Материалдар

Пресс-релиз

22.01.16sm

22 қаңтарда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру және аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі №18 шешімінің іске асырылу барысы туралы» мәселеқаралды. Осы мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Қ.Бисенғалиева хабарлама жасады.
Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында облыста халықты жұмыспен қамтамасыз етуге арналған Кешенді жоспар жасалды. 2015 жылы осы Кешенді жоспарға сәйкес 16151 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен жұмылдыру жоспарланды, соның ішінде 56,9% (12054 адам) жұмыссыздарды, 13,9% (4097 адам) өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
2016 жылдың 1 қаңтарына халықты жұмыспен жұмылдыру бойынша Кешенді жоспардың жалпы орындалуы жоспардың 129,6%-ын құрады немесе 20925 адам, оның ішінде жұмыссыздар – 16367 адам, өз-өзін қамтығандар – 4589 адам, соның ішінде мүгедектер – 636 адам, аз қамтылғандар – 451 адам.
Соның ішінде:
- мемлекеттік және салалық бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында 1135 адам (Нұрлы-жол 276 адам, Агробизнес - 2020 189 адам, МҮИИДБ 43 адам, БЖК 2020 55 адам, Өңірлерді дамыту 411 адам, Саламатты Қазақстан 16 адам, Аумақтарды дамыту 145 адам).;
- Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша – 2547 адам (бағдарламаның 1-бағыты бойынша - 241 адам, микрокредит – 454 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 881 адам, жастар тәжірибесіне – 921 адам, қайта даярлауға - 50 адам);
- Аумақтарды дамыту Бағдарламасымен қамтылғандар – 17243 адам (564,2 млн.теңге)
• әлеуметтік жұмыс орындары-1193 адам (139,0 млн.теңге)
• жастар тәжірибесі-980 адам (113,9 млн.теңге)
• қоғамдық жұмыстар-4156 адам (311,3 млн.теңге)
• бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды-10513адам
• нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру-401 адам

Ағымдағы жылы ЖҚЖК 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаражат бөлінді, 2,7 мың адам жалпы қамтуымен (өткен жылдың жалғастырушылардың есебімен). 1,9 млрд.теңге қаражат игерілді. Игерілген қаражат Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелеуге жоспар бойынша бөлінген қаражаттан қайтарылған (өтелген) қаражат есебімен артық.
2016 жылдың 1 қаңтарына 3791 адам Бағдарлама қатысушылар құрамына енгізілді, соның ішінде жұмыссыздар –63,0%, (2387 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 37,0% (1404 адам), соның ішінде аз қамтылғандар – 3,6% (136 адам), мүгедектер – 2,9 % (109 адам) .
Сонымен қатар, 29 жасқа дейінгі жастар - 50,1% (1899 адам), әйелдер – 45,0% (1707 адам) құрайды.
Облыста 2015 жылы жұмысқа орналастыру туралы халықты ақпараттандыру мақсатында 66 бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтті. Өткізілген жәрмеңкерлердің нәтижесінде 2037 адам – жұмысқа орналасты, 656 адам – қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 424 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 310 адам Жастар тәжірибесіне және 2 адам кәсіби даярлауға бағытталды.
2015 жылы халықтың жоғарыда аталған санаттарын жұмысқа орналастыру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейінің сақталуы көзделеді:
-жұмыссыздық деңгейі (статистика Департаменті мәліметінің 2015 жылдың 3-тоқсаны бойынша) 4,8%-ды құрады, ол 2004 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 0,1 пайыздық пунктке төмен;
- жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 2,6%-ы (2014 жылдың 3 тоқсанында 2,6%).
Сонысен қатар2016 жылғы 1 қаңтарына Ақтөбе облысында мүмкіндіктері шектеулі 23809 азамат тұрады, оның ішінде арнайы мемлекеттік жәрдемақысын алатын 2620 он алты жасқа дейінгі мүгедек-бала.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2015 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд.теңге қаражат бөлініп, игерілді. Соның ішінде:
-мүгедектер күніне біржолғы материалдық көмек 480,0 млн.теңге бөлінді.
-мүгедектерді техникалық құралдармен, санаторий-курорттық емделумен, гигиеналық құралдармен және протездік-ортопедиялық қызметтермен қамтамасыз ету үшін 6098 мүгедек қамтамасыз етіліп, 435,6 млн.теңге бөлінді.
- мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспарды жүзеге асыру мақсатында (жол белгілеріне, инватаксиге, жаңалықтардағы сурдоаудармашыға) 179,0 млн.теңге бөлінді.
- үкіметтік емес ұйымдармен мүгедек-балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуіге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 52 млн.теңге қаражат қарастырылды.
- 54 мың мүгедектермен зейнеткерлерге қалалық көлікте тегін жүруге 475,0 млн.теңге қаралды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 69 отбасында тұратын 270 аз қамтылған азаматқа 7232,2 мың. теңге көлемінде тағайындалды.
3364 отбасына облыс бойынша тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 53,7 млн.теңге құрады.
Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 6535 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 18256 балаға 304,0 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
«Өрлеу» бағдарламасын іске асыру бойынша Ақтөбе қаласында, Мәртөк және Мұғалжар аудандарында 25 отбасында тұратын 123 азаматқа 3851,8 мың теңге көлемінде шарттай ақшалай көмек тағайындалды.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету және мүгедектерді, аз қамтылғандарды және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жұмыстары жалғастырылуда.