• 080917 правопорядок

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалығымен өтті

  • 080917 13 сессия

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті

  • 310817 прием

    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

  • 310817 комиссия

    2017 жылғы 29 тамызда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 290817

    2017 жылғы 28 тамызда облыстық мәслихатта, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 30 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының жалпы отырысына №10 Абай сайлау округінен депутат Асхат Абдрахманұлы АЙТЖАНОВ төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


«Ақтөбе облысындағы білім жүйесінің жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» мәселе бойынша білім басқармасының басшысы Сәуле Рахымқызы Өмірбекова және Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанна Тілеуқызы Қайшығұловаға баяндама жасады.
2016 жылы облыстық білім беру саласына 66,8 млрд.теңге қарастырылды. Оның ішінде 6,3 млрд.теңге облыстық білім беру ұйымдарына, 4,4 млрд.теңге даму бюджеті (құрылыс, қайта жөндеу т.с.с.), республикалық бюджеттен 7,1 млрд.теңге, қалалық және аудандық бюджеттен 48,8 млрд.теңге қарастырылды. 2017 жылдың басына білім беру саласын қаржыландыру 80,2 млрд.теңгені құрады.
Қазақстан Респубикасының 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылы облыста 4655 орындық 41 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Соңғы 3 жылда жеке балабақшалар саны 3 есеге - 25-тен 78-ге көбейді. Қазіргі таңда облысымызда 561 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 313 балабақша және 248 шағын орталық қызмет атқарады.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 862 орындық 10 мектепке дейінгі ұйым, соның ішінде Ақтөбе қаласында 687 орындық 7 МДҰ ашылды. Ашылған 10 балабақшаның 9-ы жеке, 1-еуі мемлекеттік үлгіде жасалған.
Облыстың 415 орта білім беретін мектептерінде 129,0 мыңнан астам оқушы білім алуда. 2016 жылы 2420 орынға 6 жаңа мектеп іске қосылды.
2016 жылы 1840 орындық 4 мектептің құрылысы басталса, 2017 жылы Ұлттық қор есебінен 5440 орынға 10 мектеп құрылысы басталды.
2016 жылы облыс мектептеріндегі компьютерлер саны 584 бірлікке көбейіп, компьютерлік паркті жаңартуға облыс бойынша 156,0 млн теңгеден астам жұмсалды. Сонымен қатар, 2016 жылы шағын жинақталған мектептердің базасын нығайту мақсатында 108 мектепке 216 комплект интерактивті құралдар сатып алуға трансферт бөлінді.
Ақтөбе облысы бойынша 41 техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары,оның ішінде 24 мемлекеттік, 17 мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс жасауда. Техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы контингенті 27697 оқушыны құрайды, оның ішінде 21255-сі күндізгі оқыту формасында білім алуда. Мемлекеттік тапсырыспен 12857 оқушы білім алуда.
2016 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 6350 түлек бітірді (күндізгі бөлім бойынша), оның ішінде жұмысқа орналасқаны – 4520 (71,2%), сонымен бірге ЖОО-да, колледждерде оқуды жалғастырғандары, Әскер қатарына шақырылғандары және т.б. – 963 (15,2%), жұмысқа орналаспағандары 867 (13,6%).
Дуальды оқыту жүйесі бойынша Ақтөбе облысының 23 колледжі 88 кәсіпорындарымен бірлесіп 1752 студентті 27 мамандық бойынша бірлесе дайындауда.
Аталған мәселе бойынша шешім қабылдау барысында депутаттар, білім басқармасына білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып нығайту және жаңарту бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін енгізу, үш ауысымды мектептердің санын азайту бойынша шараларға бақылауды күшейту, қосымша білім беру желісін дамыту, білім беру ұйымдарын оқулықтармен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, мектептерде бірыңғай мектеп киім үлгісін кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндіктерін қарастыру туралы ұсыныстар берді.
Білім саласындағы бақылау департаментіне білім беру саласында мемлекеттік бақылауды өткізу, білім беру саласын лицензиялау, білім беру мониторингін жүргізу және оқу жетістіктерін сырттай бағалауға қатысу бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.
«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Мұхтарұлы Смағұлов хабарлама жасады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізді. Осы талдаудың негізінде облыстық бюджеттің 2017 жылға параметрлерін кірістер мен шығыстарды арттыру есебінен нақтылау және бюджет қаражатын қайта бөлу ұсынылады.
«Облыстың негізгі басымдықтарын қаржыландыру мақсатында» - деді О.М.Смағұлов, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдеріне сай қайта бөлу ұсынылады.
Атап айтқанда, әлеуметтік - экономикалық шығындарды орындауға, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жобалар мен мемлекеттік міндеттемелерді қаржыландыру.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі етіп тағайындау туралы мәселе қаралып, Қ.К.Игисенов Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінде Бастау ауылын құру туралы» мәселе қаралды, облыс әкімдігінің дербес құрамына, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына және де ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібіндегі барлық қаралған мәселелер бойынша сессияда шешімдер қабылданды.