Материалдар

Пресс-релиз

small2903

Ақтөбе облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымының бірінші сессиясы өтті.



 

  Оған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, т.б. қатысты.
  Алтыншы шақырылымға тағайындалған 31 депутаттың 13-сі облыстық мәслихатқа бірінші рет сайланып отыр.
  Сессия барысында облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды. Ашық дауыс беру нәтижесінде бұл миссияны облыстық мәслихаттың осыған дейінгі шақырылымындағы хатшысы Сәния Қалдығұловаға сеніп тапсырды.
  Халық қалаулылары сонымен бірге облыстық мәслихат жанында бес тұрақты комиссия төрағаларын таңдады. Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Марат Итеғұлов сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссияға Амангелді Есеркепов жетекшілік ететін болды, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі комиссияны депутат Аркадий Ни басқарады. Аграрлық мәселелер, экология және табиғат қорғау жөніндегі комиссия төрайымы болып Гүлжанат Ерғазина сайланды. Депутат Дмитрий Довматенко депутаттық құзырет пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссияға жетекшілік етеді.
  Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев алдыңғы шақырылымның депутаттарына жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңа шақырылымдағы депутаттарға сәттілік тіледі.
Ақтөбе облысының әкімі 6 шақырылым депутаттарының алдында облыс автожолдары мен аймақтағы елді мекендерді абаттандыру мәселелерін қойды.