Материалдар

Баспасөз хабарламасы

2706192019 жылғы 26 маусымда, №28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«Ақтөбе облысының елді мекендерінде жасыл екпелерді түгендеу туралы» мәселесі бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Б.Аққұл, Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары Ж.Т.Бисембин және құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Ж.Иманалин хабарлама жасады.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Б.Аққұл өз хабарламасында, 2015 жылы Ақтөбе облысы әкімдігімен Ақтөбе облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл белдеулер құру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген айтты.
2018 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін арттыру бойынша қадамдық жоспары әзірленіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіліп, қала және аудан әкімдіктеріне жолданған болатын. Қадамдық жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін елді мекендерге жыл сайынғы жасыл аймақтар құру көлемі бекітілді. 2019 жылға 100 га жасыл аймақ құру жоспарланып, Қазіргі таңда елді мекендерге 46,8 гектары құрылды.
Облыс бойынша 358 елді мекенде 11750 га алқапта жасыл аймақ болуы тиіс болса, қазіргі таңда небары 25 елді мекенде ғана 5750 га алқапта ғана жасыл аймақтар бар. Қосымша 333 елді мекен төңірегіне 8697 га алқапта жасыл аймақ құрылуы тиіс.
Жыл сайын көктем-күз мезгілдерінде облыс бойынша көшет отырғызу көлемі артып келетініне қарамастан, тиісті күтім жұмыстарының жүргізілмеуінен ішінара тексеріс барысында облыс бойынша орташа шығымдылық 70-80 % құрап отыр. Бұл жергілікті атқарушы органдармен тісті күтім жұмыстарын жүргізбеу, қорғау, сапасыз отырғызу, жергілікті климаттық жағдайларға бейімделмеген көшеттерді отырғызу салдарынан орын алып отыр.
Комиссия отырысында, аталған мәселе бойынша Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары Ж.Т.Бисембин хабарлама жасады. Ол депутаттарға жасыл желектерді түгендеу жұмыстары Ақтөбе қаласы аумағында 2017 жылы Қазақстан орман шаруашылығы және агролесомериоациясы ғылыми-зерттеу институтымен жүргізілгенін жеткізді. Аталған бағытқа бюджеттен 5,8 млн.тенге көлемінде қаржы бөлінді.
Жұмыстың мақсаты –Ақтөбе қаласының Болашақ, Әуеқалашық, 5, 8, 11, 12 мөлтек аудандарындағы жасыл желек қорының қазіргі жағдайын анықтау, сонымен қатар олардың санитарлық жағдайын және сәндеу жұмыстарын жақсарту үшін дерек қорын және желек карталарын құру.
Ақтөбе қаласының шағын аудандарындағы жасыл желектерді түгендеу мынадай сандық көрсеткіштерді анықтады: барлығы 37132 ағаш пен бұта бар, оның ішінде: жапырақты тұқым – 36147 дана (97,35%), қылқан жапырақты тұқым – 985 дана. (2,65%).
Ақтөбе қаласының аумағында гүлзарлардың жалпы ауданы 35,0 мың шаршы метрді құрайды, көпжылдық шөптер – 123,5 мың шаршы метрді құрайды.
Гүлзарларды отырғызу және көгалдарды күту жұмыстарын жүргізу үшін тиісінше 421,2 млн.теңге және 78,4 млн. теңге бөлінді.
"Самғау" ЖШС және "Жасұлан Флора" ЖШС мердігерлік ұйымдарымен 34339 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды, күту және суару жұмыстары жүргізілуде.
Рулондыкөгалдардыотырғызужәнеолардыкүтубойыншаэлектрондықконкурстыңқорытындысыбойынша "ОтесАқтөбе" ЖШС және "НұрлытаңАқтөбе"ЖШС-мен келісім-шарттаржасалды. Бұлмердігерлер 19000 шаршыметрге жуық гүлзарлар отырғызды.
Санитарлық қырқу, қураған және апатты ағаштарды кесу "Ернар" ЖК мердігерлі кұйымыме нжүргізіледі, келісімшарт 35,6 млн.теңгеге жасалды.
Сонымен бірге Ж.Т.Бисембин 2019 жылы жапырақты ағаштардың түрлі көшеттерін - липа, терек, үйеңкі, шетен, қайың, шаған және т.б. күзгі отырғызуға электрондық конкурс өткізу жоспарлануда екенін айтты. Конкурс шарттары бойынша жеңіп шыққан ұйым 3 жыл бойы отырғызылған ағаштарды суару және күту бойынша міндеттемелер қабылдайды. Күту жұмыстарын отырғызуға арналған көшеттердің жалпы саны 2500 данадан астам,жалпы сомасы 60 406,30 мың теңгені құрайды.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Ж.Иманалин 2017 жылы Ақтөбе қаласының 6 ауданында: Авиақалашық, Болашақ, 5-ші, 8-ші, 11-ші және 12-ші шағын аудандарында жасыл екпелерге жүргізілген түгендеу қорытындысына сәйкес 37 132 ағаштар мен бұтақтар есептелгенін айтты. Келісім-шарт бойынша аталған жұмыстарға кеткен қаражат – 5 799 405 теңгені құрады.
Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің берген ақпаратына сәйкес 2019 жылы Ақтөбе қаласының аумағында, оның ішінде 66 саябақтар мен скверлерде жасыл екпелерді түгендеу бойынша 46 636 570(қырық алты миллион алты жүз отыз алты мың бес жүз жетпіс) теңге қаражат керек.
Жасыл екпелерді түгендеу жұмысына ағаштар мен бұталарды геопорталға енгізу жұмыстары кіреді. Бұл веб-порталда жасыл екпелердің саны, санаты мен түрі, жасы, биіктігі мен диаметрі, олардың жай-күйі мен жағдайлары туралы деректер алуға болады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселесі «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жою және өңдеу мәселелері туралы» бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдаланудыреттеу басқармасының басшысы Н.Б.Аққұл және Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы Ж.И.Иманқұлов баяндама жасады.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдаланудыреттеу басқармасының басшысы Н.Б.Аққұлдың хабарламасы бойынша, ҚТҚ-ны бөлек жинау және қайта өңдеу жұмыстары облыс орталығында шоғырланған, қаланың контейнерлік алаңдарында құрамында сынап бар пайдаланылған шамдарды және қоректендіру элементтерін жинау үшін 133 контейнер орналасқан, пластик қалдықтарын жинау үшін 310 контейнер, шыны мен макулатураға арналған 15 контейнер.
Қайталама шикізатты қабылдау пункті жұмыс істейді, ҚТҚ-ның кәдеге жарату фракцияларын қабылдаудың тағы да 3 пункті қазан жабуға дайындалуда.
ҚТҚ қайта өңдеу және бөлек жинау жеке құрылымдар ішінара жолға қойған, өңірде 20-ға жуық кәсіпкер жұмыс істейді, олар 2018 жылы 12,5 мың тонна ҚТҚ қайта өңделген немесе кәдеге жаратуға жіберілген немесе қалыптасқан ҚТҚ көлемінің 7,15%. Осы жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша өңдеу үлесі 5,0% құрады, ҚТҚ пайда болған кезде 75,0 мың тонна, 3,8 мың тонна кәдеге жаратылды.
2017 жылы Ақтөбе қаласында қоқыс сұрыптау кешені салынды, ол әртүрлі себептермен жобалық қуатқа шыға алмады, ал өткен жылдың қазан айынан бастап тоқтатылды. Ағымдағы жылы кешен жаңа иесін тауып, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап өз жұмысын қайта бастады. Қазіргі уақытта бір сұрыптау желісі жұмыс істейді. Қоқыс сұрыптау кешені қалалық ҚТҚ полигонына жақын орналасқан және өндірісті кеңейтуге арналған алаңы бар.
Облыс бойынша 14 ҚТҚ полигоны жұмыс істейді, Ақтөбе, Алға, Шалқар және Хромтау қалаларында ҚТҚ полигондары облыстық бюджет қаражатына салынған, олар қазіргі уақытта сенімді басқаруда.
2019 жылғы қаңтардан бастап полигондарда алдын ала сұрыптаусыз ҚТҚ көмуге тыйым салуды енгізуге байланысты аудандарда қалдықтарды қолмен сұрыптау басталды.
ҚТҚ бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру және жүйелеу үшін басқарма тарапынан ағымдағы жылы қалдықтарды басқару бағдарламасы әзірленуде, онда ҚТҚ сұрыпталған фракцияларын және қалдықтарды көмуге арналған полигондарды жинақтау орталықтарын оңтайлы орналастыру мәселелерін қарау жоспарланған.
Н.Б.Аққұл көңіл бөлетін тағы бір мәселе барын айтты, ол ҚТҚ-ның пайда болуы мен жинақталу нормаларын әзірлеу және қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту. Бүгінгі күні ҚТҚ нормалары тек Ақтөбе қ., Шалқар және Мұғалжар аудандарында әзірленді, қалған аудандарда бұл жұмыс орындалмаған.
Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы Ж.И.Иманқұлов облыста ҚТҚ қабылдау және орналастыру үшін 12 рұқсат етілген полигон бар екенің айтты. Оның ішінде:
- 5 коммуналдық: «Neo Plus» ЖШС (Ақтөбе қ.), «Трумова» ЖК (Алға ауданы), «Бимаханов» ЖК (Шалқар ауданы), «Нұр Сапар» ЖШС (Хромтау ауданы),»Кеңқияқ СК» КМК.
- 7 жеке меншік: Байғанин ауданы бойынша «Экологические технологии» ЖШС, Мұғалжар ауданында «ЖЕС» ЖШС, «Реал Ракурс» ЖШС, «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Ақтөбе НГС» ЖШС, «КазЭкоСервис Ақтөбе» ЖШС, Темір ауданында «Таза Дала Ком» ЖШС.
Жобалық шешімдерге сәйкес, аталған 12 полигонның ішінде ҚТҚ сұрыптау 9 полигонда («Neo Plus» ЖШС, «Кеңқияқ» СК КМК, «Бимаханов» ЖК, «ЖЕС» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»АҚ, «КазЭкоСервис Ақтөбе» ЖШС, «Экологические технологии» ЖШС, «Ақтөбе НГС» ЖШС, «Таза Дала Ком» ЖШС) жүзеге асырылады, оның ішінде тек 4-уі коммуналдық полигон.
Облыста ҚТҚ қайта өңдеу және бөлек жинаумен 20 жуық кәсіпкер жұмыс істейді. ҚТҚ көму көлемі жыл сайын азайып, өңдеу көлемі ұлғаюда. 2017 жылы 300,5 мың тонна ҚТҚ болса, онын 7,5 мың тоннасы (2,5%) қайта өңделді. Ал, 2018ж. 298,6 мың тонна ҚТҚ болса, онын 21,5 мың тоннасы қайта өңделді немесе 7,2%.
Ағымдағы жылдың 5 айында облыс бойынша 96,0 мың тонна түзілген қалдықтардың 3,9 мың тоннасы қайта өңделіп, қайта өңдеу үлесі 4,14% - ке дейін өсті.
Қазіргі уақытта коммуналдық полигондар сенімді басқаруға берілді, бұл ретте полигондардың қызметі жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылаусыз қалып отыр. Мысалы, бұрын әрекет еткен «Темір-Тазалық» ЖШС және «Тазалық Қос» ЖШС қазіргі уақытта жұмыс істемей тұр.
Ақтөбе қаласының ҚТҚ полигонына сенімді басқарудағы «Neo Plus» ЖШС қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта ЖШС қалдықтарды сұрыптайды. Полигонда 2,1 млн. тонна ҚТҚ жинақталғанын атап өткен жөн, бұл оның жобалық қуатына қол жеткізгенін көрсетеді. Осыған байланысты, қала әкімдігі қысқа мерзімде полигонның қуатын арттыру мәселесін шешуі қажет.
ТҚҚ проблемаларын шешу үшін облыс әкімімен «2018-2022 жылдарға арналған шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, ТҚҚ қазіргі заманғы кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша шаралар кешені» бекітілді, ол ТҚҚ жинау және кәдеге жарату, ТҚҚ бөлек жинау, іріктеу, залалсыздандыру, қайта өңдеу бойынша қызметтерді толық (100%) қамтуды қамтамасыз етуді талап етеді және тиісті инфрақұрылымды құру бойынша іс-шараларды көздейді. «Шаралар кешенінде...» бизнес қоғамдастығы мен халық арасында ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды.
Ж.И.Иманқұлов 3 жыл ішінде барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендерді санитарлық және экологиялық талаптарға жауап беретін қазіргі заманғы ҚТҚ полигондарымен қамтамасыз ету қажеттілігін айтты, облыста қалдықтарды полигондарға тасымалдағанға дейін оларды бөлек жинау бойынша шаралар қабылдап, ЖАО елді мекендерде пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтарын; шыныны; түсті және қара металдардың сынықтарын; электрондық және электр жабдықтарының қалдықтарын; макулатураны, картонды және қағаз қалдықтарын қабылдау пункттерін ашу үшін жағдай жасап, индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармалары қалдықтарды терең өңдеуді және өнім өндіруді, оның ішінде халық тұтынатын тауарларды өндіруді дамыта отырып, бизнес өкілдерін тарту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Баяндалғанның негізінде, жасыл экономикаға көшу жөніндегі стратегиялық жоспарды орындау үшін ҚТҚ сұрыптау және қайта өңдеу бөлігінде барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендерді санитарлық және экологиялық талаптарға жауап беретін қазіргі заманғы ҚТҚ полигондарымен қамтамасыз ету қажет.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.