Материалдар

Мәслихаттың 2018 жылға жұмыс жоспары

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                             №232       2017 жылғы 08 желтоқсан

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018
жылға арналған жұмыс жоспары туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

            2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихаттың                                 Облыстық                      

         сессия төрағасы                           мәслихаттың хатшысы

 

 

 

                     Г. ЕРҒАЗИНА                             С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

2017 жылғы 08 желтоқсандағы №232

облыстық мәслихаттың шешімімен

бекітілген

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған

Ж Ұ М Ы С   Ж О С П А Р Ы

Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отыра, Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:

- облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді иннофациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;  

            - Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;

- облыстық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;

- облыстық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;

            - тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;

            - облыста заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;

            - қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.

            2018 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

І. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

 

І тоқсан

1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2017 жылға оның қызметін бағалау.

2. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нысандандыру бойынша шаралар туралы.

3. Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы.

 

ІІ тоқсан

            1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

            1.1. 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.

            2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

ІІІ тоқсан

                       

1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың есебі туралы.

            2. Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі және одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы.

           

ІV тоқсан

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылу және Ақтөбе облысына инвестициялар тарту стратегиясының қалыптастырылу барысы туралы.

3. Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

5. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

6. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

7. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

Сессияларда айтылған ескертулер мен ұсыныстарды, бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттарды сессияның қарауына үнемі енгізу.

Тұрақты комиссиялардың есептерін, депутаттық сауалдарды және жергілікті өкілді органдардың құзыретіне жататын басқа да мәселелерді сессияларда қарау.

ІІ. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралатын мәселелер

1. Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  

құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмысжөніндегі

тұрақты комиссия:

I тоқсан

 

1. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2017 жылға оның қызметін бағалау.

II тоқсан

1. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша шараларды іске асыру туралы.

2. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара                                іс-қимылдардың негізгі бағыттары туралы.

III тоқсан

            1. Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі және одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы.

            2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдармен орындалу барысы туралы.

IV тоқсан

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жұмысы туралы (көшпелі отырыс).

3. Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық,  құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

2. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі

тұрақты комиссия:

I тоқсан

 

1. «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы.

2. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

II тоқсан

 

           1. Облыс әкімдігінің 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.

           2. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы есебі.

            3. Облысты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының есептері туралы.

            4. Ақтөбе қаласының бекітілген Бас жоспарына сәйкес облыс орталығының және Ақтөбе агломерациясының даму келешегі туралы.

 

III тоқсан

 

1. Ақтөбе облысында жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы жергілікті атқарушы органдардың есебі (көшпелі отырыс).

2. Облыстың аудандарында жаппай кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту бойынша шаралар туралы.

 

IV тоқсан

 

  1.    2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

            2. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылу және Ақтөбе облысына инвестициялар тарту стратегиясының қалыптастырылу барысы туралы.

            3. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

 

Облыс бюджетің нақтылау, оның орындалуы мәселелерін қажеттілігі бойынша қарау.

Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы облыс бойынша тексеру комиссиясының есептерін отырыстарда тоқсан сайын тыңдау.

3. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия:

І тоқсан

 

1. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нысандандыру бойынша шаралар туралы.

2. Тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жұмыстардың барысы туралы.

ІІ тоқсан

           

            1. Кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша жергілікті атқарушы органдармен атқарылған жұмыстар туралы (көшпелі отырыс).

2. Ақтөбе облысында жастар саясатын іске асыру бойынша шаралар туралы.

3. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.

ІІІ тоқсан

 

1. Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып отырған шаралар туралы.

2. «Мәдени мұра» ұлттық жоба шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» кіші бағдарламасын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы.

3. Ақтөбе облысындағы паллиативтік көмектің жағдайы және оның даму келешегі.

ІV тоқсан

 

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

2. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік еңбек саласындағы цифрландыру туралы.

3. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану

жөніндегі тұрақты комиссия

I тоқсан

 

1. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша шаралар туралы.

2. Ақтөбе облысында ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы.

II тоқсан

1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

           

III тоқсан

            1. Облыс орталығындағы қоршаған ортаның жай-күйі және қауіпсіздігінің сақтау бойынша шаралар туралы.

            2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділігін және сапасын арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстары туралы.

IV тоқсан

 

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

            2. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

5. Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан

1. Ақтөбе қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаңғыртудың өзекті мәселелері, ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді жою туралы.

2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғызылған газ тарату желілерін пайдалану туралы.

 

II тоқсан

 

1. Ақтөбе қаласындағы автомобиль жолдары, суағарлар мен нөсерлік кәріздердің жағдайы және жөндеу мен күтіп-ұстау бойынша шаралар туралы (көшпелі отырыс).

2. «Ақылды қала» - Smart City» жобасының облыс орталығында іске асырылу барысы туралы.

III тоқсан

 

1. Ақтөбе облысында көлік инфрақұрылымының даму жағдай туралы.

2. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешімімен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру Қағидаларының орындалу барысы туралы (көшпелі отырыс).

3. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы (көшпелі отырыс).

 

IV тоқсан

           1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

            2. Табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) реттеу бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің қызметі туралы.

            3. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

III. Көпшіліктік тыңдаулар

Өте қажетті және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде көпшіліктік тыңдаулар өткізу:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын және тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру туралы.

IV. Депутаттарды құқықтық оқыту

Депутаттардың құқықтық білім деңгейлерін көтеру мақсатында жүйелі түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу бойынша құқықтық оқулар, білікті мамандардың қатысуымен семинар-жиналыстар өткізу:

1 жартыжылдықта

            1. Салық заңнамасының мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын түсіндіру.

2 жартыжылдықта

            2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы.

V. «Депутаттық күндер»

            Облыстың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының, жоспарлардың іске асырылу барысы туралы басқарма басшыларының есептерімен «Депутаттық күндер» өткізу:

1 жартыжылдықта

1. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы.

2 жартыжылдықта

2. Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның іске асырылу барысы туралы.

VI. Ұйымдастыру шаралары

           

Депутаттар сайлаушылармен тұрақты байланыста болады, оларды облыстық мәслихаттың жұмыстары туралы ұдайы хабардар етеді, қоғамдық пікірді зерделеп және атқарушы органдарға мәселелер мен ұсыныстарды енгізеді. Бекітілген кесте бойынша азаматтарды қабылдайды.

Мәслихат аппараты бұқаралық ақпарат құралдарында және веб-сайтта облыстық мәслихаттың, депутаттардың қызметтері, өткізілген шаралар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпараттарды ұдайы жариялайды.

            Бұл мақсатта депутаттардың жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншіліктерін белсенді пайдалану қажет. «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакцияларымен бірге «Депутаттық парақ» айдарының шығарылымы ұдайы ұйымдастырылады.                                                  

 

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары

«Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы №195 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасына баспасөз-хабарламасы

Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы №195 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы


Облыстық мәслихаттың 25-ші кезектен тыс сессия шешімінің жобасы

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 22-ші кезекті сессия шешімінің жобасы

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 20-ші кезекті сессия шешімінің жобасы

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 17-ші кезекті сессия шешімінің жобасы

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2018 жылғы 22 ақпанына облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімі

 

Облыстық мәслихаттың 15-ші кезекті сессия шешімінің жобасы

Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №171 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Облыстық маслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 

Облыстық мәслихаттың 13-ші кезектен тыс сессия шешімінің жобасы

Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Облыстық мәслихаттың 12-ші кезекті сессия шешімінің жобасы

Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Облыстық мәслихаттың 11-ші кезекті сессия шешімінің жобасы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінде ауыл құру және атау беру туралы

 

Облыстық мәслихаттың 9-ші кезекті сессия шешімінің жобасы

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №236 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» және 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне «Мәңгілік Ел» атауын беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Ораз Тәтеұлының есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Халел Досмұхамедұлының есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Мұстафа Шоқайдың есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Мағжан Жұмабаевтың есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Міржақып Дулатовтың есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Жүсіпбек Аймауытовтың есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Есет Көтібарұлының есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Ілияс Жансүгіровтың есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Таразы Қаленқызының есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Бейімбет Майлиннің есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Қайым Мұхамедхановтың есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының Красный көшесін Сәкен Сейфуллин атындағы көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының Париж коммунасы көшесін Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының Красногорский көшесін Әбубәкір Кердері атындағы көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының 1905 жыл көшесін Қайрат Рысқұлбеков атындағы көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының Озерный көшесін Мұқағали Мақатаев атындағы көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының Садовый көшесін Хиуаз Доспанова атындағы көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының Цементный көшесін Әлкей Марғұлан атындағы көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының Коммунальниктер көшесін Әміре Қашаубаев атындағы көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының Советский тұйық көшесін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы тұйық көше деп қайта атау туралы

Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы №328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

* * *

«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Облыстық мәслихаттың 8-ші кезекті сессия шешімінің жобасы

«Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы №391 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

 

Облыстық мәслихаттың 7-ші кезекті  сессия шешімінің жобасы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы

«Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №337 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №351 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы

Ақтөбе қаласының Заречный-3 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Әбидулла Биекеновтің есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының Батыс-2 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне «Тәуелсіздік даңғылы» атауын беру туралы

Ақтөбе қаласының Заречный-3 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Жұмабек Тәшеновтің есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Аққағаз Досжанованың есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының Оңтүстік Батыс-2 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Қазақай ахунның есімін беру туралы

Ақтөбе қаласының Оңтүстік Батыс-1 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Мәдина Букееваның есімін беру туралы

 

Облыстық мәслихаттың 6 - ші кезектен тыс сессия шешімінің жобасы

«2016-2018 жылдарға арналған облыстықбюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11желтоқсандағы №346 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Облыстық мәслихаттың 5 - ші кезекті  сессия шешімінің жобасы

 «2016 - 2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы No346 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

"Облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру" шешімінің жобасы

Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

 

Облыстық мәслихаттың 4 - ші кезекен тыс сессия шешімінің жобасы

 "2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы No346 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

 

Облыстық мәслихаттың 3 - ші кезекті сессия шешімінің жобасы

Ақтөбе облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы шешімінің жобасы

 «2016 - 2018   жылдарға   арналған облыстық   бюджет   туралы» облыстық  мәслихаттың 2015  жылғы  11  желтоқсандағы  №346  шешіміне өзгерістер  мен толықтырулар  енгізу туралы шешімінің жобасы

 

Облыстық мәслихаттың 2 - ші кезекті сессия шешімінің жобасы

«2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11желтоқсандағы №346 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мәслихат тарихы

Жергілікті Халық депутаттары кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы заң қабылданғаннан кейін, облыс және аудан тұрғындарының өкілді органы депутаттардың Мәслихат-Жиналысы болып айқындалған 1993 жылғы 10 желтоқсандағы №2578-ХІІ «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заң қабылданды. Жергілікті өкілді орган 5 жыл мерзімге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғындарымен сайланды.
Сайлау 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді және Ақтөбе облыстық Мәслихат-Жиналысы депутаттарының бірінші шақырылымына 37 депутат сайланды. Мәслихат-Жиналысының бірінші сессиясында депутаттар Балихан Жүсіпұлы Жоламановты хатшы, Павел Дмитриевич Криволаповты - Тексеру комиссиясының төрағасы етіп сайлап, жұмыс Регламенті мен Жоспарын бекітті және 5 тұрақты комиссияларды құрды. Тұрақты комиссиялардың төрағаларына Түленді Кәрімұлы Кәрімовты, Үсен Өмірзақұлы Жаманшаловты, Валерьян Васильевич Канды, Игорь Порфирьевич Шкуренконы, Виктор Алексеевич Пфаненштильді және Қажмұхан Асауұлы Сәтеновты сайлады.
Екінші шақырылымның депутаттары 1999 жылдың 10 қазанында кезекті депутаттар сайлауында сайланды, енді тек Мәслихат болып аталды. Өкілеттік мерзімі 4 жылға 31 депутат сайланды. 1999 жылғы 20 қазандағы алғашқы ұйымдастыру сессиясында Мәслихат хатшысы Бақытгүл Қазиханқызы Айымқұлова және Тексеру комиссиясының төрағасы болып Серғазы Қанғожанұлы Исембаев сайланды.
Тұрақты комиссиялардың төрағалары болып Жақсыбай Өтемісұлы Талаев, Валерий Иванович Гриненко, Есімхан Ақнаурызұлы Құрманғазин, Андрей Николаевич Литвиновский, Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Кенжеғали Кенжебаев сайланды.
Үшінші шақырылым депутаттарының өкілеттік мерзімі 2003 жылдың 20 қыркүйегінен 2007 жылдың 18 тамызына дейін. Осы шақырылымның алғашқы сессиясының отырысында Қасымжан Тахауұлы Байсадақов Мәслихат хатшысы болып сайланды, кейіннен оны басқа қызметке ауысуына байланысты 2004 жылғы 28 қыркүйектегі сессияда Амангелді Қабашұлы Есіркепов ауыстырды.
Тексеру комиссиясының төрағасы Кеңес Баймұханұлы Бірманов, тұрақты комиссиялар төрағасы болып Қуандық Зинешұлы Әлішев, Нұрлан Зейнуллаұлы Сейтқамалов, Всеволод Анатольевич Щегельский, Есімхан Ақнаурызұлы Құрманғазин және Кенжеғали Кенжебаев сайланды.
Төртінші шақырылымның депутаттары 2007 жылдың 18 тамызынан 2012 жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімге сайланды. Ұйымдастыру сессиясында депутаттар Амангелді Қабашұлы Есіркеповті мәслихат хатшысы, Тексеру комиссиясының төрағасына Сақыпжамал Айғалиқызы Саттарованы сайлады. Тұрақты комиссияларды Жұмабек Құлмұханбетұлы Куканов, Жеңіс Сейтпағамбетов, Бөгежан Қадырханұлы Аманбаев, Кеңшілік Саттыбайұлы Жұмабаев, Қуаныш Далабайұлы Елубаев және Александр Федорович Чемоданов басқарды.
2009 жылғы 5 қазандағы №228 сессия шешімімен Амангелді Қабашұлы Есіркепов басқа қызметке ауысуына байланысты мәслихат хатшысы қызметінен босатылып, орнына Балғали Құрманғалиұлы Ордабаев бекітілді.
Бесінші шақырылым өз жұмысын облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 20 қаңтардағы алғашқы сессиясында бастады. Мәслихат хатшысы болып Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссиялар төрағалығына Асан Сағынғалиұлы Ыбраев, Асхат Берлешұлы Шахаров, Қайырбек Насырұлы Тоқтаров, Қуаныш Далабайұлы Елубаев, Александр Федорович Чемоданов және Бөгежан Қадырханұлы Аманбаев сайланды.
Өткен жылдары облыстық мәслихаттың депутаттық корпусына 168 адам сайланған. Олардың арасында өндіріс, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы саласының көрнекті өкілдері бар.
Бірнеше шақырылымда жұмыс жасаған, өнеркәсіп өндірісі мекемелерінің басшылары, «ардагерлер» қатарында Бөген Жақыпұлы Жақыпов, Сабыржан Нұрғалұлы Бегімбаев, Петр Степанович Петлюх, Марал Мұңсызбайұлы Бекеев, Александр Алексеевич Кошик, Всеволод Анатольевич Щегельский бар.
Мұнай саласының өкілдері – Наиф Гатуович Камалов, Жеңіс Сейтпағамбетов, Бауыржан Хайроллаұлы Құрманалин, Иосиф Аққалиұлы Аустниязов, Нұр Сабдықов, Тахталифум Сәдуұлы Есенғұлов.
Ірі құрылыс және көлік мекемелерін Николай Николаевич Жиленков, Төлеген Шәріпұлы Таңатаров, Серік Сайденұлы Сарбаев, Бори Александрович Исинаманов, Жарас Төкенұлы Ізғұлов, Қаналы Жаналыұлы Сырлыбаев, Айбол Әнуарұлы Бекмұхамбетов, Бөріхан Сматуллаұлы Беркімбаев басқарды.
Сонымен қатар депутаттық корпусқа сайланғандар қатарында:
ауыл шаруашылығы өндірісінен Аманғос Сансызбайұлы Төлеуов, Өтесін Өтепбергенов, Тилапжан Зайнитдинұлы Ибрагимов, Аманғали Исағалиұлы Өмірғалиев, Жанаис Хузаирович Мамбетов, Николай Федорович Ерошенко;
денсаулық сақтау саласынан Ізбасқан Нұратдин Аймағамбетов, Мариям Тауфикқызы Ғабдрахманова, Ян Николаевич Липириди, Құдайберген Елтекұлы Бекенұлы, Бақыт Аманғалиұлы Шайкенов, Лаура Қожағалиқызы Жазықова;
оқу орнындарынан Темірхан Байбосынұлы Бердімұратов, Ғалымжан Жұмабайұлы Нұрышев, Чепурная Наталья Александровна, Байғазин Кенжеғазы Жаңабайұлы, Бошкова Наталья Федоровна;
банк саласынан Мария Камрадинқызы Тұяқова, Дәния Мәдиқызы Еспаева және тағы басқалары.
Депутаттардың көпшілігі Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық саласына зор үлес қосқан, саясаткер, мемлекеттік органдардың басшылары, ірі кәсіпкер ретінде қалыптасқандар.