Материалдар

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркеповтің төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдасбекұлы Нұрғалиев, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, Ақтөбе қаласы әкімдігінің, облыстық жергілікті полиция қызметінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


«Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету жағдайы мен шаралары және оларды облыстың қоғамдық өміріне тарту туралы» мәселе бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәбит Сабырұлы Мұқанов хабарлама жасады.
Бүгінгі күні облыстағы жастар саны (14-29 жас аралығы) 222 мыңға жуық адамды немесе облыс тұрғындарының 26,6% құрайды. Олардың 137 950 қала (62%), 84 011 (38%) ауыл жастары болып табылады.
Облыстағы жастар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 16 мың адамға артқан (206 мың адам). Бұл 2000-шы жылдардағы елдегі бала туу санының артқандығымен түсіндіріледі.
Жоғары оқу орындарында (ЖОО) 20 166 студент білім алуда. Олардың 16641-і күндізгі бөлім студенттері болса, 5917-сі мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатқандар.
2014 жылдан бастап облыста Жастар ресурстық орталықтарын (ЖРО) дамыту қарқынды жүзеге асырылды. Қазіргі таңда қызметкерлердің жалпы саны 88 адамды құрайтын 13 ЖРО (1 - облыстық, 12 - аудандық ) жұмыс жасайды.
Соңғы үш жылда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 664,9 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 129 әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылды.
ЖРО-ның негізгі қызметі – жастармен мекен-жай бойынша жұмыстар жүргізу. Орталықтарда жастардың барлық санаттарына психологиялық және заңгерлік көмек көрсететін әлеуметтік қызмет жұмыс жасайды.

А.ж. 1 мамырындағы жағдай бойынша орталықтарға 1137 жас түрлі өтініштермен жүгінген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 244 адамға артық. Өтініштердің басым бөлігі жұмыспен және баспанамен қамту, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мәселелеріне қатысты.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ЖОО, техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында және ірі кәсіпорындарда 62 жастар ісі жөніндегі комитеттер және жастар кеңестері қызмет етеді. 62 комитеттің 17-сі штаттық бірлік ретінде енгізілген, ал қалған 45-і негізгі қызметіне қоғамдық жұмыс ретінде қосымша жүктелген.
Сонымен қатар, аталмыш бағытта жұмыстар жүргізу үшін Ақтөбе қаласы (5) және облыс аудандары (9) бойынша 14 аула клубы жұмыс жасайды. Олардың негізгі жұмыс бағыттары спорттық секциялар, актерлік шеберлік және ән, би, домбыра, фортепиано, гитара үйірмелері негізінде жүргізіліп келеді.
«Street Workout» қозғалысы бойынша 11 алаң құрылып, қызмет етуде. Жалпы, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, спортпен және шығармашылықпен шұғылдануды қамтамасыз ету бойынша 2017 ж. 1 мамырына барлығы 86 шара өткізіліп, оған 11 000-нан астам жас қатысты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сәйкес, үздіксіз спортпен шұғылданатын жастардың үлесі – 18,1% құрап отыр.
Жастар Үкіметтік емес ұйымдарын (ҮЕҰ) дамыту саласында облыста 30 жастар ұйымдары белсенді қызмет етеді. Олардың ішінде ең белсенділері – «Атамекен» Қоғамдық бірлестігі (ҚБ), «Ақтөбе дамуы» Қоғамдық Қоры, «Жас Отан» ЖҚ, «Ақтөбе жастары» ҚБ. Ұйымдардың басым бөлігі облыс орталығында және Шалқар мен Қобда аудандарында жұмыс жасайды.
Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші маңызды рөлге ие. Сол себепті, өңірімізде жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі» және «Серпін-2050» сынды жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.
Мәселен, «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 2016 ж. қорытындысы бойынша 477 жас маман 70,8 млн.теңгеге көтермеақы алса, оның 150-не жалпы сомасы 451,1 млн.т құрайтын бюджеттік несие берілді.
2017 ж. аталмыш жоба аясында 105 жас маманға 357,4 млн.т көлемінде бюджеттік несие және жалпы сомасы 54,3 млн.т болатын көтерме жәрдемақыны 342 маманға беру жоспарланып отыр.
Жастар тәжірибесіне 1039 жұмыссыз жас түлек жіберілді. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 372 жасқа артық.
«Жасыл ел» жобасы аясында 2016 ж. 5000-ға жуық студент, жұмыссыз және ауыл жастары жұмыспен қамтылды, жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 327,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді.
А.ж. жобаны жүзеге асыруға 405,6 млн.т. бөлінсе, оның 78,6 млн.т. республикалық трансферт есебінен, қалған 327 млн.т. жергілікті бюджет есебінен. Жоба аясында 5 мыңнан астам жас қамтылады деп жоспарлануда. Бөлінген қаражат сарбаздардың жалақысы мен арнайы киім-кешегіне, сондай-ақ имидждік жұмыстарды жүргізуге арналған.
«Серпін-2050» жобасын іске асыру аясында бүгінгі күнде 417 жас арнайы білім беру гранты бойынша Қ.Жұбанов ат. АӨМУ-де білім алуда. Жобаның мақсаты республика көлемінде кәсіби бағдарлық миграцияға жағдай жасау және студенттер түлеп шыққанда оларды Ақтөбе өңірінде жұмыспен қамту.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2017 ж. арналған Ақтөбе облысының Кешенді жоспарына сәйкес, 2017 ж. 1 мамырына 16-29 жас аралығындағы 2771 (50,9%) жас жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 74 жас орналастырылса, уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыс орындарына жіберілген жастардың саны 1461 адамды құрады.
Өңірде жүйелі түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіледі. 2017 ж. 1 мамырына 24 жәрмеңке өткізіліп, оған 721 жас қатысты. Нәтижесінде бос жұмыс орындарына 199 жас орналасты, уақытша сипаттағы қоғамдық жұмысқа 152 жас, кәсіби даярлауға және қайта даярлауға 45 жас жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 23 жас, жастар тәжірибесіне 234 жас жіберілсе, 272-і жұмысқа орналасу мәселесі бойынша кеңес алды.
Ақтөбе облысының статистика департаментінің мәліметі бойынша облыста жастардың жұмыссыздық деңгейі – 2,9% құрайды (орташа республикалық көрсеткіш – 4,1%).
Сонымен қатар, жастар, соның ішінде жас отбасылар санатындағылардың өзекті мәселелерінің бірі – баспана мәселесі болғандықтан 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту Бағдарламасы аясында 2015 және 2016 жж. Ақтөбе қаласында «Жас Отбасы» санатындағы жастарға 234 пәтер берілсе, 2017 жылы 468 пәтерлі үйді пайдалануға беру көзделген. Сондай-ақ, а.ж. жас мамандар үшін де баспана мәселесі оңтайлы шешіліп келеді.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі «Ақтөбе қаласындағы атаусыз көшелерге атау беру және қайта атау туралы», «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылының «Ырғыз гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне Ұзақбай Құлымбетовтың есімін беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы» және Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы» мәселелер бойынша тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Тельманқызы Төлебаева хабарлама жасады.
Қаралған мәселелерді талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.