Материалдар

Пресс- релиз

 

Облыстық мәслихатта ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

2016 жылғы 29 тамызда облыстық мәслихатта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің облыстық мәслихатпен бірге ұйымдастыруымен, «Ата заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты - заманауи, құқықтық мемлекет құруға, ата-бабаларымыздың көпғасырлық үміттерін, олардың тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылуын іске асырған Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру болып табылады.

IMG 5791
Аталған шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, ғылыми мақалалардың авторлары, «Нұр Отан» партиясының АОФ басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, облыстық жергілікті атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында конференцияға қатысушылар арасында пікір алмасу арқылы Конституция нормаларын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан құқықтық қолданудың өзекті мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, конференцияда мемлекеттік қызметтің дамуы мен игілігі жолындағы айрықша еңбектері үшін мемлекеттік қызметтің ардагерлері мен үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды.

IMG 5765
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалардан жинақ шығарылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті