Материалдар

Пресс релиз

 

SMDSC 04812016 жылдың 15 шілдесінде Ақтөбе облысының прокуратурсында «Кедергісіз кәсіпкерлік» Форумы өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Мұратұлы Ахметжанов, облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров және бірқатар облыстық бизнес ассоциациясының өкілдері қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – қолайлы инвестициялық климаттың қалыптасуына, кәсіпкерледің құқықтық сауатын мен олардың мемлекеттік органға деген сенімін көтеру, әкімшілік кедергілерді жоюға және басқаларға бағытталған кәсіпкерлікті қорғау Аймақтық жол картасын ұсыну болды.
Форум соңында Картаны жүзеге асыру жөнінде жауапты органдар арасында өзара әрекет және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.