Материалдар

Баспасөз хабарламасы

1207192019 жылғы 12 шілдеде, №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысындағы көші-қон бақылауын қамтамасыз ету шаралары және жай-күйі туралы» мәселесі бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ертас Биресұлы Бисенов хабарлама жасады. Оның айтуы бойынша, облыстың көші-қон қызметі бөлімшелеріне ағымдағы жылдың сәуір айында 20615 шетелдіктер тіркелген, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ке төмен, оның ішінде алыс шетелдерден - 598, ТМД елдерінен – 20017.
Өткізілген шаралар нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны – 1260 шетелдік, ҚР қуылғандар – 320 шетелдіктер.
"Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай–ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР ІІМ 08.02.2014 жылғы №76 бұйрығын және ҚР ІІМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 545 бұйрығын орындау мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру бойынша нақты жұмыстар жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 6 айында еңбек мигранттарына еңбек қызметін жүзеге асыруға 6490 рұқсат берілді,яғни ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 0,6% - ға өсті, мемлекет кірісіне 95.248.050 теңге түсті.
Халықтың көші - қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді және АЖТ қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар (қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБ кодексінің 518-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар-160 ҚР азаматы, көрсеткіш 4,6% - ға ұлғайды.
ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту мен қолданудың ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБ кодексінің 519 бабы) 73 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2019 жылдың 6 айында 68 қылмыс тіркелді, оның ішінде шетелдік азаматтар – 36, шетелдік азаматтарға қатысты – 32.
Е.Б.Бисенов, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін болдырмау, алдын алу деңгейін арттыру мақсатында облыстың ішкі істер органдары «Мигрант» және «Нелегал» Республикалық жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізгенін атап өтті. Жоғарыда аталған іс-шаралардың негізгі мақсаттары мен міндеттері заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау, республика аумағында шетелдіктердің болуын бақылауды күшейту, Қазақстан Республикасы азаматтарының республика аумағында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтауы, Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту, оларды ұйымдастырушылардың және шетелдік күштерді пайдалану ережелерін бұзу фактілерін анықтау.
Облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобасының қызметі туралы» мәселесі бойынша «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Мухтарита Мұханбетқалиқызы Сағындықова хабарлама жасады. Ол жыл басынан бастап Елбасының Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес Ақтөбе облысында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасы өз жұмысын бастағаның айтты.
Жоба - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыттарына негізделген.
Жоба білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет және жер қатынастары, құқық қорғау салаларына бағытталып жұмыс жасайды.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.