бойынша арнайы мониторингтік топтың қызметінің нәтижесі туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның Ақтөбе облысы бойынша орындалуын бағалау және сыртқы талдау бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшесі С.Ж.Барышев хабарлама жасады.

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30