Материалдар

Пресс релиз

Sm29.10.16Облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясының жалпы отырысы өткізілді

2016 жылғы 28 қазанда өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясының жалпы отырысына №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан ТУЛЕГЕНОВА төрағалық етті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №346 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева хабарлама жасады.
Аталған мәселе бойынша ақпаратына сәйкес, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарымен, бюджеттің орындалуы бойынша жүргізілген бюджеттік мониторинг нәтижесінде анықталған үнемдеулерді қайта бөлу есебінен 2016 жылға облыстық бюджеттің нақтылануы ұсынылуда.
2016 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша облыс бюджетіне 67 млрд. 780 млн. теңге немесе жылдық болжамның 90 млрд. 676 млн. теңге болғанда 75% құрады. Жалпы жылдық болжамнан 1 млрд. теңге көлемінде артық орындалу күтіліп отыр.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шығыстарының 1 млрд. 570 млн. теңгеге азайтылуы мемлекеттік сатып алулар қорытындысы және басқа да себептермен үнемдеу түзелді.
Жасалған жұмыстарға ақы төлеу, жобалық-сметалық құжаттамаларды аяқтау, құрылыс жұмыстарын жалғастыру, жобаларды ортақ қаржыландыру және т.б. мақсаттарға 1 млрд. 367 млн. 467 мың теңге:
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына - 192,3 млн. теңге;
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерді абаттандыру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылым бойынша 139 жобаны жөндеуді ортақ қаржыландыруға - 331,2 млн. теңге;
Ауыл шаруашылығы басқармасына - 225,9 млн. теңге;
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына - 155,7 млн. теңге;
Білім басқармасына - 144,8 млн. тенге;
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына - 80,2 млн. теңге;
Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына - 64,7 млн.теңге;
Дене шынықтыру және спорт басқармасына - 40,2 млн. теңге;
Тілдерді дамыту басқармасына - 28,9 млн.теңге;
Денсаулық сақтау басқармасына - 18,7 млн. теңге бағытталды.
Мәселені талқылаудан кейін, сессия отырысында депутаттардың ұсыныстары мен ескертулерін есепке ала отыра, ағымдағы жылға облыстық бюджетті нақтылау туралы облыстық мәслихат тиісінше шешім қабылдады.
Сонымен қатар сессияның күн тәртібінде Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы мәселе қаралды.
Сессияның қорытындысы бойынша депутаттар тиісінше шешімдер қабылдады.