Материалдар

Пресс релиз

Sm16-11-16-22016 жылғы 15 қарашада облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі кеңейтілген отырысы өткізілді

2016 жылғы 15 қарашада облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат ДМИТРИЙ АДАМОВИЧ ДОВМАТЕНКОНЫҢ төрағалық етуімен өтті.
Комиссия отырысының жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
Сонымен қатар, отырысқа комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдармен орындалу барысы туралы» Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы - Қайыржан Ахметбекұлы Токушев хабарлама жасады.
Қ.А.Токушев хабарлама жасау барысында, қабылданған Заң әрқайсымызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндеттейтіндігін атап өтті. Бұндай шаралар қатарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтау жатқызылады.
Сыртқы және ішкі болып екі бағытта жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (8-бап) - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу бойынша жаңа тетіктердің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне 60 мемлекеттік мекеме және 3 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі талдау нәтижелері тапсырылған.
Ішкі талдауды өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындауды талдау нәтижесінде барлық мемлекеттік мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін үшкі талдауды жүргізуді қатаң бақылауға алу қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудегі маңызды жетістіктердің бірі білім берудің барлық денгейіне 2015-2016 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптардың енгізілуі болып табылады.
Бүгінгі күні облыс бойынша 41 орта арнаулы, 417 орта (мектептер), 555 мектепке дейінгі оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг.
Мемлекеттік органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласына әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде. Алайда, жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың сапасы өте төмен. Осы уақытқа дейін облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізу және ұйымдастыру мәселелеріне арналған нақты ғылыми зерттеулер жүргізілмеген.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабын жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған шараларды қабылдау үшін барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар - бұл қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.
Барлық мемлекеттік органдарда, ұйымдарда мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сәйкес стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру бойынша Департамент белсенді жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі күні облыс бойынша 109 стандарт әзірленді:
- жергілікті атқарушы органдармен – 44 тен 44;
- аудан әкімдіктерімен – 12 ден 12;
- орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен – 35 тен 23;

Қ.А.Токушев Ақтөбе облысындағы 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары Жоспарының орындалуы туралы басқармалардың ақпараттары жөнінде баяндады.
Жалпы алғанда, Жоспардың орындалуы бойынша ақпаратты 59 мемлекеттік мекеме ұсынған, олардың ішінде бірқатар кемшіліктер де бар.
Бүгінгі күні мемлекеттік органдар өздерінің интернет-ресурстарына әлі де болса жеткілікті көңіл бөлмей отыр. Облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің интернет-ресурстарында «Сұрақ-Жауап» бөлімдері жұмыс істемейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімдерінде пайдалы ақпараттар аз, жаңалықтар айдары уақытылы жаңартылмайды.
Интернет-ресурстарды талдау нәтижесінде мемлекеттік мекемелермен интернет-ресурсқа орналастырылатын ақпарат көлемі мемлекеттік мекемелердегі ақпарат көлемінен өте төмен екендігі анықталған.
Қорыта келгенде, Қ.Токушев басымдық сыбайлас жемқорлық салдарымен күресуге емес, оның себептерін жоюға берілу керек екендігін ескертті.
Хабарлама бойынша депутаттар бірқатар мәселелерді көтеріп, сұрақтар қойды және ұсыныстар енгізді.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылап, пікір алмасқаннан кейін тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.