Материалдар

Пресс релиз

SM12-12-16

Облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясының жалпы отырысына №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан ТУЛЕГЕНОВА төрағалық етті.

Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев және облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Күн тәртібінде «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» мәселе қаралды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Әдиетқызы Айдашева баяндама жасады. Депутаттар сұрақтар қойып, басқарма басшысы жауап берді.
Аталған мәселе бойынша облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық Жұмыс тобының басшысы Ни Аркадий Юрьевич қорытынды жасады.
Облыстық мәслихаттың бес тұрақты комиссиясы ағымдағы жылы жасалған жұмыстар бойынша есеп берді. Комиссия төрағалары отырыстарда қаралған мәселелер мемлекеттік органдарға берілген ұсынымдар туралы баяндады.
«Мәдениет мекемелерінің жағдайы және одан әрі жақсарту бойынша шаралар туралы» мәселе бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қанат Құдайбергенұлы Айтбаев баяндама жасады.
2016 жылдың 1 желтоқсанына барлығы 491 мәдениет және архив, оның ішінде 479 мемлекеттік - 239 кітапхана, 195 клубтық мекеме, 21 музей, 2 саябақ, 2 театр, филармония, 13 архив және өзге де мәдениет мекемелері өңір тұрғындарына қызмет көрсетуде және оған салада жалпы саны 3081 адам (2015ж -2841), оның ішінде 2998- мәдениет, 83-мұрағат қызметкері саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңға cалаға жылдық нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 4725,5 млн. теңге (01.12.2015 жылы – 3360,5 млн.теңге) қаралып, 11 айда оның 3854,0 млн.теңгесі (01.12.2015 жылы – 3107,6 млн.тенге) игерілді.
Жалпы биылғы жылы «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы аясында барлығы 32 мәдени нысан (2015 жылы - 7 нысан), оның ішінде Ұлттық қор есебінен 11 нысан, Үкіметтің арнаулы резерві есебінен 21 нысан ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізілуде.
Жалпы салада өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Әйтеке би ауданында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені, Толыбай ауылында ауылдық музей ғимараты салынса, биылғы жылы Ақтөбе қаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыстық тарихи-өлке тану музейінің жаңа ғимараты, 1543 орындық Концерттік зал құрылыстары басталуда. Және аталған музейдің ескі ғимараты жанынан 75,0 млн. теңгеге әкімшілік ғимарат салынды.
Есепті мерзімде ұйымдастырылып өткізілген негізгі және кең көлемді мәдени-көпшілік шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып оның аясында ұйымдастырылуда. Олардың ішінде: «Үлкен ел – үлкен отбасы» старт-акция мәдени шарасы, халықаралық «Жұбанов көктемі-2016» фестиваль-конкурсы, республикалық «Үш жұлдызы батыстың» патриоттық әндер, Кердері Әбубәкірдің 155 жылдығына арналған «Тамырларым тереңде, бұтақтарым биікте» жыршы-жыраулар, Н.Тапалова атындағы «Назерке» би, «Балауса» жастар мен студенттер театрлары, «Айтқыштар Ақтөбеде» әзіл-сықақ театрлар байқаулары, «Көзайым» телевизиялық жобасы, республикалық «Ән ғұмыр» ретро әндер фестиваль-концерті, халықаралық «Темір форум» симпозиумы, «Жаса» облыстық талантты балалар баттл (сөз жарыстыру) байқауы, Т.Ахтанов атындағаы облыстық драма театрында Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестивалі, «Дәстүрлі мұра жаңғырығы» тарихи-танымдық этнографиялық фестивалі, сондай-ақ жаз айларының сенбі-жексенбі күндері ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Туған жерге тағзым» акциясымен танымал өнер жұлдыздарының мерекелік концерттері өтіп, аталған саябақта «Ақтөбедегі Арбат» ашылды және басқа да саябақтарда «Жылжымалы жазғы оқу залдары» ұйымдастырылды.
Облыс әкімімен бекітілген «Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы аясында облыс орталығы – Ақтөбе қаласында барлық ауданның Күндері ұйымдастырылып, оның қорытынды салтанаты қазанның 29 жұлдызында өтті. Сондай-ақ өткен мерзімде Семей ядролық полигонының жабылғанына 25, Ұлт азаттық көтерілісінің-100, атақты композитор, академик А.Жұбановтың 110 жылдықтарының, Астана қаласы мен Қызылорда облысындағы Ақтөбе облысы Күндерінің мәдени шаралары, өзге де атаулы концерттер, кездесулер, кештер, кітапханаларда, музейлерде онлайн-конференциялар, онкүндіктер, апталықтар, акциялар және т.б. өтті.
Сонымен қатар, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша мәдениет және архивтер саласында белгіленген міндеттемелерде мәселелер және кемшіліктер бар:
- ең өзекті проблема – мәдениет және архив мекемелерінің материалдық-техникалық нашар жабдықталуы. Мәдениет мекемелерін күрделі жөндеу негізінен тек «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» Бағдарламасының аясында ғана шешілуде. Ең бір өз