Материалдар

Пресс релиз

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының
баспасөз хабарламасы

2016 жылғы 04 қарашада облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркеповтің төрағалық етуімен өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Тұрарұлы Шериязданов, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің, мәдениет мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі «Мәдениет мекемелерінің жағдайы және одан әрі жақсарту бойынша шаралар туралы» мәселе бойынша облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Қ.Айтбаев хабарлама жасады.
Жалпы барлығы 494 мәдениет және архив, оның ішінде 482 мемлекеттік - 239 кітапхана, 198 клубтық мекеме, 21 музей, 2 саябақ, 2 театр, филармония, 13 архив және өзге де мәдениет мекемелері өңір тұрғындарына қызмет көрсетуде және оған салада жалпы саны 3081 адам (2015ж -2841), оның ішінде 2998- мәдениет, 83-мұрағат қызметкері саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңға cалаға жылдық нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 4558,2 млн. теңге (01.10.2015 жылы – 3360,5 млн.теңге) қаралып, оның 3245,6 млн.теңгесі (01.10.2015 жылы – 2601,3 млн.тенге) игерілді.
Жалпы биылғы жылға «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы аясында барлығы 32 мәдени нысан (2015 жылы - 7 нысан), оның ішінде 2-ші және 3-ші транштар бойынша 9 нысан, Үкіметтің арнаулы резерві есебінен 21 нысан, үнемделген қаражат есебінен 2 нысан ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізілуде.
Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Әйтеке би ауданында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені, Толыбай ауылында ауылдық музей ғимараты салынса, биылғы жылы Ақтөбе қаласында облыстық тарихи-өлке тану музейінің жаңа ғимараты, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы шеңберінде 1543 орындық Концерттік зал құрылыстары басталуда.
2016 жылы бюджеттен облыстық тарихи-өлке тану музейінің жаңа ғимараты құрылысына 198,0 млн. теңге бөлінді және аталған музейдің ескі ғимараты жанынан салынып жатқан әкімшілік ғимараты құрылысына биылға 75,0 млн. теңге қаражат қаралды.
Биылғы 9 айда облыста 16 мыңнан астам мәдени - көпшілік шаралар өткізіліп, оған 2,6 млн. астам көрермен қамтылды (2015 жылғы осы мерзімде 14,0 мың шара және 2,1 млн адам). Оның ішінде облыстық театрлар мен филармония тарапынан 500 қойылымдар мен концерттер көрсетілді.
Есепті мерзімде ұйымдастырылып өткізілген негізгі және кең көлемді мәдени-көпшілік шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып оның аясында ұйымдастырылуда. Олардың ішінде: «Үлкен ел – үлкен отбасы» старт-акция мәдени шарасы, халықаралық «Жұбанов көктемі-2016» фестиваль-конкурсы, республикалық «Үш жұлдызы батыстың» патриоттық әндер, Кердері Әбубәкірдің 155 жылдығына арналған «Тамырларым тереңде, бұтақтарым биікте» жыршы-жыраулар, Н.Тапалова атындағы «Назерке» би, «Балауса» жастар мен студенттер театрлары, «Айтқыштар Ақтөбеде» әзіл-сықақ театрлар байқаулары, «Көзайым» телевизиялық жобасы, республикалық «Ән ғұмыр» ретро әндер фестиваль-концерті, халықаралық «Темір форум» симпозиумы, «Жаса» облыстық талантты балалар баттл (сөз жарыстыру) байқауы, Т.Ахтанов атындағаы облыстық драма театрында Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестивалі, «Дәстүрлі мұра жаңғырығы» тарихи-танымдық этнографиялық фестивалі, сондай-ақ жаз айларының сенбі-жексенбі күндері белгіленген жоспарға сай ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Туған жерге тағзым» акциясы аясында танымал өнер жұлдыздарының мерекелік концерттері ұйымдастырылуымен қатар, саябақтарда «Жылжымалы жазғы оқу залдары», ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Ақтөбедегі Арбат» ашылып ұйымдастырылды.
Облыс әкімімен бекітілген «Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы аясында облыс орталығы – Ақтөбе қаласындағы аудан Күндерінің кестесіне сәйкес барлық ауданның күндері ұйымдастырылып, оның қорытынды салтанаты қазанның 29 жұлдызында өтті.
Сондай-ақ өткен мерзімде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, Семей ядролық полигонының жабылғанына 25, Ұлт азаттық көтерілісінің-100, атақты композитор, академик А.Жұбановтың 110 жылдығының, Астана қаласы мен Қызылорда облысындағы Ақтөбе облысы Күндерінің мәдени шаралары, өзге де атаулы концерттер, кездесулер, кештер, кітапханаларда, музейлерде онлайн-конференциялар, онкүндіктер, апталықтар, акциялар және т.б. өтті.
Облысымыздың шығармашыл ұжымдары РФ Иваново, Орынбор қалаларындағы және Франция, Түркия т.б. елдердегі халықаралық байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсетулері жалғастырылды.
Биылғы 9 айда облыс кітапханаларына есепті мерзімде келушілер саны - 1772780 бірлік, тұрақты оқырман саны – 190325 адамды құрап, кітап қоры 4,0 миллионнан асты. Облыс музейлеріне келушілер саны – 196,0 мыңнан астам, жалпы экспонат саны – 175947 дананы құрап отыр.
Облыстың архивтерімен өткен мерзімде өңір тұрғындарына 2810 сақтау бірлігі басқару құжаттамасы, 1890 с.б. жеке құрам бойынша құжаттар, 620-дан астам фотоқұжаттар және басқалары сақтауға қабылданды. Осы салада азаматтар мен ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындауда 8208 анықтама берілді.
Саладағы осындай белгіленген міндеттер мен мәдени-көпшілік іс-шараларды толыққанды жүзеге асырып, тұрғындарға көрсетілетін мәдени және архив ісі қызметтерін жоғары деңгейде дамытуға қол байлау түйінді проблемалар мен кемшін тұстар да бар. Оның ішінде:
- Ең өзекті проблема – мәдениет ұйымдары мен архивтердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі. Мәдениет нысандары мен архивтерді күрделі жөндеу мәселесі негізінен тек «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында өз шешімін табуда. Алайда шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі - ғимараттардың жетіспеушілігі, мәдениет ұйымдары мен архивтердің өзіндік дербес ғимаратпен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі.
Мысалы, облыстың 36 тіректі елді мекенінің 2 елді мекенінде – Мәртөк ауданы Хлебодаровка және Хромтау ауданы Көктау ауылдарындағы мәдениет нысандарына, облыстың жалғыз моноқаласы Хромтауда аудандық Мәдениет үйіне жарамды ғимараттар болмай отыр. Қобда және Әйтеке би аудандық кітапханаларының, Алға, Қобда, Хромтау, Мәртөк аудандық музейлерінің де өз алдына дербес ғимараттары жоқ.
Құрамында 3 труппасы бар Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрының толыққанды жұмыс жасауына 1976 жылы салынған 382 орындық залы бар ғимарат тарлық етуде. Сол себепті жуық арада Хромтау қаласында аудандық мәдениет Үйі, кітапхана, мұражай топтасқан мәдени-сауықтыру орталығы құрылысын және Ақтөбе қаласында 2 көрермен залы бар қазіргі заман талабына сай облыстық қазақ драма театры ғимараты құрылысын жүргізу қажет етіледі.
Соңғы 15 жылда облыстық бюджеттен аудандық, ауылдық мәдениет нысандарын (клуб, кітапхана) салуға қаражат мүлде бөлінбей келеді. Осы жылдары тек аудандардың өз күшімен және қаражатымен шағын клубтар құрылысы жүргізілді.
Атап айтқанда Темір ауданында 100 және 150 орындық залы бар және кітапханасы қоса орналастырылған 7 клуб, Әйтеке би ауданында 1 клуб салынды. Биылғы жылы Әйтеке би ауданының Тереңсай ауылында, Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов атындағы және Қосестек ауылдарында клуб құрылыстары жоспарланып басталуда.
Мәдениет ұйымдарының, әсіресе аудандық МҮ, ауылдық, селолық клубтардың қажетті жабдықтармен, сахналық құралдармен және т.б. жарақталуы да төмен деңгейде. Барлық аудандық МҮ-лерін сапалы қуатты дыбыс аппаратурасымен, автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттігі де туындап отыр.
Облыстық «Алақай» қуыршақ театрының еліміздің барлық қалалары мен облыстың барлық аудандарына және жақын шет елдерге өз автокөлігімен әр жыл сайынғы гастрольдік іс-сапарларында, әсіресе ел іші сапарларында театрдың әбден ескірген ПАЗ автобусы алыс жолға мүлде жарамсыз болып отыр.
Көптеген архив қоймаларының шамадан тыс толып, ұйымдардан құжаттарды қабылдай алмауы тарихи құнды құжаттардың жойылып кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Облыстық мемлекеттік архивтің барлық филиалдары мен аудандық архивтері бейімделген ғимараттар мен жайларда орналасқан. Осы салада жеке құрам бойынша Ақтөбе қалалық мемлекеттік архивін қайта құру қажеттілігі күн тәртібіне қойылуда.
Бүгінгі таңда облыстағы мәдениет мекемелері мен архивтердің кадрлық қамтамасыз етілуі де айрықша назар аударуды қажет етеді.
Депутаттардың сұрақтарына хабарламашы жауап берді және мәдениет мекемелерінің қызметтерін жақсарту бойынша ескертулер мен ұсыныстар айтылды.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылап, пікір алмасқаннан кейін әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.

2016 жылғы 04 қараша