Материалдар

Багаутдинов Шамиль Агламутдинович


Багаутдинов Шамиль Агламутдинович


№29 Хромтау сайлау округі

Бағаутдинов Шамиль Агламутдинович Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында 1965 жылы 2 маусымда өмірге келді.
№2 орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын 1982 жылы «Хромтаутяжстрой» тресінде бастады. 1983 жылдан 1985 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында әскерлік борышын өтеді. 1985 жылы Челябинск политехникалық институтына түсіп, инженер-экономист мамандығы бойынша жоғары білімді алып, 1990 жылы оқуын бітірді.
Институтты бітіргеннен кейін Дөң тау-кен байыту комбинатында жұмысын жалғастырды.
1990-1991 жылдары Дөң тау-кен байыту комбинаты Жөндеу - құрылыс цехының тас қалаушысы болып;
1991-1996 жылдары Дөң тау-кен байыту комбинаты Жөндеу - құрылыс цехының шебері болып;
1996-2000 жылдары Дөң тау-кен байыту комбинаты Жөндеу-құрылыс цехының прорабы болып;
2000-2007 жылдары Дөң тау-кен байыту комбинаты Жөндеу-құрылыс цехының Экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы болып;
2007-2008 жылдары Дөң тау-кен байыту комбинаты Еңбекті ұйымдастыру және нормалау бөлімінің басшысы болып;
2008-2018 Дөң тау-кен байыту комбинаты Адамзат ресурстары басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы- Дөң тау-кен байыту комбинатының HR бизнес –серіктесі болып қызмет атқарып отыр.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.