• 15 сессия

    2017 жылғы 08 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 061217-2

    2017 жылғы 6 желтоқсанда облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • Д.А.Р

    Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова «Д.А.Р.» волонтерлер клубының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға қатысты

  • 061217

    2017 жылғы 05 желтоқсанда құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық және қалалық кәсіпкерлік басқармасының, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары бар, бейберекет сауда орындарын анықтау және жою бойынша Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауданың проблемалық орындарын тексерді

  • 041212

    Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ақтөбе облыстық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді

  • 021217

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

2017 жылғы 08 қарашадан бастап облыстық мәслихатта (201 бөлме), облыстық бюджетті қарау бойынша Жұмыс тобының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылға арналған бюджеттік шығыстарының жобалары туралы» мәселені бірлесе қарау отырыстары басталады.

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 25 тамызда облыстық мәслихатта, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы ЕРҒАЗИНАНЫҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, ауыл шаруашылығы саласының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысында ветеринарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы» мәселе бойынша ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Құрманғалиұлы Қанатбаев хабарлама жасады.
2014 жылғы 10 қарашадан бастап мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторлардың кей функциялары жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілді, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде бақылау және қадағалауды жүзеге асыру:
Кәзіргі таңда Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық анықтамаларды Біріңғай Автоматтандырылған Басқару Жүйесі арқылы беру қолға алынып, барлық үлгідегі ветеринариялық анықтама міндетті түрде электронды нұсқада берілуі қатаң бакылануда.

Ауыл шаруашылығы малдарының ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз қозғалысына, облыс көлемінде эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстау мақсатында аудандық ветеринариялық бөлімшелерінің және ветстанса мал дәрігерлері, пункт меңгерушілерінің қатысуымен барлық ауылдық округтер мен елді мекендерінде рейдтер ұйымдастырып, сыртқа шығарылған немесе сырттан әкелінген ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы есептен шығару және есепке алу ветеринариялық бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп облыс көлемінде тірі малдар мен ет тұшаларының ілеспе құжаттары рейдтер жүргізу арқылы тексерілді. Оның нәтижесінде 12 тұлғаға сомасы 272 280 тенге айыппұл салынды.
2017 жылдың 7 айындағы жағдай бойынша Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында 79 арнайы мал сою орындары рәсімделген (5 ет өңдеу кәсіпорындары, 18 мал сою пункттері, 56 мал сою алаңдары). Жыл басынан мал сою орындарында 7 айдың қорытындысына сәйкес 20 628 бас ірі қара, 13 663 бас қой-ешкі, 3 185 бас жылқы, 269 бас түйе 47 718 бас шошқа сойылып, яғни ветеринариялық -санитариялық сараптамадан өтті.
Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында облыс бойынша бекітілген жылдық жоспарға сәйкес бүгінгі күні: 936 907 бас ауыл шаруашылығы малдары сібір жарасына қарсы, 85 200 бас пастереллезге, 157 290 бас мүйізді ірі қара малдары қарасан ауруына қарсы, сонымен қатар басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияланып, диагностикалық зерттеу жұмыстары толығымен орындалды.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында бруцеллез ауруына шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарлардың иелеріне 2117 нұсқама берілді уақытылы, дер кезінде жойылды. Бруцеллезге оң нәтиже берген малдар арнаулы мал сою орындарында сойылды, ал ұсақ малдар қайта өңдеу мекемелеріне тапсырылады.
Жыл басынан аудандар орталығында және Ақтөбе қаласында ішкі сауда обьектілеріндегі жануарлардан алынатын ет және басқа тамақ өнімдері ветеринариялық – санитариялық сараптамадан өткізуіне аудан-қала әкімшілігі жанынан құрылған ветеринария бөлімшелерінің – мал дәрігерлері 10 523 жолдама берілді.
Қоршаған ортаны ветеринарлық-санитарлық талаптарға сақтау және өлген мал ұшаларын жою үшін облыс бойынша 171 мал қорымы бар, оның 42– сі типті, ал 129 –ы қарапайым, ағымдағы жылы 8,1 млн бюджет есебінен бөлініп тағыда Қарғалы, Қобда, Мартук аудандарында салынбақшы.
Жоспардан тыс өзге нысанда 20 өндіріс объектілерімен сақтау қоймаларына тексеру жүргізіліп 11 заңды тұлғаларға және 9 жеке кәсіпкерлерге ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді. Қорыта келгенде, атқарылып жатқан ветеринарлық бақылау және қадағалау шараларының барысында облыстағы ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Аталған мәселе бойынша Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Райлан Қарабайқызы Досқұлова қосымша хабарлама жасады.
Мемлекет тарапынан мал ауруларының алдын – алу және диагностика жасау мақсатында жасалған ветеринариялық іс – шаралар жоспарын орындау үшін жыл сайын республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді.
Ағымдағы жылы эпизотияға қарсы іс – шараларды қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша облыстық бюджетке 666 млн. 690 мын теңге қаражат бөлінді.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің орталықтандырылған қоймасынан келіп түскен ветеринариялық дәрі – дәрмектерді уақытша сақтау үшін Ақтөбе қаласында Франко – склад орналасқан. Аталмыш қоймадан Ауыл шаруашылық Министрлігінің разнорядкасі бойынша ветеринариялық дәрі – дәрмектер төрт облысқа таратылады, бұл Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс – Қазақстан облыстары.
Ветеринариялық алдын–алу және диагностикалық зерттеу жұмыстарының жоспары 7 айда толығымен орындалды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық және үй жануарларының құтыру, листериоз, лептоспироз, пастереллез, сібір жарасы, күл, қарасан, шешек ауруларына қарсы егу жұмыстары, туберкулезге қарсы аллергиялық зерттеу, эхинококкоз қарсы дегельминтизация жасалды.
7 айда бруцеллезге 331 098 бас ірі қара малы тексеріліп, оның ішінде оң нәтиже бергені 3091 бас, жұқтыру пайызы – 0,9% құрады.
Ұсақ қара малдарынан 694 648 бас тексеріліп, оның ішінде оң нәтиже бергені 1347 бас, жұқтыру – 0,2% құрады.
Ақтөбе облысы аумағында бір типті модульді алты халықаралық стандарттарға сай ветеринариялық зертханалар салынды: біреуі Ақтөбе қаласында облыстық ветеринариялық зертхана және бесеуі аудандық ветеринариялық зертханалар.
Аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтары тіркелген жағдайда оларды жоюмен РМК «Республикалық эпизооияға қарсы отрядтың» Ақтөбе филиалы айналысады.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ветеринариялық бақылауға жататын импортталған жүктерден 208 сынамалар алынып, ветеринариялық нормалар мен талаптарға сай келетіндігін анықтау мақсатында ҚР АШМ ВБжҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана»-ның Ақтөбе облыстық филиалына жіберілді.
Астана қаласында орналасқан «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық»-қа бекітілген жоспарға сай; сиыр еті, жылқы еті, қой еті, тауық еті, сүт және тауық жұмыртқасынан 526 сынама жөнелтілді.
2017 жылдың 7 айында Ақтөбе қалалық және аудандық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тарапынан, ветеринария саласы бойынша заңнамаларды бұзғандары үшін 7 нұсқама беріліп, 96 әкімшілік айыппұлдар салынған, жалпы сомасы 2 700 110 тенге құрайды.
Аумақта эпизоотиялық ахуалдың қолайлылығын қамтамасыз ету, жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы мен Орынбор облысының ветеринариялық және фитосанитариялық Федералдық Басқармасымен (Россельхознадзор) өзара әрекеттесу жөнінде Келісім жасалды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша транспорттық бақылау инспекциясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызыметі «2030» әскери бөлімі арасында ветеринария саласында жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатының тасымалы кезінде өзара бірлесіп жұмыстар атқаруды қамтамасыз ету үшін Меморандум жасалды.
Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары бірқатар сұрақтар қойып, ескертулері мен ұсыныстарын айтты. отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.