Материалдар

Сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының
ХАБАРЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұратын құрамда қалыптастырылады.
Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.

 


Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 20 желтоқсанға желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері облыстық мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты

Қалдығұлова Сәния Мұсақызы – Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы. Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.

Жауапты тұлға – Айтқалиев Тимур Владимирұлы, №204 бөлме, қалааралық телефон коды (87132), қызметтік телефоны: 56-44-75, ұялы телефоны: +77015993008, факс нөмірі: 54-34-75, электрондық почта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Ақтөбе облыстық мәслихаты Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды.

 

 

р/б

Сайлау комиссиясының орналасқан орны

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

 

1

2

3

 
 

 

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

 

1.

Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40

7

 

 

 

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсыну бойынша саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары

Сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімімді өтініш