Материалдар

Пресс релиз

12.05.16sm

2016 жылғы 12 мамырда депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының және «НұрОтан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.

Комиссия отырысына тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың басқа да депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Қалдығұлова Сәния Мұсақызы, облыс әкімінің орынбасары Биахметов Асқар Сақтағанұлы қатысты.

Күн тәртібіндегі «Облыс әкімдігінің 2015 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі» мәселесі бойынша облыстың қаржы басқармасының басшысы Алтын Орынбайқызы Дәулетова баяндама жасады.
Облыстық бюджет түсімдер бойынша 120 млрд. 193 млн. 920,3 мың теңгені құрады.
Шығындар бойынша 117 млрд. 124 млн. 156,7 мың теңгені құрады.
Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 99,9 % игерілді, жоспарланған 38 121,1 млн.теңгеден 38 069,3 млн.теңге игерілді.
Функционалдық топтың қимасында шығындардың атқарылуы мынадай кейіпте көрінеді:
«Жалпы сипаттағы мемлекетік қызметтер» бойынша – жоспарланған 1 349,8 млн.теңгеден 1 345,5 млн.теңге бюджеттік қаражаттар немесе 99,7 % игерілді.
«Қорғаныс» бойынша жоспарланған 94,8 млн.теңгеден 92,9 млн.теңге немесе 98,0 % игерілді.
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, қылмыстық-атқарушы қызмет» функционалдық тобы бойынша шығындар 5 724,5 млн.теңгені құрады.
«Білім» бойынша - жоспарланған 14 861,3 млн.теңгеден 14 860,6 млн.теңге (100 %) игерілді.
«Денсаулық сақтау» функционалдық тобы бойынша 22 766,3 млн.теңге қаражаттар бағытталды.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» бойынша жоспарланған 2 210,1 млн.теңгеден 2 207,4 млн.теңге (99,7 %) игерілді.
«Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» бойынша жоспарланған 7488,4 млн. теңгеден 7484,6млн. теңге игерілді.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша жоспарланған 7 367,8 млн. теңгеден 7 365,5 млн.теңге немесе 100 % игерілді.
«Отын-энергетика кешені және жер қойнауларын пайдалану» бойынша жоспарланған 3 514,4 млн. теңгеден 3 514,4 млн.теңге немесе 100 % игерілді.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» бойынша жоспарланған 8 0677,4 млн.теңгеден 8 058,8 млн.теңге (99,9 %) игерілді.
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» бойынша жоспарланған 418,2 млн.теңгеден 412,1 млн.теңге немесе 98,6 % игерілді.
«Көлік және коммуникация» бойынша 5648,8 млн.теңге қаралды.
«Басқалар» бойынша жоспарланған 8 484,8 млн.теңгеден 8 474,4 млн. теңге игерілді (99,8 %).
2015 жылы «Нұрлы жол – Путь в будущее» бағдарламасының аясында Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 10 156,8 млн.теңге, соның ішінде 6 260,5 млн.теңге кредиттер бөлінді, соның ішінде:
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 4 бюджеттік инвестициялық жобалар (БИЖ) жалпы сомасы 1400,0 млн.теңгеге, объектілерді (Ақтөбе қ. «Нұр Ақтөбе» ауданында 1200 орынды ОМ, Ақтөбе қ. Кірпішті п. 320 орынды ОМ, Ақтөбе қ. Заречный-3 п. 600 орынды ОМ, Ақтөбе қ. Қарғалы с. 320 орынды балалар бақшасының құрылысы) 2016 жылы пайдалануға берумен қаралды.
«Индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта және іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша 3 бюджеттік инвестициялық жобалар (БИЖ) жалпы сомасы 1379,0 млн.теңгегеге («Алға қ. «Молочные истории» ЖШС ет өңдеу кешені үшін инфрақұрылымды салу», «Мәртөк ауданында «Сүт тауар фермасы үшін қатты және жұмсақ жемдерді өндіруді ұлғайту мақсатында суарылатын алаңдарды кеңейту», Ақтөбе облысының индустриалды аймағын құру) қаралды.
«ТКШ және тұрғын үй құрылысын модернизациялау» бағыты бойынша 20 БИЖ жалпы сомасы 6 589,8 млн.теңгеге қаралды, оның ішінде 2015 жылы пайдалануға 15 объектілер берілді. Қалған 5 объектіден 4 объекті бойынша іске асыру кезеңі 201-2016 ж.ж. болып табылады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру бағдарламасы бойынша 322,9 млн.теңге қосымша 2470 орынды ендіруді қамтамасыз етуге жұмсалды (Ақтөбе қ.- 2370, Әйтеке биде – 25, Алғада – 75).
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға қаралған 232,0 млн.теңге толығымен игерілді.
Депутаттар комиссия жұмысында белсенділік танытып, бюджеттің сапалы атқарылуына, бюджеттік қаражаттарды басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауға, бюджеттік қаражаттардың тиімді пайдаланылуының мониторингі бойынша жұмыстарды жақсартуға, бюджетті атқару, мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелерін реттейтін бюджеттік және өзге де заңдылықтардың нормаларын сақтауға қатысты және басқа да көптеген сұрақтар қойды.
Депутаттар комиссия отырысының қортындысы бойынша тиісті қаулы қабылдады.
Бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылады.