• 181017

    2017 жылғы 17 қазанда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысымен бірлескен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының партиялық тыңдауы өтті

  • 111017

    2017 жылғы 10 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 080917 правопорядок

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалығымен өтті

  • 080917 13 сессия

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті

  • 310817 прием

    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

  • 310817 комиссия

    2017 жылғы 29 тамызда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aktobeoblmaslihat.kz/public_html/images/310817komissiya
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/310817komissiya

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 29 тамызда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №22 Мәртөк  сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркеповтің төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақтөбе облысындағы дене шынықтыру мен спорттың жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» мәселе бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Мейірханұлы Жүсіпов хабарлама жасады.


Спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қала халқының 27 пайызын құрайды.
Бұқаралық спортты дамыту бағытында облыста өткізілетін дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді.   Жыл басынан бері облыстық деңгейде 79, ҚР чемпионаттар 12, халықаралық 5 турнирлер мен спорттық жарыстар өткізілді.
2017 жылы Ақтөбе облысында төмендегідей  ҚР чемпионаттары мен ҚР Кубогы өткізілді.
«Ақбидай» ауыл спорт ойындары 3 кезеңнен тұрады. Олар  1-ауылдық 2 -  аудандық және 3 облыстық кезеңдерінен тұрады.
Ақтөбе облысында 2017 жылдың 11-16 қыркүйек аралығында «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының Республикалық ақтық сайыстары өткізіледі.
Мамыр айында «Қазақстан Барысы» атты іріктеу турнир өткізілді. Абсолюттік салмақта 23 палуан қатысты.
Бұқаралық спорт түрлерімен жүйелі айналысу – үлкен спортқа алғашқы баспалдақ. Жыл басынан бері спорт түрлері бойынша 4 спортшы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындаса, 182 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер нормативін, 38 спортшы І-разряд нормативін орындады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының құрама командасына  294 спортшы енді.

{gallery}310817komissiya{/gallery}

Бұқаралық спортты дамытуда соңғы жылдары нақты жұмыстар жүргізілуде. Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру, спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту мақсатында басқармаға қарасты мекемелерде спорт секциялары ақысыз негізде жүргізіледі, сонымен қатар оқу-жаттығу процесінен бос кезде, сағат 20.00-ден 21.30-ға дейін тұрғындар үшін спорт түрлері бойынша шұғылдану мүмкіндіктері қарастырылған.
Жеке тұлғаларға қарайтын спорт клубтарымен қолданыстағы  спорт нысандарын студенттер, зейнеткерлер және аз қорғалған тұрғындарға спортпен шұғылдану үшін ақысыз немесе жеңілдетілген түрде ұсыну үшін келісім бар.
Қазіргі күні облыстағы 1670 әр түрлі спорттық нысандарда тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер қарастырылған.
Салауатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста.
Аймақтық спорт газеті «Спорт жұлдыздар », «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Диапазон», «Эврика», газеттерінде, «Қазақстан-Ақтөбе», «РИКА» телеарналарында облыс спортының жәй-күйі жетістіктері мен проблемалары үнемі көтеріледі.
 «РИКА» телеарнасындағы спорттық бағдарламалары өте жоғары, кәсіби спорттық бағдарламалар деп айтуға, сондай-ақ аймақтық спорт газеті «Жұлдыздармен жүздесу» облыс спортының айнасы деуге  болады.
Халықты салауатты өмір салтына тартуға, дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдануға тартуға арналған ақпараттық бағдарламалар әзірлеу мақсатында «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасымен жұмыс жүргізуде.  
2017 жылдың 25 сәуір – 25 мамыр аралығында облыс бойынша Президенттік  тест нормотивтерін қабылдау айлығы өткізілді. (Барлық қатысқандар саны 184 705)
Сонымен қатар, 2017 жылғы 29 маусым – 1 шілде аралығында сынақтан өткізу бойынша облыс чемпионаты өткізілді.
Президенттік  тест нормотивтерін қабылдау айлығына облыстың барлық аудандарының мектеп оқушылары мен колледждер және ОБЖСМ спортшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Футбол қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылатын «Былғары доп» жарысына Ақтөбе облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары жыл сайын белсене қатысады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының орындалу барысы туралы» жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Орынбасарұлы Отаров хабарлама жасады.
Өңірде Жұмыспен қамту мәселелерін шешу мақсатында, Ақтөбе қаласы және аудандар бөлінісінде 2017 жылға Кешенді жоспар әзірленді. Жұмыспен қамту шараларымен 31,1 мың адамды қамту жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылдың 25 тамызына Кешенді жоспардың орындалуы  72%-ды немесе 22 424 адамды құрады,  соның ішінде:
    I.  Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылатын 321 жобаға 2404 адамды (Нұрлы-жол - 1102 адам 48 жобаға, МИИДБ - 47 адам 6 жобаға, Агробизнес 2020 - 113 адам 49 жобаға, Бизнес жол картасы- 64 адам 20 жобаға, Өнірлерді дамыту-374 адам 28 жобаға, Аумақтарды дамыту-704 адам 170 жобаға) жұмысқа орналастырылуы жоспарланды.
Есепті кезеңге 252 жобаға 1657 адам жұмысқа орналастырылды немесе 69%. (Нұрлы-жол 889 адам 47 жобаға, МИИДБ - 16 адам 3 жобаға, Агробизнес 2020 - 67 адам 31 жобаға, БЖК – 29 адам 9 жобаға, Өңірлерді дамыту-132 адам 23 жобаға, Аумақтарды дамыту-524 адам 139 жобаға)             
II. Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан жұмысқа орналастыру (бос жұмыс орындарына) – 13 134 адам жоспарланды,   7856 адам немесе 56% жұмысқа орналастырылды.
III. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыруға 4,8 млрд.теңге бөлінді, а.ж. 1 тамызына 2,8 млрд.теңге игерілді.
Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету». Бұл бағытқа барлығы 598,1 млн.теңге бөлінді, 142,1 млн.теңге игерілді.   
     Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 1085 адамға 255,6 млн.теңге бөлінді.    
Сонымен бірге, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша 757 адамды  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 194,4 млн.теңге бөлінді, 97,6 млн.теңге игерілді.
Қазіргі таңда, оқыту 31 колледжде 34 мамандық бойынша жүзеге асырылуда.
«Атамекен» ҰКП–мен  «Бастау-Бизнес» пилоттық жобасы облыстың  6 ауданында  іске асырылуда.  Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін арнайы тренерлерді, табысты және тәжірибелі бизнесмендер тартумен 1125 адамды оқытуға 102,1 млн.теңге жоспарланып, бүгінгі күнге  790 адам оқуға жіберілді, оның ішінен 507 адам оқуын аяқтап, сертификаттарын алды немесе 45,1%. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтағандардың ішінен 103 адам шағын несие алды немесе 20,3%.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту». Бұл бағытқа 999,2 млн.теңге бөлінді, 457,9 млн.теңге игерілді. Оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындарына - 638 адамға 164,0 млн.теңге. Есепті  кезеңде облыстың 309 кәсіпорындарына 733 адам  жұмысқа орналастырылды, 77,1 млн.теңге игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын аяқтаған 379 адамның ішінен 173 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, немесе 45,6% құрайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың орташа еңбекақысы 50 385 теңгені құрайды.
- Жастар тәжірибесіне - 848 адамға 332,5 млн.теңге. Есепті  кезеңде облыстың 382 мекемелеріне 930 адам жұмысқа орналастырылды, 177,2 млн.теңге игерілді. Жастар тәжірибесін аяқтаған 696 адамның ішінен 315 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, немесе 45,3% құрайды. Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасқандардың еңбекақысы 56 725 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеуге 502,7 млн.теңге қаралды, 203,6 млн.тенге игерілді немесе 40,5%. Бүгінгі күні 11 білім беру нысанының ішінде 7 нысан бойынша  жөндеу жұмыстары аяқталды, қалған нысандар бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Құрылған уақытша жұмыс орындарына 251 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамаларымен 128 адам қатысуда.  
IV. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысқа орналастыруға барлығы 10 268 адамға 1154,7 млн.теңге бөлінді.
Бүгінгі күнге, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында облыста 63 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Өткізілген жәрмеңкерлердің нәтижесінде 2554 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз етілді, соның ішінде: 733 адам – тұрақты жұмысқа орналасты, 908 адам – қоғамдық жұмыстарға, 378 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 337 адам - Жастар тәжірибесіне, 198 адам қысқа мерзімді оқытуға және 1345 кеңес алды.
    Аталған мәселе бойынша - білім басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ғалымжанұлы Бегімбетов хабарлама жасады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес - техникалық және кәсіптік білім беру сондай-ақ, қысқа мерзімді оқытумен қамтамасыз ету белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Бұл бағыт бір мезгілде «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасын қоса отырып, келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:
Осы жобаны іске асыру үшін 2017-2018 оқу жылына Мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы жұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды даярлауға 1085 орынға қаражат қарастырылған.
Білім басқармасымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде еңбек нарығына қажетті жаңа 14 мамандық бойынша Лицензиялар алынды.
Биылғы оқу жылында аталған Бағдарлама бойынша білім беру екі деңгейлі модульдік-құзыреттілік тәсілімен оқытуды көздейді, яғни студент екі немесе бірнеше біліктілік бойынша жұмысшы мамандығын тегін алады, одан кейін өзінің қалауы бойынша орта буын маманы ретінде конкурстық негізде оқуын жалғастыруына мүмкіндігі бар.
Қысқа мерзімді білім беру бағдарламасына 31 мамандық бойынша білім беретін 28 колледж қатысады.  Барлық оқу орындары қажетті оқу құжаттарын толығымен әзірлікке келтіріліп, арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік білім беру шеберлерінен тұратын, білікті инженерлік-педагогикалық кадрлар құрамы дайын. Бүгінгі таңда қысқа мерзімді білім беру бағдарламасы арқылы 1055 студент әр түрлі мамандықтар бойынша оқытылды.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдарға білім беруді Мобильді оқу орталықтары қамтамасыз етеді.
Аталған мәселе бойынша - кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Асқар Аманкелдіұлы Көкеев хабарлама жасады.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруға ағымдағы жылы 608,1 млн.теңге қарастырылды, соның ішінде:
- қалалардағы кәсіпкерлерді микрокредиттеуге – 545,1 млн.теңге;
- микрокредиттерді кепілдендіруге – 63,0 млн.теңге.
Ақтөбе қаласы мен Хромтау моноқаласында микрокредиттер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы қорландырылатын Екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі.
Микрокредиттеу Ақтөбе қ. және Хромтау моноқаласының кәсіпкерлік субъектілеріне жылдық 6%-бен 8 000 АЕК дейін көлемде жеңілдетілген кредиттер алуға мүмкіндік береді.
Кепілдікпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге «Даму» қоры арқылы берілетін кепілдендіру құралы мүмкіндік береді. Бұл бойынша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 85 %-ға дейін, жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге 50 %-ға дейін кепілдік ұсынылады.
«Даму» қоры ақпаратына сәйкес, микрокредит беруші 5 банк анықталды: «Нұрбанк» АҚ (238,1 млн.тг.), «АТФбанк» АҚ (50 млн.тг.), «Сбербанк» АҚ ЕБ (100 млн.тг.), «Фортебанк» ( 107,0 млн.тг), «Казкомбанк» (50 млн.тг.)
Бүгінгі таңда облыстық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 4 этап өтуде, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда 507 адам оқытылып сертификаттар табысталды. Онын ішінде 121 проект қаржыландырды.
Жылдың соңына дейін 618 адамды арнайы тренерлерді, табысты бизнесмендерді және практиктерді жұмылдыру арқылы оқыту жоспарлануда.
Бастамалары бар халықты Ақтөбе облысында «Бастау-Бизнес» жобасының басталуы туралы хабардар ету мақсатында, Біздің тараптан кәсіпкерлер палатасымен бірігіп БАҚ арқылы жұмыс топтардың ауылдық округтермен, аудан орталықтарына шығумен белсенді түсіндіру жұмыстары жүргілуде.
Аталған мәселе бойынша - ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Іскендірұлы Сарсембай хабарлама жасады.
Бүгінгі таңда, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен және Аграрлық несие корпорациямен қаражаттың көлемі келісіліп несие шарттары жасалынды. Бөлінген қаржының 60% (1 349 557 мың теңге)  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  және  40% (941 443 мың теңге) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бөлінді.
Жұмыссыз және өнімсіз жұмыспен қамтылған халықтың кепілзат мәселесін шешу мақсатында микрокредиттерді кепілдендіру көзделген. Кепілгер ретінде қалаларда «Даму» КДҚ» АҚ, ауылдарда «Қазагрокепіл» АҚ белгіленді. «Қазагрокепіл» АҚ және Ауыл шаруашылығы басқармасы арасында несиелерді кепілдендіру туралы келісім шарт жасалынды.
Сонымен бірге, бұл жаңа бағдарлама бойынша жаңа ашылған кәсіпкерлерді несиелеу барысында 85% дейін және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерге 50% дейін кепілдеме беріледі. Кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алуға осы механизмді («ҚазАгроГарант» АҚ) пайдалануға болады. Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы барлық аудандар бойынша дайындалуда. Бағдарлама шеңберінде қолдау көрсету құралдарын насихаттау мақсатында «Ақтөбедегі десант» жобасы аясында, халыққа ақпарат беру үшін басқарма қызметкерлері Ақтөбе қаласына және аудандарға шығып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі күнге қаржы институтары 1 300,6 млн.теңгеге 281 несие берілді, соның ішінде: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 858,8 млн.теңге 224 несие; «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – 441,8 млн.теңге 57 несие.

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.