Материалдар

Пресс-релиз

 

070416sm7 сәуірде облыстық мәслихатта №21 Қарғалы сайлау округінің депутаты Г.К.Ерғазинаның төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының және «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өткізілді.


Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары М. С. Жұмағазиев үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «2016 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша атқарушы органдардың жұмыстары туралы» мәселесі қаралып,
ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы – Қ.Ыбырайымұлы хабарлама жасады.
Аталған жұмыстардың күтілетін аяқталу мерзімі – а.ж. 15 маусымы.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы егістігі 553,3 мың га алқапқа жоспарланды былтырғы жылмен салыстырғанда 40,4 мың га артық, соның ішінде 330,0 мың га дәнді дақылдар (оның ішінде бидай 234,1 мың га (71%), арпа 77,4 мың га (23%) және басқа дақылдар 18,5 мың га (6%), 40,0 мың га майлы дақылдар,
173,1 мың га мал азығы дақылдары (90,4 мың га ағымдағы жылы егілетін шөптер және 82,7 мың га өткен жылдардағы көпжылдық шөптер), 5,6 мың га картоп және 4,6 мың га бақша дақылдары.
Ағымдағы жылдың егісіне 184,6 мың га жер дайындалған немесе ағымдағы жылдыңегісінің 40% құрады, оныңішінде 54,0 мың га сүдігер және 130,6 мың га сүр.
Ағымдағы жылы аудандық әкімдіктердің мәліметтеріне сәйкес суармалы жерлер 12,0 мың га-дан 18,6 мың га-ға дейін өсуі жоспарланады. Суармалы жерлердің ұлғаюы облыстың барлық аудандарында күтіледі.
Сонымен қатар, алдағы 2017 жылға 8,9 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін жобалы сметалық құжаттамаларын дайындау бойынша конкурс өткізілді, қорытындысы бойынша әлеуетті жеткізушілер құжаттарды әзірлеуге сәуір айының басынан кіріседі.
Облыс бүгінгі күнге толық қамтамасыз етілді, қажеттілік 32,7 мың тоннаны құрайды.Дәнді дақылдарының егінімен айналысатын Әйтеке би ауданы 100%, Қарғалы – 110%, Мәртөк және Хромтау аудандары 105%тұқымдарымен қамтамасыз етілген.
«ҚазАгрЭкс» АҚ Ақтөбе филиалының тексерісі бойынша барлық тұқымдар кондицияға сәйкес болып табылды, оның ішінде І-ІІ егістік стандарт класына жататын 25,0 мың тонна (76,0%) және ІІІ класқа 8,0 мың тонна (24,0 %).
Сонымен қатар, құйылған тұқым көлемінің 32,3 мың тоннасы немесе 97% ІІІ репродукцияға дейін және 0,9 мың тонна (3%) ІV репродукциялы тұқымдары.
200тонна қажеттілікте, қазіргі уақытта облыс шаруашылықтарында 151 тонна тұқым бар.
Мал азығы дақылдары: Қажеттілік – 1683 тонна тұқым, бүгінгі күнге 1312,0 тонна бар немесе қажеттіліктен 78,0%.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарына облыс бойынша картопты отырғызу үшін 3168 тонна тұқым қажет.
Қазіргі уақытта 3 061 тонна тұқым материалдары бар, бұл қажеттіліктің 97% құрайды
2016 жылдың көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін ҚР АШМ тарапынан облысқа 6 000 тонна дизель отыны бөлінді
операторлардың өткізу бағасы 92 тг/л құрайды, бұл нарықтық бағадан 7 теңгеге кем.
Көктемгі егін егу жұмыстарына техникаларды дайындау жұмыстары жалғасуда.
Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу барысында 6917 бірлік тракторлар жұмыс жүргізетін болады, олардың 95% жұмыс жүргізуге дайын,80 бірлік кешендер (96%), 2651 бірлік тұқым сепкіштер (96%), 1605 бірлікжер өңдейтін техникалар (95%),
1287 бірлік жүк автокөліктері (95%), 3734 бірлік трактор тіркемелері (95%).
Сонымен қатар, Депутаттық күн отырысы өткізілді. Отырыста «Өңірдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен қабылданған шаралар туралы» мәселесі қаралынып Қ.Ыбырайымұлы- ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы және Б.Н.Тілегенов – кәсіпкерлік басқармасының басшысы хабарлама жасады.
Берілген қалалық және аудандық есептерге сәйкес, қазіргі таңдағы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бөлшек сауда бағаларының өткізілген талдауына сәйкес 6 қаңтардан 29 наурызға дейінгі аралықта 33 әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдер бағасының өсуі Актобе, Хобда, Темір, Қарғалы, Ырғыз, Байғанин, Шалқар, Мұғалжар, Мәртөк, Алға, Әйтекеби, Ойыл, Хромтау аудандарында байқалған.
Облыс орталығында азық түлік қымбаттауының негізгі себептерінің бірі – жеміс жидек алқабының босату бағасы күрт жоғарлауына байланысты.
Қазіргі таңда облыс бойынша 702 кәспшілікпен 502 меморандум, соның ішінде Ақтөбе облысы бойынша 37 ірі бөлшек сауда, көтерме кәсіпорындармен 25 меморандум күшіне еңген.
Меморандумға сәйкес жергілікті өндірушілер шығарылатын өнімдер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуә қажет.