Материалдар

Пресс релиз

sm23-10-16Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

 

2016 жылғы 20 қазанда облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуімен өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Облыс кәсіпорындарының энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуін жоғарылату бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмысы туралы» мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жанат Әлімұлы Жұбанышев хабарлама жасады.
Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты іске асырады. Облыстық кәсіпорындар энергоресурстарды тұтынуды төмендетуге бағытталған жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізуде, сонымен қатар алдыңғы қатарлы технологиялар мен материалдарды пайдалануды қолдайды.
Өндірістік сала кәсіпорындарында энергия үнемдеу
«Ақтөбе ТЭЦ» АҚ энергия тиімділік пен энергия үнемдеуді жоғарылату бойынша жоспарлы жұмыстар атқаруда. 2015 жылы гидротехникалық құрылыс учаскесінің қоректендіргіш сорғысына жиілікті реттегіш жетек орнатылды.
2016 жылдың аяғына болжамды үнемдеу 280 мың кВтсағ. немесе 2 044,0 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, химиялық цехтегі шикі судың сорғысына жиілікті реттегіш жетек орнатылды. Электрэнергиясын үнемдеу 190 мың кВтсағ. немесе жылына 1 387,0 мың теңге. Қазандық цехтегі багерлі сорғысына жиілікті реттегіш жетек орнатылды. Үнемдеу жылына 155 мың кВтсағ. немесе 1 132,0 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, өнімділігі 350 т/с шағын градирді салу, тазалағыш құрылыстарды қайта құру бойынша шаралар жоспарланған. «Санур Строй-А» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға енгізу 2016 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. Жарықтандыру шамдары энергия үнемдеуіш шам түрлеріне ауыстырылды. Шамдарды энергия үнемдеуіш түрлеріне ауыстыру есебінен 369,2 мың кВтсағ.электрэнергиясы немесе ақшалай көріністе 1 989,764 мың теңге үнемделді. Кернеуі 3,15 кВ-тен 6,3 кВ-қа станцияның өзіндік қажеттілігін ауыстыру бойынша қайта құрудың 1 кезеңі аяқталды. Барлық жоспарланған жұмыстардың аяқталуынан кейін жыл сайынғы үнемдеу 886 мың кВсағ. немесе ақшалай 6 468,0 мың теңге болады.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 0,4 кВ электрлік желілерде сатылардың жүктемесін түзету бойынша жұмыс атқаруда, энергетикалық қорларды тұтынуды төмендеуінің жоспарланған көлемі 10082,000 кВтсағ.
Энергия үнемдеу аймағында жылумен жабдықтау және жылыту бойынша қазандық-пешті отын тұтынушы тәртіптік-реттейтін жұмыстар жүргізілді.
2016 жылдың аяғында энергиялық қорлардың төмендеуінің жоспарланған көлемі: электр энергиясы 90,6633 ш.о.т., газ 2794,77 . Жоспарланған үнемдеу 61,50 млн. теңге.
«Қазхром»ТҰК» АҚ филиалдары міндетті энергия аудитінен 2015 жылғы 1 қаңтарынан 25 қарашасы аралығында өтті. Энергоаудитін «Энергия тиімділік сараптама орталығы» ЖШС өткізді.
Міндетті энероаудит қорытындысы бойынша қалыптастырылған энергия тиімділікті арттыру және энергия үнемдеу бойынша «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалдары бойынша шоғырланған тұжырымдама алынды.
2015 жылы Ақтөбе хром қосындылары зауыты кәсіпорнында энергия тиімділікке жету үшін жалпы соммасы 13,7 млн.теңгені құрайтын төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылды. Жылына 24,5 млн.теңге қаражат үнемделді. Энергоресурстардың үнемделуі келесідей: 28,5 мың м3 газ, 250 ГКал жылу және электрэнергиясы 8 289 616 тыс.кВтсағ.
«Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы –Дөң ТКБК төмендегідей іс-шараларды жалпы соммасы 50,0 млн.теңгеге жүргізіп, 2015 жылы 2262,0 млн.кВтсағ. электрэнергиясын үнемдеді.
Ақтөбе хром қосындылары зауыты 2016 жылы отын-энергетикалық және су қорларын үнемдеуге бағытталған іс-шараларды 54 891,0 мың.теңгеге жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жылына 75 759,0 мың.теңге қаражат үнемдеу көзделуде. Энергоресурстарды үнемдеу келесідей: электрэнергиясы 4 820 489 мың.кВтсағ, жылу энергиясы 9 136 Гкал, табиғи газ 521 мың м3, дизельдік отын 100 тн. және 287 мың м3 шаруашылық ауыз суы.
ДөнТКБК 2016 жылы отын-энергетикалық және су қорларын үнемдеуге бағытталған іс-шаралар. Инвестиция көлемі 150 894,0 мың.теңге. Энергоресурстарды үнемдеу: электрэнергиясы 2 042 206 мың.кВтсағ, табиғи газ 154,7 мың.м3, дизельдік отын 17,3 тн, жағармай 2,6 тн және шаруашылық ауыз суы 29 561 мың м3.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «ЖГТЭС-тің АБХМ (Абсорбционная холодильная машина) көмегіменГТҚ-5,6,7 кірісінде ауаны салқындату негізінде энергия тиімділігін арттыру»жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуда. ГТҚ қуат өндіруі жыл мезгіліне өте тәуелді, демек сыртқы ауаның жоғары температурасы кезінде АБХМ ГТҚ кірісіндегі ауаны салқындатуға мүмкіндік бере отырып, энергоқондырғының пайдалы әсер коэффициенті көтереді.
Жылумен қамту кәсіпорындарында энергия үнемдеу:
«Трансэнерго» АҚ нысандарында қызу шамдарының энергия үнемдеуіш лампаларына ауыстыруы жүргізілуде. 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 1675 дана шамдар 284,9 мың теңгеге ауыстырылған.
Одан басқа, компаниямен инновациялық технологияларын алдын ала пенополиуретанмен (ППУ) оқшауланған құбыр желілерін қолданумен жылу желілердің қайта құруы мен жаңғыртуы жүргізілуде. Жылу желісінің 0,7 км 109,2 млн.теңгеге Қарасай батыр және Авиақалашық аудандарында ауыстырылған.
Пайдалануда экологиялық, қауіпсіздік және энерго тиімділік критерияларын қолдануға жағдай туғызатын алдыңғы технологиялар негізінде, қазандық шаруашылығында заманауи жылулық жабдық енгізілуде, қазіргі электрондық аспаптар қондырылуда.
2016-2017 жж. ҚДЕБ Халықаралық қаржылық ұйымның қарыздық қаражат есебінен, 7,7 км жылу желілерінің, 8 қазандықтың қайта құруы және гидравликалық үлгілеу бағдарламасының енгізілуі қарастырылуда.
Белгілеп айтқанда, «Трансэнерго» АҚ Қазақстанда бірінші болып жылумен жабдықтау жүйесінде үш сорғы станцияларының қайта құруы мен жаңғыртылуы қазіргі автоматтандырылған диспетчерлік орталықтың құрылуымен ақпараттық- басқару жылу тасығыш беру жүйесі енгізілді.
Болашақта, «Трансэнерго» АҚ орталықтанған диспетчерлік пунктке барлық нысандардың қосылуын жоспарлауда.
Электрмен қамту кәсіпорындарында энергия үнемдеу
«Энергосистема» ЖШС-нің 2016-2020 жылдарға энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, Ақтөбе қаласындағы 0,4кВ-ӘЖ сымдары 3,134 млн.теңге жалпы сомаға СИП сымдарына ауыстырылды, оның жалпы ұзындығы 1,04 км құрайды. 21,442 млн.теңге жалпы сомаға 0,4кВ-ӘЖ, 10кВ-ӘЖ сымдары үлкенірек қималы АС сымына ауыстырылды. Жалпы ұзындығы 38,31 км құрайды. 47,952 млн.теңге сомаға электр энергияны есептеу және бақылау аспаптарын және жабдықтарын орнату жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, электр энергияның ұрлану жағдайларының санын азайту және одан әрі соны болдырмау үшін «қызыл актілерді» толтыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 2015 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда 2,126 млн. теңге кВт сағатты құрайды.
2015 жылы облыс бойынша ӘЖ-ің 151,47 км АС сымдары СИП сымдарына ауыстырылды, сонымен бірге 36 млн.теңге жалпы сомаға тұрмыстық тұтынушылардың есептеу аспаптары ауыстырылды.
Сумен қамту кәсіпорындарында энергия үнемдеу
2015-2016 ж.ж. Ақтөбе қаласын сумен жабдықтаудың сапасын арттыру үшін «Ақбұлақ» АҚ нысандарында су тасымалдауды есепке алу мен автоматизациялау бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама дистанциялық бақылау жасайды, есепке алады және өндірістік процессті басқарып, сумен жабдықтау жүйесіндегі іркілістерді оперативті анықтауға, қажет түзетулерді уақытында қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар су шығынын азайтуға және суды үлестіру мен тарату жүйесінің гидравликалық тәртібін қамтамасыз етеді.
Қазірде осы жүйе бас тоғандардың екінші көтеріліміндегі 4 сорғы бекеттерде, 3-ші су көтерілімінің 88 бекеттерінде және диспетчерлік қызметке қойылған.
Қызылжар ауылы және К.Нокин атындағы ауыз судың құрамында нитраттар көрсеткішінің жоғары болуына байланысты, су тазалау жүйелерін түрлендіру атқарылды (2014 жылы Қызылжар ауылы 527,6 мың теңгеге, К.Нокин атындағы ауылға 2015 жылы 10 272,2 мың теңге). Түрлендірілген су тазалау қондырғысы ауыз суды паносүзгі әдісімен тазалауға мүмкіндік береді.
Болашақта су тазалау құрылғыларын және суды залалсыздандыру жүйелерін қайта жаңғырту жоспарлануда.
Күн тәртібінде қаралған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары бірқатар сұрақтар қойып, облыс кәсіпорындарының энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуін жоғарылату бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмысы бойынша ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында комиссия тиісті қаулы қабылдады.

20.10.2016