Материалдар

Пресс-релиз

small30031630 наурызда облыстық мәслихатта №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Ж.С. Мұхамбетпаизованың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы өткізілді.

  Сессия жұмысына облыс әкімі Б. М. Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №346 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә. Айдашева хабарлама жасады.
Экномика басқармасының ұсынған шығындардың тізімі бойынша ағыдағы жылда 25 млрд. 639 млн. тенге бөлінуі көзделініп отыр. Оның ішінде 437 млн. тг-ден астам жеке кәсіпкерлікті қолдауға, 1 млрд. 385 млн. тг-ден астам агроөнеркәсіптік кешенні субъектілерінің өтемақысына, 1 млрд. 292 млн. тг-ден астам - «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаласы шеңберінде көзделген әлеуметтік - мәдени нысандарын жөндеуге және тағы да басқа салаларға қаржы бөлінуі жоспарланып отыр.
  Ағымдағы нысаналы трансферттермен көзделген құрылыс-монтаж жұмыстары 16 инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды жобаларға, 3 өндірістік инфрақұрылымды жобаларға, Мұғалжар және басқа да аудандардың мектеп құрылысымен өзге де салаларға қаржы көзінің бөлінуі жоспарланып отыр.
  Сонымен қатар сессияда «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» және №26 Темір сайлау округінен депутат С.Е.Айтбаеваның депутаттық сауалы туралы сұрақтары талқыланды.
Сессия қорытындысы бойынша депутаттар сәйкесінші шешімдер қабылдады.