Материалдар

Пресс-релиз

6 мамыр күні облыстық мәслихатта №22 Мәртөк сайлау округінің депутаты А.К. Есіркеповтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының және «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өткізілді

 Отырыс жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С. М. Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары А. Т. Шериязданов, комиссия мүшелері, депутаттар, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары, аудандық мәслихаттардың хатшылары қатысты.

Күн тәртібінде «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі №18 шешімінің іске асырылу барысы туралы мәселелер қаралды. Осы сұрақ бойынша Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев –жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы хабарлама жасады.
Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында Ақтөбе облысында 2016 жылға халықты жұмыспен қамтамасыз етуге арналған Кешенді жоспар құрастырылды.
Кешенді жоспарға сәйкес 19262 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен жұмылдыру жоспарланды.
Кешенді жоспар келесі маңызды бағыттар бойынша іске асырылады:
I. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыру.
2016 жылы жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрылатын жұмыс орындарына 281 жобаға - 2314 жұмыссыздарды (10%-дан 30%-ға дейін жұмыс орындары), өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, аз қамтылғандарды жұмыспен қамту орталықтардың жолдамаларымен жұмысқа орналастырылуын ұйымдастырады.
II. Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан жұмысқа орналастыру (бос жұмыс орындарына) - 9140 адам;
2016 жылдың қаңтар – сәуір айларында 3317 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның ішінде тұрақты – 2586 ж.о, уақытша – 731 ж.о. Ашылған жаңа жұмыс орындарына 2954 адам жұмысқа орналастырылды.
III. «ЖҚЖК – 2020» Бағдарламасын іске асыру
Бағдарламаны іске асыруға 6013,7 млн.теңге қаралды. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2016 жылы 49 инфрақұрылым нысандарын (білім – 37, деңсаулық сақтау – 6, мәдениет – 5, дене шыңықтыру және спорт – 1) іске асыруға– 2158,6 млн.теңге бөлінді. Құрылатын жұмыс орындарының саны 1082 бірлікті құрайды.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағытын «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруды» іске асыруға 660 қатысушылар үшін шағын несиелеуге 2319,0 млн.теңге бөлінді.
2016 жылдың 1 мамырына қайтарылған қаражат есебінен 90 адам 189,6 млн теңге шағын несие алды.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру аясында «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді» 1536,1 млн.теңге қаралды.
IV. Жергілікті бюджет есебінен жұмыспен қамту шараларды қамтамасыз ету, барлығы 5673 адам 667,4 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінуі көзделініп отыр. Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында облыста есепті кезеңде 27 бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтті. Өткізілген жәрмеңкерлердің нәтижесінде 402 адам – жұмысқа орналасты, 744 адам – қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 127 адам Жастар тәжірибесіне, 98 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 9 адам қайта даярлауға бағытталды.Жұмысқа орналастырудың шаралардың бірі ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту болып саналады. Ол үшін 2000,0 млн.теңге қаралды.
Облыста халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Сонымане қатар отырыс барысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамытуға бөлінген бюджеттік қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалануды бақылау барысы туралы. Сұрағы бойынша Айгүл Әбілхамитқызы Ерғалиева- экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары хабарлама жасады.
Отырыс соңында қаралған мәселелер бойынша сәйкесінші қаулылар қабылданды.