Материалдар

Хабарландыру

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы  Ақтөбе облыстық мәслихатының хабары

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының
ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстық сайлау комиссиясының бір мүшесінің сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2016 жылғы 15 шілдеден бастап 15 тамызға дейін тиісті мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (өтініштің нысанын тиісті мәслихаттан алуға болады).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2016 жылғы 15 шілдеге дейін жүзеге асырылады.
Облыстық мәслихаттың құжаттарды қабылдау бойынша жауапты адамы – Айтқалиев Тимур Владимирұлы, каб. №204, қалааралық телефон коды (87132), қызметтік 56-44-75, ұялы 8701-599-30-08, факс 54-34-75, электрондық почта мекен-жайы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Комиссия түрі: Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 128 каб.

 15.07.2016 ж.