• 190918

    2018 жылғы 19 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 140918

    2018 жылғы 14 қыркүйекте облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130918

    2018 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 120918

    «Мектепке жол» республикалық акциясы

  • 110918-2

    2018 жылғы 11 қыркүйекте облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 110918-1

    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова «Анаға махаббат» атты шығарма және сурет байқауларының жеңімпаздары кездесті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 27 ақпанда, №10 Абая сайлау округінен депутат Асхат Абдрахманұлы Айтжановтың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ 2017 жылғы қызметінің қорытындысы және 2018 жылға жоспарлары туралы Д.Ж. Өтеміс - «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» басқармасының төрағасы ақпарат берді.
Д.Ж.Өтеміс бүгінгі күні ӘКК алдын-ала қолданылған деректерге сай 2017 жылдың қорытындысы бойынша 25,0 млн. теңге таза пайда алғаның және бюджетке 12,5 млн. теңге мөлшерінде дивиденд төлеу жоспарлануда екенің айтты.
Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру, азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін құру және өңір аралық кооперацияны жүзеге асыру бойынша бірқатар шараларды қабылдауды қолға алынған. Кооперация бойынша көкөніс өнімдерін жеткізушілермен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы Қарағанды, Қостанай, БҚО, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, ОҚО-нан сондай-ақ, РФ-ның Орынбор және Самара облыстарынан әкелінген өнімдер «Табыс» КБ және «Табыс» коммуналдық желісі арқылы сатылды, осылайша көкөністердің бағасы көтерме бағадан 15-20 пайызға төмен және нарықтық құнынан 20-25 пайызға төмендеді. Белгіленген кестеге сәйкес апта сайын әр сенбі күні Ақтөбе облысының аудандарының қатысуымен жәрмеңкелер өткізіледі.
ӘКК жер қойнауын пайдалану бойынша 4 келісімшарт жасады:
1. Шалқар ауданында Төлегенсай-1 көрінісі бойынша ағынды
әктасты барлау;
2. Алға ауданындағы Бестамақ көрінісінде құмды іздестіру;
3. Қарғалы ауданындағы Ашылысай көрінісінде құрылыс тасын
(диабаз) барлау;
4. Шалқар ауданындағы «Берчегурское-7» кен орнында құрылыс
тасын өндіру.

12 объекті бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы (8-і өндіру, 4-і геологиялық барлау үшін) алынды. Негізгі пайдалы қазбалар: құрылыс құм, құрылыс тас, цемент шикізаты, құм-қиыршық тас қоспасы және мәрмәр.
Индустриалдық аймақ бойынша, бүгінгі күні 13 жоба жүзеге асырылуда. Тек қана отандық ғана емес, шетелдік инвесторларды да тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылы «Ақтөбе» ӘКК »ҰК» АҚ қолдауымен 3 жоба пайдалануға берілді:
1) «Талан Текнолоджи» ЖШС
2) «АктобеТопса Пласт» ЖШС
3) «Жедель-плюс» ЖШС
2018 жылы 6 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, 4 жоба бойынша қазба жұмыстары жүргізілуде, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында құрылыс жұмыстары басталып, 2019-2020 жылдары пайдалануға беріледі.
Және де көше саудасының жобасы, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, т.б. бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.
***
2017 жылғы 27 ақпанда, №12 Ауылшаруашылығы сайлау
округінен депутат Асқар Аманбайұлы Садықовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғызылған газ тарату желілерін пайдалану туралы Д.С.Аманов - энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы және Б.Б.Ізбасаров - «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры баяндады.
2017 жылы жалпы құны 766,4 млн. теңгені құрайтын 6 газбен жабдықтау нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға енгізілді. Олар:
1. «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Казанка селосына ішкі поселкелік газ тарату желілерін салу»;
2. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байқадам ауылына жеткізуші газ құбырының құрылысы»;
3. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Байқадам ауылында ауылішілік газ құбырын салу»;
4. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Жосалы және Кемпірсай ауылдарына жеткізуші газ құбырының құрылысы»;
5. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Жосалы, Кемпірсай ауылдарында ауылішілік газ құбырын салу»;
6. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылындағы ауылішілік газ тарату желілерінің құрылысы».
Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2 700 астам адам тұратын 5 ауылдық елді мекен газдандырылды.
2017 жылы жалпы құны 376,6 млн. теңгені құрайтын 2018 жылға өтпелі 2 жобаның жүзеге асырылуы басталды:
1. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылына жеткізуші газ құбырының құрылысы»;
2. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылында ауылішілік газ құбырының құрылысы».
Бұл нысандарды пайдалануға енгізу 2018 жылдың аяғына дейін жоспарланған.
Сондай-ақ, Мұғалжар ауданының Жұрын, Қаракөл, Байғанин ауданының Ноғайты, Алға ауданының Сарықобда, Болгарка, Қарғалы ауданының Әлімбет, Ащылысай ауылдарын газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 2018 жылға бюджеттен қаражат бөлінді.

Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.