Материалдар

Құрметті ақтөбеліктер!

astanaСіздерді Астана қаласының 20 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – халқымыз үшін тәуел¬сіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры.
Бір кездері қатардағы қалалардың бірі болған елордамыз аз ғана уақыт ішінде миллион тұрғыны бар, экономикалық, саяси және рухани орталыққа, өркениеттің сындарлы пікірталас алаңына, ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын айқындайтын орынға айналды.
Уақыттан оза шапқан бүгінгі бас қала – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі. Арманы мен тілегінің кепілі.
Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Бас қаламыз-Астана өркендей берсін!

Игі тілекпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова

 

Баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 27 ақпанда, №10 Абая сайлау округінен депутат Асхат Абдрахманұлы Айтжановтың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

Толығырақ...

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы 2017 жылғы 21 желтоқсанда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

К ү н    т ә р т і б і:

1. Б.О.Ержановтың облыстық мәслихаттың депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

Хабарламашы: Г.Н.Күнбаева – облыстық сайлау комиссиясының төрайымы

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2017 жылғы 21 желтоқсанда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Баспасөз хабарламасы

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі Елбасының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, «Сәби» қорының қолдауымен Ақтөбе қаласында, жетім балалар үшін, құны 1,6 млрд теңге, 110 орындық, Қазақстанда теңдесі жоқ әлеуметтік үй ашылды.
Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, «Сәби» қайрымдылық қорының құрылтайшысы Кеңес Рақышев, «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова қатысты.

Пресс релиз

1480575439 img-20161201-wa0042

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi Ақтөбе қаласында салтанатты шаралар өтті және бірқатар нысандар ашылды.

Толығырақ...

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31