Материалдар

Пресс релиз

 

SM08.07.162016 жылғы 8 шілдеде облыстық мәслихатта С.М.Қалдығұлованың төрағалық етуімен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, мемлекеттік тіркеу және жариялау барысында заңдылықты сақтау мәселелері бойынша отырыс өтті.

Отырысқа Ақтөбе қалалық және аудандардың мәслихат хатшылары, мәслихат аппараттарының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеумен айналысатын қызметкерлері, облыстық прокуратура және әділет департаментінің өкілдері, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары шақырылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қуаныш Далабайұлы ЕЛУБАЕВ, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының басшысы Нұрлыбек Бекболатұлы МҰҚАНОВ қатысты.
Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, аталған отырысқа, барлық деңгейдегі мәслихаттардың нормативтік құқықтық актілерді шығару, қолдану, жариялау мәселелері бойынша, заңдылықтың бұзылуына мүмкіндік туғызатын, себептер мен жағдайларды жою туралы облыстық прокуратурадан облыстық мәслихатқа түскен ұсыным себеп болғандығын айтты.
«Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, мемлекеттік тіркеу жариялау барысында облыстың жергілікті өкілді органдарының заңдылықты сақтау мәселелері бойынша облыстық прокуратура жүргізген талдау қорытындысы» туралы Ақтөбе облысы прокуратурасының бірінші басқармасының аға прокуроры Алмат Телағысұлы ҚАЛЫМБЕТОВ хабарлама жасады.
Облыстың прокуратура органдары 2014-2016 жылдар кезеңінде, облыстың жергілікті өкілді органдарының қызметіндегі 42 заңдылықты бұзуды анықтаған.
Жіберілген заң бұзушылықтар, негізінен, олар әр түрлі зардаптарға, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін, қолданыстағы заңнама нормаларын дұрыс қолданбау, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау рәсімдерін сақтамау, мәтіндердің теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз етпеу, құқықтық мониторингті тиісінше өткізбеу, күші жойылған нормативтік құқықтық актілерді қолдану, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін ресми басылымдарда уақтылы жарияламау.
Міндетті түрде Қоғамдық кеңестің ұсыныстарын және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларын алмай, жекелеген мәслихаттардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жағдайлары анықталған.
Жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актiлерді шығару, мемлекеттік тіркеу, жариялау және құқықтық мониторинг жүргiзу мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша Ақтөбе облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Мақсат Қайратұлы САТЫБАЛДИН хабарлама жасады.
Отырыс барысында бірқатар сұрақтар қойылып, прокуратура, әділет органдарының қызметкерлері жауаптарын берді.
С.М.Қалдығұлова қорытынды сөзінде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы келетін, жергілікті өкілді органдардың нормативтік құқықтық актілерін облыс аумағында қолдануға жол берілмейтіндігін айтты.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныс түрінде тапсырмалар берілді.