• 181017

    2017 жылғы 17 қазанда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысымен бірлескен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының партиялық тыңдауы өтті

  • 111017

    2017 жылғы 10 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 080917 правопорядок

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалығымен өтті

  • 080917 13 сессия

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті

  • 310817 прием

    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

  • 310817 комиссия

    2017 жылғы 29 тамызда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 28 тамызда облыстық мәслихатта, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Мавр Ерғалиұлы Абдуллин, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов, Қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Далабайұлы Елубаев, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Ақтөбе қаласының аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жасалған жұмыстар және дамыту келешегі туралы» Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Н.С.Алдияров хабарлама жасады.
Ақтөбе қаласы бойынша жасыл екпелердің жалпы ауданы 43 000 га құрайды, оның ішінде жалпақ жапырақты, шегіршін ағаштары, өмір сүру ұзақтығы 55-60 жылды құрайды.
2008 жылдан бастап қазіргі таңда дейін бюджеттен бөлінген қаражатқа 594 796 дана ағаштар мен бұталар отырғызылды, сонымен қоса жасыл белдеу бағдарламасы шеңберінде қала аумағында 559 358 дана көшет отырғызылса, оның ішінде 25 216 данасы қылқан жапырақты көшеттер.
Ағымдағы жылы көктем жаз кезеңдерінде қаланың орталық көшелері Абай даңғылы, Ә.Молдағұлова даңғылы, Батыс-2 мөлтек ауданы бойымен жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ағаштарды тамырымен отырғызу жұмыстары жүргізілді. Жалпы 950 ағаш отырғызылса, оның 335 данасы шырша, 615 данасы жапырақты (емен, шетен, талшын, үйеңкі және жөке) ағаш түрлері отырғызылды. Богословка тас жолы бойымен жалпы ауданы 1029,3 га құрайтын орман қорғаныш жолақтары төселді.
Көктем айларында механикаландырылған тәсілмен 450 000 көшет (шегіршін, үшкір жемісті жиде, шаған, үйеңке, қарақат, долана және т.б.) қылқан жапырақты 25 000 кәдімгі қараағаш отырғызылып, қазіргі таңда күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде, қалған көшеттер күз мезгілінде отырғызылатын болады.
Қала аумағы бойынша көгалдардың біріңғай базасын құру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Батыс Қазақстандағы филиалы «Қазақ орман шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты» ЖШС келісім жасалды.
Бірінші кезеңде қала аумағы бойынша 7 учаске бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Олар 5 мөлтек аудан, 8 мөлтек аудан, 11,12 мөлтек аудандары, Болашақ және Авиагородок мөлтек аудандары.
Ағымдағы жылы гүлзарлардың жалпы ауданы 419 мың кв.м, көгалдар 136,7 мың кв.м құрайды. Гүлзарларды отырғызу және көгалдарды егу мақсатында «Табыс – Ақтөбе » ЖШС – пен қаражат көлемі 426 млн теңге құрайтын келісім – шарт жасалынды, аталған жұмыстар аяқталу үстінде, сонымен қатар ағымдағы жұмыстар (суару, түптеу қысқарту) жүргізілуде, шілде айында отырғызылған алқаптар бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, агротехникалық іс - шаралар жүргізу жөнінде ескертулер таратылды.
Жасыл желектерді техникалық сумен қамтамасыз ету мақсатындағы қала аумағы бойынша 20 ұңғыма бар, оның ішінде 6 ұңғыма су асты және жер үсті суару жүйесіне қосылған. Сонымен қоса 8 ұңғыма су тасу машиналарын толтыру үшін суқұйғыштармен жабдықталған.
Шыбын – шіркейлерді азайту мақсатында оларды көбейетін және көп орналасатын жерлерінде, сонымен қатар қала маңындағы өзендерде (Сазда өзені, Елек өзені, Қарғала өзені, Қисық өзен, Песчанка өзені) дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
312 атқыштар дивизиясы даңғылы, М.Оспанов көшесі, Ғ.Жұбанова көшесі, Тайбеков көшесі бойымен металл тіреулерді және энергия үнемдейтін шамдарды орнату бойынша конкурстар аяқталуда.
Қаламыздағы орталық даңғылдарда декоративті жарық шамдарын орнату жұмыстары одан әрі қарай жалғастырылуда.

Сонымен қоса 34 автобус аялдамасын орнату жоспарлануда.
Бау бақша ұжымдарында су тасқынын болдырмау мақсатында Сазды өзенін тазарту және Сәңкібай батыр даңғылынан Сазды су қоймасына дейін жағаны бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Ақтөбе қаласының әкімі депутаттардың абаттандыру, көгалдандыру, гүлзарлар мен бақтар ашу, сондай-ақ көше жолдарын жөндеу бойынша сұрақтарына жауап берді.

Екінші мәселе «Ақтөбе облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сауданы дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары туралы» ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Іскендірұлы Сарсембай хабарлама жасады.
Ағымдағы жылы егіс ауыл шаруашылығы дақылдардың барлық егіс алқабы 2016 жылмен салыстырғанда 88,4 мың гектарға артық егіліп 656,0 мың га құрады.
2017 жылдың 6 айында облыс бойынша 32,9 мың тонна ет, 154,2 мың тонна сүт өндірілді. Оның ішінде 11,8 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт қайта өңделді. Қайта өңдеу үлесі ет бойынша 35,8%, сүт бойынша 34,1% құрады. Бүгінгі күні облыста отандық азық-түлік тауарларымен қамтылуы деңгейі 80% құрайды.
Облыс тұрғындарын өзімізде өндірілетін өнімдермен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғындарды маусымаралық кезеңде көкөніспен толық қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы жалпы аумағы 9,5 гектар жерге, жылдық қуаттылығы 6000 тонна жылыжай кешенін салынды. 2017 жылдың соңына дейін қосымша 14,4 гектарды құрайтын жылыжайдың құрылысы басталады деп жоспарлануда.
Ақтөбе қаласы мен облыс халқының сүт өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы «Айс+» ЖШС сүт зауыты қайта жарақтандырылып, өнім ассортиментін 40 түріне көбейтті.
Облыс халқын құс етімен толығымен қамтамасыз етіп, экспорт әлеуетін арттыру үшін 2016 жылдың аяғында «Аққұс» құс фабрикасының қуаттылығын арттыру мақсатында кеңейту және қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қуаттылығы 5000 тонна құс етін және 70,0 млн. дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары салу жоспарланып отыр («АПК Запад» ЖШС, «Ұлан» құс фабрикасы).
Аталған нысандар іске қосылып, толық қуаттылыққа шыққанда облыс 19 әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің 15-мен (қарақұмық, күріш, қант, ас тұзынан басқа) өз өндіріс есебінен толық қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні 114 етті және сүтті бағытта, 5 көкөніспен айналысатын және 5 дәстүрлі емес саламен (ешкі, бөдене ара және балық), 47 аралас бағытта, барлығы 171 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Аталған кооперативтер биыл 525 тонна ет, 1292 тонна сүт, 80 тонна өзге өнімдер өндірді.
Қазіргі таңда аталған тапсырмаға сәйкес жыл басынан бүгінгі күнге дейін 73 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 14 сүт қабылдайтын пункттерін, 14 сүт таситын, 11 ет таситын көліктермен, 16 мал сою бекеттерімен қамтамасыз етіліп, 3 364 басқа арналған жанұялық мал бордақылау алаңдары құрылды.
Биылғы жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кооперативтерге 2,3 млрд.теңге және АШҚҚ жарғы капиталынан 2,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражат кооперативтер және кооператив мүшелеріне беріліп, қажетті жабдықтар, техникалар, етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды малдар сатып алынуда.
Бүгінгі күнге көрсетілген қаражаттың 4,1 млрд. теңгесі немесе 89% игерілді. Бұл жұмыс одан әрі жалғасуда.
Өңіраралық кооперация аясында басқа облыстардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын Ақтөбе облысына тікелей жеткізу жұмыстары бойынша 2017 жылдың 7 айында басқа өңірлерден – 3,6 млрд. теңгені құрайтын 12,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері және 4,4 мың бас ауыл шаруашылығы малдары жеткізілді.
Облыста өндірілген өнімдерді басқа өңірлерге жеткізу бойынша облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылы 7,7 млрд. теңгенің 20,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері және 8,3 мың бас ауыл шаруашылығы малдары республиканың басқа өңірлеріне жеткізді.

Аталған мәселе бойынша кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Нұрлыбекқызы Даржанова қосымша хабарлама жасады.
Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша облыста бөлшек тауар айналым көлемі 292,0 млрд тг. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,6 құрады.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 51,5, азық-түлік емес тауарлар – 48,5 құрады. Азық-түлік тауарларын сату көлемі 2016 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда азық-түлік емес тауарлар – 4,4 артты, азық-түлік емес тауарлар – 4,4 ға төмендеді.
Өткен жылдың аяғында «Шебер» гипермаркеті мен көлік-логистикалық орталығы пайдалануға берілді, «Мечта» дүкені ашылды, ол Қазақстандағы тұрмыстық техниканы сататын жетекші бөлшек желілерінің бірі және Жаңақоныс ауылында «Дина» супермаркеті ашылды.
Биылғы жылы «Болашақ» мөлтек ауданында «Дина» және «Шанхай» мен «Нұр Ақтөбе» аудандарында «Анвар» жедел-маркеті ашылуы, «Заречный» сауда ойын-сауық кешені, Крепёж франчайзингтік желісінің алғашқы дүкені, «Burger King» халықаралық желісінің 2-ші мейрамханасының ресми ашылуы болды, сондай-ақ «KFC» халықаралық желісінің мейрамханасының құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, Батыс-2, Батыс-3 және Нұр-Ақтөбе аудандарында заманауи сауда нысандарын салуға әлеуетті инвесторлар бар.
Ақтөбе облысында «Анвар», «Дина» супермаркеттер желісі жыл сайын әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда маркасын қолдану туралы 10-дан аспайтын Меморандумға қол қояды. Облыста 715 кәсіпорынмен 530 меморандумға қол қойылды.
Апта сайын өңірлік және аймақтық ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Жыл басынан бері облыста 213 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда жалпы құны 447,8 млн теңге болатын 864 тонна ауылшаруашылық өнімдері сатылды, бұл нарық бағасынан 10-15% төмен.
Облыста халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін 160 әлеуметтік орталық, 2 әлеуметтік дүкен және 2 комиссиялық бөлім бар. «Нұр Ақтөбе» және «Батыс-2» ықшам аудандарында әлеуметтік дүкендер ашылды.
Ақтөбе облысында қаланың тығыз қоныстанған аудандарында «Табыс» 1 коммуналдық базары, 7 қалалық шағын базары, 3 сауда алаңы, 10 әлеуметтік павильон бар, онда жергілікті өндірушілер мен фермерлердің азық-түлік өнімдері делдалсыз сатылады.
Жалпы, жағдай жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында, ішкі нарықта азық-түлік жеткілікті, бағаның өсуі және тапшылық байқалмайды.

Үшінші мәселе бойынша «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 шешімінің орындалу барысы туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады.
Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы, Елбасының Жарлығына сәйкес әзірленген және облыстық мәслихат шешімімен бекітілген.
Бағдарламаның мониторингі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен, ай сайын Бағдарламада қарастырылған нысаналы индикаторлар бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, Бағдарлама 106 нысаналы индикатор көзделген 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде а.ж. бірінші жартыжылдығында 30 индикаторлардың немесе 28,3%, жылдық көрсеткіштерге кол жеткізілгендер, 56 индикаторлар немесе 52,8%, бойынша ішінара орындалған (жылдың қорытындысы бойынша орындалуы күтілуде), 20 индикатор бойынша (19%) қол жеткізбеу қаупінде.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша АДБ 6-бағыттарын жүзеге асыру мынадай түрде қалыптасқан:
- «экономика» бағыты бойынша, барлығы 27 индикатор, қол жеткізілгендер 11 индикатор (41%),15 индикатор бойынша (56%) а.ж. жылдың аяғына дейін жылдық болжамға қол жеткізіледі.
- «әлеуметтік сала» бағыты бойынша барлығы 35 индикатор, оның ішінде 13 индикаторлар бойынша (37%) жылдық жоспар көрсеткіштеріне кол жеткізілгені белгіленді, жылдың аяғына дейін 21 индикатор (60%) орындалады, бірақта «15-28 жастағы жастардың жалпысанындағы NEET үлесі» (түсініктеме: студент емес, жұмыс ізденуші емес, жұмыста жоқ) көрсеткішінін орындалмау қаупы бар (жоспар – 8,4%, нақты – 8,6%).
- «қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» бағыты бойынша барлығы 5 нысаналы көрсеткіш, оның ішінде қол жеткізілгендер – 3, ішінара орындалғандар– 1, қол жеткізбеу қаупінде 1 нысаналы индикатор: «көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы» (жоспар- 26%, нақты - 26,1%).
О.М.Смағұлов одан әрі «инфрақұрылым», «экология және жер ресурстары», «мемлекеттік қызметтер», бағыттары бойынша нысаналы индикаторлармен таныстырды.
Бағдарламаның мақсаттарына жету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, орындалуына қол жеткізу бойынша жоспарланған іс – шаралар есебімен көрсеткіштердің жоспарлау тәсілін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдануда.
Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.