Материалдар

Қаржы басқармасының басшысы Г.Сисенованың облыстық мәслихат сессиясында «2018 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы» баяндамасы

Құрметті депутаттар!

ҚР Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес «2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есебін Сіздердің қарауыңызға ұсынамыз.

Бюджетті орындау барысында облыстық әкімдікпен маслихат қарауына түсетін кірістердің болжамын ұлғайту жолымен түзету, функционалдық топтар арасында қаражатты қайта бөлу, жыл басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарын пайдалану, республикалық бюджеттен берілетін несиелер мен трансферттердің түсуіне байланысты бекітілген бюджетті нақтылауға ұсынылды.
Түсімдер бойынша облыстық бюджет жыл ішінде 5 (бес) рет өсу нақтыланып, 13 млрд. 535,2 млн.теңгеге ұлғайтылды және 167 млрд. 219,2 млн.теңгені құрады, ол 167 млрд. 971,4млн.теңгегенемесе 100,5%орындалды.(№1слайд)
2017 жылменсалыстырғандаоңөсуқарқыныбайқаладыжәнеол 105,5% құрайды.
Кірістердіңтүсімінегізінен 38 млрд 307,4 млн.теңге (22,9%)салықтықтөлемдерден, 4 млрд 129,7 млн.теңге (2,5%)салықтықеместүсімдерден, 144,7млн.теңге (0,1%) негізгікапиталдысатудантүсетінтүсімдерденжәне 108 млрд. 693,7 млн.теңге (65,0%) трансферттерденқұралды.(№ 2 слайд)
2018 жылы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен барлығы 43 млрд. 681,5 млн.теңге республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерді бөлу бойынша үлкен жұмыстар жүргізгендерін атап өткен жөн, оның ішінде:
- Ішкі істер министрлігі - 490,6 млн.теңге;
- Ауыл шаруашылығы министрлігі - 3 млрд. 315,5 млн.теңге;
- Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігі - 1 млрд 624,7 млн.теңге;
- Білімжәнеғылымминистрлігі -12 млрд. 385,3 млн.теңге;
- Денсаулықсақтауминистрлігі - 5 млрд. 014,2 млн.теңге;
- Инвестицияларжәне даму министрлігі - 15 млрд. 996,0 млн.теңге;
- Ұлттық экономика министрлігі - 1 млрд. 115,0 млн.теңге;
- Энергетика министрлігі - 3 млрд. 740,2 млн.теңге.

ҚазақстанРеспубликасыБюджет кодексінің 44-бабына сәйкесүнемдеуесебіненқұралғанреспубликалықбюджеттенбөлінгентрансферттердің 2018 жылыпайдаланылмаған552,9 мыңтеңгетолықтайреспубликалықбюджеткеқайтарылды.
Облыстықбюджеткетүсетінбарлықкірістер мен түсімдердіесепкеалғандашығындар 167 млрд. 219,2 млн.теңгеніқұрады.
2018 жылы облыстықбюджеттің шығындары 15 функционалдық топ бөлігімен, 29 мемлекеттік органмен әкімшіленетін 238 бюджеттік бағдарламамен жүзеге асырылды.
Есептік жылы бюджетті орындау барысындағы негізгі мақсат әлеуметтік-маңызды шығындарды уақытылы атқару бойынша қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылды.
2018 жылы мемлекеттік қызмет және бюджет саласының жұмысшыларын еңбекақымен қаржыландыру уақытылы және толық қамтамасыз етілді.
Функциональдық топтар бөлінісінде ең жоғары шығындар үлесін:
білім беру – 22,6 %, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 13,9%, транспорт және коммуникация – 9,6%, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы– 9,2%, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша әрқайсысы 5,0% құрады. (№3слайд)

Облыстық бюджеттің шығыстары бюджеттік бағдарлама әкімшілері бөлінісінде келесідей көрініс алады:( №4слайд)

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша35546,0 млн.теңге бөлініп, 35 544,5 млн.теңге игерілді, немесе 100%.
2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламасы бойынша білім беру объектілерін салу және қайта құру үшін 12 915,7 млн.теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде республикалық бюджет 9 364,5 млн.теңге.
29 мектеп құрылысы және 4 мектепке жапсарма құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде трансферттер есебінен Ақтөбе қаласында 10 мектеп және 4 мектепке жапсарма құрылысы жүргізілді.
5540 орындық 11 мектеп және 1 жапсырма іске қосылды(Алға, Хромтау, Мәртөк, Мұғалжар,Байғанин аудандарында – 1 нысаннан және Ақтөбе қ. – 1). Қалған,Ақтөбе қ. құрылысы аяқталмаған 18 мектебі және 3 жапсырма 2019 жылға өткізілді.
Сонымен қатар, білім беру нысандары бойынша 4 жобалық-сметалық құжаттар әзірленді және сараптаманың оң қорытындысы алынды.
8 медициналық мекемелердің құрылысы мен қайта жаңғыртуға және 22 жобалық-сметалық құжаттарды жасауға 4 265,9 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 3 653,0 млн.теңге бөлінді.
Басталған 22 жобалық-сметалық құжаттардың 15 жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қалған жобалар 2019 жылға өтеді.
Коммуналдық тұрғын үй қорының 10 тұрғын үй нысанының құрылысы мен қайта жаңартуына 1 927,8 млн теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 1 400,0 млн.теңге бөлінді.
Қаржылар Ақтөбе қ.,Алға, Қарғалы, Ойыл, Байғанин, Шалқар, Темір, Қобда, Мұғалжар және Хромтау аудандарында жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй құрылысына жолданды, оның ішінде 2019 жылға өтетін нысандар Ойыл, Мұғалжар және Хромтау аудандарында бар.
179 нысанның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыруға 7 043,1 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 4 959,8 млн.теңге игерілді, оның ішінде:
- құрылыс-монтаждық жұмыс бойынша– 84 нысан, оның ішінде 2018 жылы қолданысқа берілгені 61 нысан немесе 72,6%, қалғандары 2019 жылға өтетіндер;
- жобалық-сметалық құжаттарды жасауға – 95 жоба, оның ішінде 2018 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғандары – 61 жоба немесе 64,2%.
Кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша облигациялық қарыздар есебінен тұрғын үй құрылысына 4 500,0 млн.теңге бөлініп, игерілді, онда 93,3 мың шаршы метрлі1695 пәтерлік 36 тұрғын үйдің құрылысы басталған. 2018 жылы көлемі 20,4 мың шаршы метр болатын 354 пәтерлік 9 тұрғын үй пайдалануға берілді.Қалған 73,0 мың шаршы метр болатын 1341 пәтерлік 27 тұрғын үй 2019 жылға қарай өтеді.
Нысаналы даму трансферттері бойынша жергілікті бюджеттен 1 294,0 млн.теңге бөлініп, игерілді. Қаражат негізінен Ойыл, Қобда, Мәртөк, Ырғыз және Хромтау аудандарында скверлерді, саябақтарды абаттандыруға, білім беру объектілері ғимараттарын, Мәдениет үйлерін газдандыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақты және Ақтөбе қаласындағы балаларды жыл бойы оқытатын лагерьге арналған оқу корпусын қайта жаңартуға және кеңейтуге бағытталған.
Мемлекеттік органдардың объектілерін дамытуға 496,4 млн.теңге бөлінді, онда Ақтөбе қаласында 16 автомашинаға гаражы бар әкімшілік ғимарат салынды және пайдалануға берілді.
Ақтөбе қаласындағы"Нұр-Ақтөбе" тұрғын үй алабының аумағын абаттандыру мен көгалдандыруды дамытуға305,6 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Коммуналдық шаруашылықты дамытуға 464,9 млн. теңге бөлініп, игерілді. Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында әкімшілік ғимараттардың құрылысы басталды.
7 мәдениет нысанының құрылысына және газдандыруға 718,9 млн. теңге бөлініп, игерілді. Мұнда, Ақтөбе қаласы, Ойыл және Мәртөк аудандарының ауылдық клубтары және Байғанин, Ырғыз аудандарында мәдениет объектілері газдандырылды. Сонымен қатар, Шалқар және Ырғыз аудандарында ауылдық клубтардың құрылысы жалғасуда.
6 спорт нысанының құрылысына 739,6 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде Қобда ауданы Қобда ауылындағы ФОК құрылысы аяқталды және Ақтөбе қ. Батыс – 2 шағын ауданның Мұз сарайына инженерлік желілер жүргізілді. Әйтеке би, Қарғалы және Ырғыз аудандарында ФОК құрылысы, Ақтөбе қаласындағы "Ат спорты түрлерінен №10 Облыстық балалар-жасөспірімдер мектебі" КММ үшін иппотерапия әдісімен дене мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту және емдеуге арналған ат қорасы бар жабық манеж құрылысы жалғасуда.(слайд № 5)
Облыстың қаржы басқармасы- 31 244,8 млн.теңге, басқарма аппаратын ұстауға - 98,5 млн.теңге, субвенция - 22 814,0 млн.теңге, шығынды өтеуге – 3 319,1 млн.теңге, борышты өтеуге- 4 888,5 млн.теңге бөлінді.
Білім басқармасы –23065,7 млн.теңге бөлініп, 23065,4 млн.теңге игерілді немесе 100%.
Негізінен қаражат мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге және бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарларында көзделгеншығыстарға бағытталды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыру бағдарламасы бойынша, мектепке дейінгі жастағы 17473 баланы ұстауға 3900,3 млн.теңге бөлінді (республикалық бюджеттен -123,3 млн.теңге, облыстық бюджет есебінен - 3 777,0 млн.теңге).
"Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру" бағдарламасы бойынша 1101,1 млн.теңге бөлініп, игерілді. Аталған қаражат даму мүмкіндігі шектеулі 6 арнайы түзету мектебін ұстауға бағытталды.
"Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру" бағдарламасы бойынша 3 дарынды мектеп - интернаттарын ұстауға 736,7 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Облыстың 9 орта білім беру мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 2 074,4 млн.теңге бөлінді.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне лауазымдық жалақының 30 % мөлшерінде қосымша ақы төлеуге 2 198,5 млн.теңге бөлінді.
"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау" бағдарламасы бойынша 5 815,7 млн.теңге бөлініп игерілді, оның ішінде: мемлекеттік тапсырысқа 5560,6 млн.теңге және 3 мекемені ұстауға 255,2 млн.теңге.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау өткен 1925 оқушыға 819,3 млн.теңге бөлінді.
"Облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстарды өткізу" бағдарламасына 320,2 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін 117 пәндік олимпияда, ғылыми және зияткерлік жарыстар, 34 семинар, конкурстар, конференциялар, педагогикалық олимпиадалар өткізілді.
"Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі 788 баланы қолдауға 356,1 млн.теңге бөлінді. Облыс бойынша 3 ПМПК және 13 түзету кабинеттері жұмыс жасайды.
Төмен тұрған бюджеттерге трансферттер есебінен 3887,2 млн.теңге қарастырылып, аударылды, оның ішінде:
- Ақтөбе қаласының жаңадан ашылған 11 жалпы білім беретін мектептерді ұстауға 852,2 млн.теңге;
- 20 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 620,0 млн.тенге;
- 22 білім беру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 410,3 млн.теңге;
- жалпы білім беретін мектептердің компьютерлік техникасын жаңартуға 317,5 млн.теңге, 219 мектепке 1513 компьютерлер сатып алынды;
- жаңартылған мазмұн бойынша оқулықтар сатып алуға-538,2 млн.теңге.
"Мемлекеттік жеке меншік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша 367,1 млн.теңге бөлініп, игерілді.(№6слайд)

Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 16 265,7 млн.теңге бөлініп игерілді.
Көлік инфрақұрылымын дамытуға 6 жобаға 4 178,0 млн.теңге бөлініп, игерілді немесе 100%, оның ішінде республикалық бюджеттен 3 266,1 млн. теңге бөлінді, онда Ақтөбе қаласынан шығатын жол өтпесі пайдалануға беріліп, 5 жоба 2019 жылға өткен.
Сонымен қатар, "Ақтөбе-Орск" автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Нысаналы трансферттер бойынша 6 көлік инфрақұрылымы объектілерін салуға және қайта жаңартуға 2 085,0 млн.теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде 400,0 млн. теңге республикалық бюджеттен. Қаражат Ақтөбе қаласында Сазды өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысына, Сельмаш ауданында Арынов көшесінде өтетін жол өткелінің құрылысына, Хромтау ауданы Қопа ауылына кіре берістегі Ойысылқара өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысына бағытталды.
Сондай-ақ, бөлінген қаражат Алға ауданының 13 көшесі бойынша автомобиль жолының құрылысына 13 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге, 2019 жылға өтпелі жобаларға бағытталды.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге 2 221,0 млн. теңге бөлініп, игерілді, қаражат автожолдарды күрделі жөндеудің 6 нысанына, облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеудің 11 нысанына және 2 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталған. 2018 жылы 3 күрделі және 1 орта автожол нысандары пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, "Қобда-Мәртөк, 0-30 км және 30-51 км учаскесі" автомобиль жолын күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
Көлік инфрақұрылымының басым 10 жобасын іске асыруға 3 693,9 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде 2 480,0 млн. теңгесі республикалық бюджеттен. Бұл қаражат "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк, уч. 307-334 км" және "Донское-Бадамша-Ақтөбе-Орск, уч. 17-30, 30-45 км" бағытындағы жолдарды күрделі жөндеудің 2 объектісіне және "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық, УЧ. 16,5-62 км, 62-82 км, 82-100 км, 125-150 км, 150-170 км, 170-190,9 км" Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда, уч. 17-30 км " Соль-Илецк 40-70 км учаскесі" және "Шалқар-Бозой учаскесі, 0-20 км учаскесі" бағытындағы автожолдарды орташа жөндеудің 8 нысанына бағытталды. Барлық нысандар 2019 жылға өткен.
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша облыстық маңызы бар жолдарды ұстауға және ағымдағы жөндеуге 741,2 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жергілікті бюджеттен қалалар мен ауылдық округтер көшелерінің автожолдарын күрделі және орташа жөндеуге 2 891,7 млн.теңге бөлініп, игерілді. Бөлінген қаражат Ақтөбе қаласы мен аудандардың автомобиль жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге бағытталған.
Хромтау қаласындағы жаңа шағынаудандағы 22 квартал автомобиль жолдарының құрылысына Моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бағдарламасы бойынша 132,6 млн.теңге бөлініп, игерілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. (№7 слайд)
Ауылшаруашылығы басқармасына 14 045,1 млн.теңге бөлінді және игерілді, оның шінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 315,5 млн.теңге және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредиттерге 3 850,3 млн.тенге қаралды.
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттің негізгі бөлігі инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің шығындарының бөлігін өтеуге 2 664,0 млн.теңге бөлінді. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру үшін 569 жоба субсидияланды, бұл 615 жаңа жұмыс орнының ашылуына алып келді, оның ішінде 545 тұрақты орын, сонымен қатар 460 кәсіпорын өзінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартты.
Жергілікті бюджеттен 6 879,3 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасына - 5 684,5 млн.теңге. 2 882,0 млн.теңге қаржы асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға бағытталды (ет өнімді малшаруашылығын қолдауға – 2 403,2 млн.теңге, сүт өнімді – 148,8 млн.теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 15,0 млн.теңге, қой шаруашылығы– 284,8 млн.теңге, жылқы шаруашылығы – 27,8 млн.теңге, ара шаруашылығы – 2,9 млн.теңге);
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2 802,0 млн.теңге (ет өнімді малшаруашылығын қолдауға – 671,3 млн.теңге, шошқа шаруашылығы – 432,1 млн.тенге, сүт өнімділігіне бағытталған мал шаруашылығына – 371,9 млн.теңге; азық бағасын арзандатуға – 909,2 млн.тенге, жұмыртқа өнімділігіне бағытталған құс шаруашылығына – 339,4 млн.теңге);
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату" бағдарламасы бойынша 211 423,0 литр гербицидтерді сатып алуға 238,0 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Аппаратты ұстауға 140,0 млн.теңге бөлінді.
"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" бағдарламасы бойынша 216,6 млн.теңге бөлініп, игерілді. Өсімдіктердің өнімінің сапасын жақсарту және өнімділік көлемін жоғарылатуды қамтамасыз ету мақсатында минералды тыңайтқыштармен жер өнімділігін арттыруда ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге көмек көрсетілді.
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін 100,0 млн.теңге қаралып, игерілді. Қаржы тұрақтандыру қорының тамақ өнімдерін толтыруға бағытталды.
«Тұқым шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша 248,1 млн.теңге бөлінді және игерілді. Қаржы 25,5 тонна ерекше тұқымның, 3 489,8 тонна элиталық тұқымның, 1 733,0 тонна 1 репродукциялы тұқымның, 45,3 тонна аралас тұқымдардың 1 ұрпағы және 40 000,0 дана көшеттердің құнын арзандатуға бағытталды.(№8 слайд)
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 11 969,3 млн.теңге бөлінді және игерілді. Оның ішінде:елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 6 264,2 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінді республикалық бюджет есебінен 5 235,8 млн.теңге. Қаражат 26 нысанның құрылысы мен қайта жаңартуға және 33 жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге бағытталды.
Жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға 1 815,1 млн.теңге қаралды және игерілді.
Газ тасымалдау жүйесін дамытуға 997,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде 400,0 млн.теңге республикалық бюджеттен қаралды. Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Темір, Ойыл, Мұғалжар және Қобда аудандарында жеткізуші газқұбырларының құрылысы жалғасуда, барлығы 2019 жылға өтетін нысандар болып табылады.
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге 701,4 млн.теңге бөлінді. Қаржы Ақтөбе қаласы және Мәртөк, Хромтау, Темір, Шалқар аудандарының көше жарықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге және аула аумақтарын абаттандыруға бағытталды.
Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттеріне 726,1 млн.теңге бөлініп, игерілді. Бөлінген қаржы жаңбыр және еріген суларды бұру үшін су бұру каналдарының құрылысына, жылу желілерін қайта жаңартуға және көпқабатты тұрғын үйлерге кәріз желілерін салуға бағытталды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бюджет саласының қызметкерлерін орналастыру үшін 70 пәтерлік шағын отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке беру бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға 71,6 млн.теңге бөлінді.(№9 слайд)

Облыстың полиция Департаментіне7 460,5 млн.теңге қаралып, игерілді.
Республикалық бюджет қаражаты есебіненішкі істер органдарының2 301 қызметкерінің біліктілігін арттыру үшін жәрдемақы көлемін ұлғайту және лауазымдық еңбекақысын арттыруға 490,6 млн.теңге бөлінді және игерілді.
Жергілікті бюджет есебінен 6 969,9 млн.теңге игерілді. Полиция бөлімінің қызметін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде еңбекақы төлеу, автокөлік құралдарынсақтандыру, жанар-жағармай және т.б. - 4 501,1 млн.теңге, көлік құралдарын сатып алу - 809,8 млн.теңге,шаруашылық құралдарын сатып алу - 938,2 млн.теңге, Ақтөбе қ. Елек ІІД-н күрделі жөндеу - 410,1 млн.теңге, қызметтік жануарларды ұстауды ұйымдастыру - 67,0 млн.теңге, белгілі тұратын жері жоқ адамдарды орналастыру қызметтері – 44,1 млн.теңге, әкімшілік тәртіпте ұсталған адамдарды ұстауды ұйымдастыру - 55,5 млн.теңге бөлінді.(№10слайд)
Облыстың денсаулық сақтау басқармасына 7 055,2 млн.теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде:
Республикалық бюджет есебінен 1 361,2 млн.теңге игерілді, оның ішінде халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды сатып алу Бірыңғай дистрибьютор«СК-Фармация» ЖШС 1 154,2 млн.тенгеге келісім шарт жасалыды. Аталған бағдарлама бойынша 234 292 адам вакцина алды.
«Салауатты өмір салтын насихаттау» бағдарламасы бойынша 124,9 млн. тенге және ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру- 82,2 млн.теңге бөлінді, 19 904 бірлік іс-шаралар жүргізілді.
Облыстық бюджет есебінен 5 694,0млн.теңге бөлінді, оның ішіндемедициналық жабдықтарды және и санитарлық транспортты, эндоскопиялық гинекология үшін видеокомплекс, жаңа туылған нәрестелер үшін жасанды тыныс алу қондырғысы, стационарлық сандық рентгендік флюорографиялық аппарат, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйе, наркоз аппараттыжәне т.б. 2 265,4 млн.теңге бөлінді.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бағдарламасы бойынша 2 187,8 млн.теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде Ақтөбе қ. «Көз ЖарығыКлиникасы» ЖШС-не 60 төсек орындық офтальмологиялық аурухана және 500 келушіге арналған емхана құрылысына 1 599,4 млн.теңге, «ZHANATOBE» ЖШС-не Ақтөбе қ. (Жаңатөбе)қалалық жедел медициналық көмек бекетінің құрылысына және пайдалануға 588,4 млн.теңге.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау үшін «Ақтөбе медициналық колледж» МКҚК-ның қызметі мен жұмысына 372,4 млн.теңге бөлінді және игерілді немесе 100 %.
«Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» бағдарламасы бойынша мастер-класс, семинарлар, симпозиумдар мен форумдар өткізуге 136,4 бөлінді және игерілді немесе 100 %.
«Ана мен баланы қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер» 159,7 млн.теңге бөлінді және игерілді. Қаражат саны 101,25 бірлікті құрайтын «Үміт» балалар үйі» ММ ұстауға бағытталды.
«Облыстардың жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша тегін медициналықкөмектің кепілдендірілген көлемін қосымша қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша орфандық науқастарды, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ОСӨЖ шеңберінде оларға теңестірілген тұлғаларға, қосымша дәрілік заттарды беру үшін 145,3 млн.теңге бөлініп, игерілді. Дәрілік заттарды Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС, «Медсервис +» ЖШС, «Дем-Фарм» ЖШС, «Сто-Фарм Ферма» ЖШС, «KAZBIOTECH» ЖШС қамтамасыз етті.
Аппаратты ұстауға - 93,8 млн.тенге, арнайы медициналық база – 52,6 млн.тенге, азаматтарды тегін жол жүрумен қамтамасыз ету – 41,6 млн.теңге, ақпараттық-талдамалық қызметтер – 65,7 млн.теңге игерілді.
Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы аясында Темір аудандық туберкулездік ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге 8,6 млн.теңге және Қобда аудандық орталық ауруханасының (қазандық, гараж) шаруашылық ғимаратын күрделі жөндеуге 17,7 млн.теңге, сонымен бірге SCODA Rapit автокөлік құралын сатып алуға 6,4 млн.тенге. (№11 слайд)

Дене шынықтыру және спорт басқармасына6 265,4 млн.теңге бөлініп, игерілді.
"Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы" бағдарламасы бойынша 3 200,4 млн.теңге бөлініп, игерілді.
"Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру" бағдарламасы бойынша 1 666,6 млн.теңге бөлініп, игерілді. Осы бағдарлама бойынша 12 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, 1 олимпиадалық резервті даярлау орталығы, 1 жоғары спорт шеберлігі мектебі қаржыландырылады.
"Мамандандырылған білім беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы білім беру" бағдарламасы бойынша "Есет батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат" КММ ұстауға 243,0 млн.теңге бөлінді.
"Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша 228,8 млн.теңге бөлініп, игерілді.
"Мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" бағдарламасына 511,1 млн.теңге бөлініп, игерілді. Қаражат Мұз сарайын салуға - 449,6 млн. теңге, 2 спорт алаңын жалға алуға 61,5 млн. теңге жұмсалды.
"Жергіліктібюджеттерденберілетінағымдағынысаналы трансферттер"бағдарламасы бойынша 338,4 млн.теңге бөлініп, игерілді.(№12 слайд)
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 3 583,9 млн.теңге бөлініп игерілді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 1 611,1 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге» 602,1 млн.теңге бөлініп игерілді. Бұл қаражат аз қамтылған отбасылардың және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. 19 400 адам атаулы әлеуметтік көмек алды.
«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға 606,8 млн.теңге бөлініп, игерілді.Облыстың 540 кәсіпорнында әлеуметтік жұмыс орындары құрылдып, 1 219 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасын ұйымдастыру үшін 1 105 адамға 428,6 млн.теңге бөлінді және облыстың 649 кәсіпорындары мен ұйымдарында 1 305 адам жұмысқа орналастырылды.
2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға 189,8 млн.теңге бөлініп, игерілді. Бұл қаражат мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, 4 көлікті«Инватакси» қызметтерін дамытуға, 70 мүгедекке ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуіне және т.б.
Жұмыспен қамту орталықтарында әлеуметтік жұмыс кеңесшілерін және ассистенттерін іске асыруға 115,7 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Жергілікті бюджет есебінен 1 972,4 млн.теңге бөлінді, оның ішінде бірлескен қаржыландыру бойынша жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы - 315,6 млн.теңге.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз етуге 1 800 адамға 113,3 млн.тенге бөлініп игерілді.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық құралдармен және арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етуге 5 932 мүгедекке 284,3 млн.теңге бөлініп игерілді.
1071 мүгедекке 44,3 млн.теңгеге протездеуге арналған медициналық қызмет көрсетіліп, протез-ортопедиялық бұйымдарымен қамтамасыз етілді.
«Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бағдарламасы бойынша 352,7 млн.теңге бөлініп игерілді.
«Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бағдарламасы бойынша 374,7 млн.теңге бөлініп игерілді, бұл бағдарламаның мақсаты қарт адамдар мен мүгедектердің өмір сапасын жақсарту болып табылады.
Бұдан басқа, облыстық бюджеттен 300,0 млн.теңге көлемінде нысаналы ағымдағытрансферттер бөлініп, «Жасыл ел» отрядтарына 4 316 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты, соның ішінде 2107 студент, 831 мектеп оқушысы, 1378 жұмыссыз.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бағдарламасы бойынша 140,9 млн.теңге бөлініп игерілді. «Жайна» мүгедек балаларға арналған оңалтуауруханасы Ақтөбе қаласының ауруханасында психоневрологиялық аурулары бар 81 мүгедек балаға қызмет көрсетеді.(№13 слайд)

Облыстың кәсіпкерлік басқармасына 3 259,9 млн.теңге бөлінді және игерілді. Қаржы 2 075,2 млн.теңге көлемінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына бағытталды.
Бағдарлама аясында КОБ 247 субъектісіне қолдау көрсетілді, оның ішінде:
- бағамды субсидиялау бойынша–КОБ субъектісінің 108 жобасы,
- кредиттер кепілдігі бойынша – КОБ 121 жобасы,
- гранттарды беру бойынша – КОБ 18 жобасы.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» бағдарламасы бойынша 387,6 млн.теңге бөлінді және игерілді.
«Облыстық орталықтарда және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру» бағдарламасы бойынша 668,0 млн.теңге бөлініп, игерілді.(№14 слайд)

Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына 2034,4 млн. теңге бөлініп, игерілді.
"Мәдени-демалыс жұмысын қолдау" бағдарламасы бойынша 227,3 млн.теңге бөлініп, игерілді. Қаржыландыру 3 мекеме бойынша жүргізілді, оның ішінде: "Облыстық халық шығармашылығы орталығы" МКҚК, "Ақтөбе облыстық Планетарий" МКҚК, "Әлия "патриоттық тәрбиелеу орталығы" КММ, жалпы штат саны 93 бірлік.
"Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша 411,4 млн.теңге бөлініп, игерілді. Осы бағдарлама бойынша 18 мекеме қаржыландыруды жүзеге асырылады, оның ішінде: "Қобыланды "мемориалдық кешені" МКҚК, «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы "КММ және 16 мұражай, жалпы штат саны 234 бірлік.
«Театр және музыка өнерін қолдау» бағдарламасына 708,6 млн.теңге бөлініп, игерілді. Осы бағдарлама бойынша «А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» МКҚК, «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» МКҚК, «Алақай» облыстық қуыршақ театры» МКҚК қаржыландырылады, жалпы штат саны 532,5 бірлік.
«Облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету» бағдарламсына 189,5 млн.теңге бөлініп, игерілді.
«Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасына 129,9 млн.тенге бөлініп, игерілді.
«Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасына 163,1 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде: 5 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – 111,4 млн.теңге, 2 нысан бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 15,8 млн.теңге, 2 автобус сатып алуға – 18,8 млн.теңге, музыкалық және компьютерлік жабдықтарды сатып алуға – 11,7 млн.теңге.( №15слайд)

Әкім аппараты-1 570,1 млн.теңге;
Ішкі саясат басқармасы- 670,5 млн.теңге;
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы- 660,6 млн.теңге;
Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы- 660,4 млн.теңге;
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы - 608,1 млн.теңге;
Тексеру комиссиясы- 176,8 млн.теңге;
Тілдерді дамыту басқармасы-162,6 млн.теңге;
Ветеринария басқармасы- 148,8 млн.теңге;
Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы- 148,3 млн.теңге;
Төтенше жағдайдар департаменті- 122,3 млн.теңге;
Дін істері басқармасы- 117,8 млн.теңге;
Жастар саясаты мәселелерi бойынша басқармасы- 117,5 млн.теңге.
Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы - 68,7 млн.теңге;
Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы- 62,7 млн.теңге;
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы - 49,7 млн.теңге.
Мәслихат аппараты - 41,4 млн.теңге;
Мемлекеттік сатып алу басқармасы - 30,8 млн.теңге.

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР
2018 жылы облыстық бюджетті нақтылау және түзету барысында бюджеттік кредиттердің көлемі 10 640,8 млн.теңге болды, бекітілгеннен 6 499,9 млн.теңгеге ұлғайды, 100% игерілді.
2018 жылы бюджеттік несиелеу 5 облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, әкімшілер бөлінісінде бюджеттік несиелеудің жалпы сомасының ең үлкен бөлігі құрылыс басқармасына – 42,3%, ауылшаруашылығы басқармасына - 36,2%, кәсіпкерлік басқармасына - 9,9%, энергетика және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына – 7,1% және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына - 4,5% келеді.
2018 жылы кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша 4500,0 млн.теңге облигациялық қарыздар есебінен «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында 3, 4, 5 қабаттық жалпы 1695пәтер болатын 36 үйдің құрылысы басталды, оның ішінде 354 пәтер болатын 9 аз қабатты тұрғын үй қолданысқа берілді, қалған 1341 пәтер болатын 27 аз қабатты үй 2019 жылға өтетін үйлер.
2018 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген 354 пәтерді сату техникалық паспорттарының болмауына байланысты 2019 жылдың наурыз айында басталды.
Жылу, сумен жабдықтау және су беру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру бағытында 2018 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында 3 жобаны жүзеге асыру үшін 761,4 млн.теңге бөлінді, инженерлік желілердің жалпы ұзындығы – 18,1 км, оның ішінде:
1. Мұғалжар ауданының Қандыағаш қ. құрамды т/б бұйымдардан жерасты резервуарын 1500 м3 – 2 дана және көтерімдегі ВНС-2 жерасты сорғы станциясы құрылысы;
2. Мұғалжар ауданы Жағабұлақ с. сумен жабдықтау желілерін және сумен қамтамасыз ету объектілерін қайта құру;
3. Қарғалы ауданы Бадамша с. қолданыстағы жылу желілерін айналдыру үшін секіргіштер салу.
Бүгінгі күні жоғарыда аталған нысандар бойынша барлық құрылыс-монтаждық жұмыстар аяқталды, нысандар қолданысқа берілді. 100% игерілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 2017-2021 жылдарға 3 850,3 млн.теңге бюджеттік кредиттер бөлінді, облыс әкімдігінің Қаулысына сәйкес келесідей бөлінді:
- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АФ – 2 429,2 млн.теңге (655 жоба);
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – 1421,1 млн.теңге (329 жоба).
Сонымен қатар, «Еңбек» жобасы аясында өткен жылы микрокредиттеу мақсатына 1 055,6 млн.теңге игерілді, қорландыру және екінші деңгейлі банктерде қаржыларды орналастыру «Даму КДҚ» АҚ АФ жүзеге асырылды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша ЕДБ 939,2 млн.теңгеге (89 %) 86 жоба қолдау тапты, оның ішінде 806,0 млн.теңге (76%) 75 микрокредит берілді. Осылай, ЕДБ қаржыларды нақты игеру - 76% құрады.
ЕДБ үшін игеру мерзімі «Даму КДҚ» АҚ АФ қаржының түскен күнінен бастап 9 ай екенін атап өткен жөн.
Бағдарламаны мониторингтеу кредит берілген жобалардың 78% бизнестің алғашқы жобасына тиесілі (59 жоба - 591,8 млн.тг.), ал қалған бөлігі қызмет жасап отырған кәсіпкерлердің үлесі екенін көрсетті (16 жоба- 214,2 млн.тг.).
Кредиттер бөлшек сауданы ұйымдастыруға, монша қызметін, балабақша, жүк тасымалы, көрсетуге, қоғамдық тамақтану және басқаларына бағытталды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты арзандатылған кредиттер беру (6% 5-7 жылға дейін) жолымен кәсіпкерлікке тарту және жетіспейтін кепілдік мүлікпен қамтамасыз ету (жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кредит сомасының 85% дейін, жұмыс жасап жатырғандарға 50%дейін)
ЕДБ қаржының себептері жұмыс жасап отырған кәсіпкерлерге кредит беру үшін бағдарлама шарттарында шектеулер болуына байланыстытолықтай игерілмеді, бұл әлеуетті қатысушыларды шектеді (2018ж.13.11 №746 ҚР ҮҚ өзгеріс енгізілді, 06.12.2018 ж. күшіне енді.)
Бұған қарамастан, біздің облыс микрокредиттер беру сомасы бойынша ҚР аумақтары арасында 1 орында, ал игеру үлесі бойынша алдыңғы бестікке кіреміз (Маңғыстау, Атырау, БҚО, СҚО).
Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін кредиттер беру бағыты бойынша 473,5 млн.теңге бөлініп, игерілді, 149 маман кредит алды, оның ішінде білім беру саласы бойынша – 118 маман, денсаулық сақтау – 23 маман, мәдениет – 3 маман, спорт – 1 маман және агроөнеркәсіп кешені бойынша – 4 маман.
Республикалық бюджеттен алынған барлық кредиттер жасалған кредиттік келісім-шарттарына сәйкескестемен белгіленген мерзімде қайтарылады.(№16 слайд)

2018 жылы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің кредиторлық берешегі 342,7 млн.теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 279,5 млн.теңгеге ұлғайды.
Үлкен берешек құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен (141,6 млн.теңге),табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен (135,9 млн.теңге), дене шынықтыру және спорт басқармасымен (36,1 млн.теңге) және полиция департаментімен (17,9 млн.теңге) жіберілді.

Назарларыңызға рахмет!

2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешім жобасы

 

 


Облыстык мэслихаттың «2019-2021 жылларға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы» мәселесін қарау бойынша депутаттық Жумыс тобының огырыстарын өткізу кестесі

Баспасөз хабарламасы

270918-12018 жылғы 26 қыркүйекте №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Толығырақ...

2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешім жобасы

 

2018–2020 жылдарға бюджеттік шығындары бойынша түсіндірме жазбалар

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31