Материалдар

Облыстық мәслихаттың кезекті XXІХ сессиясының баспасөз-хабарламасы

0503192019 жылғы 01 наурызда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы №24 Ембі сайлау округінен депутат Такталифум Сәдуұлы Есенғұловтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
Сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Сессияда Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі бойынша Сәния Мұсақызы Қалдығұлова баяндады.
С.М.Қалдығұлова 2018 жылы 9 сессия өткізілгені, оның ішінде 6 - кезекті және 3 - кезектен тыс сессиялар екенін айтты.
2018 жылы облыстық мәслихаттың сессияларында 124 шешімі қабылданып, бекітілді, соның ішінде 31 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, облыстық газеттерде және облыстық мәслихаттың сайтында жарияланды.
Облыстық мәслихатта 5 тұрақты комиссия жұмыс атқарады, барлық отырыстары кеңейтілген форматта өткізіледі.
2018 жылы облыстық Қоғамдық кеңеспен, «Нұр Отан» партиясының филиалымен, азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп 54 отырыс өткізіліп, 98 мәселе қаралды.
Облыстық мәслихаттың жұмыс тәжірибесіне көпшілік тыңдаулар өткізу енгізілді. Депутаттар үшін құқықтық оқу жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» және «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны іске асыру барысы туралы» мәселелері бойынша «Депутат күндері» өткізілді.
Мәслихат депутаттары 29 кеңестер мен комиссиялардың құрамында және олар облыс әкімдігі жанында құрылған, ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді қарау жөніндегі консультативті-кеңесші органдардың жұмыстарына белсенді қатысып келеді.

2 депутаттық бірлестік жұмыс жасауда: «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы және қоғамдық келісім мәселелері бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы.
Депутаттар кездесулер өткізу үшін өздерінің сайлау округтеріне барады, партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қабылдау жүргізеді, өз округтерінің сайлаушыларымен олардың жеке мәселелері бойынша кездеседі.
Депутаттар мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әртүрлі шараларға қатысады, сайлау округтерінде белсенді жұмыстар атқаруда және жыл сайын қайырымдылық акцияларға, әлеуметтік жобаларға қатысып келеді.
2018 жылдың өзінде ғана қайырымдылыққа 385 млн.тг астам бөлінді.
2018 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында депутат Аркадий Ни Батыс-2 ауданында теннис орталығын салды (1 млрд.150 млн. тг.).
Қорытындылай келе, С.М.Қалдығұлова 2018 жылға жоспарланған жұмыстардың барлығы орындалып, 2019 жылға бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасауға кіріскендерін айтты.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының 2018 жылы іске асырылу барысы туралы» мәселесі бойынша хабарлама жасады. Оның айтуы бойынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жылдық жоспар 870,0 мың ш. метрді құраса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 908,6 мың ш.метр тұрғын үй (7875 пәтер) пайдалануға енгізілді (өсім 14,7%), оның ішінде:
-89,3 мың.м2 немесе 1317 пәтер кредиттік тұрғын үйлер;
-7,9 мың.м2 немесе 70 пәтер кредиттік жеке тұрғын үйлер;
-9,3 мың.м2 немесе 120 пәтер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер;
-5,2 мың.м2 немесе 57 пәтер ЖБ есебінен жалдамалы тұрғын үйлер;
-44,1 мың.м2 немесе 566 пәтер «ҚИК» АҚ арқылы жалдамалы тұрғын үйлер;
-29,5 мың.м2 немесе 356 пәтер «Самрұқ-Қазына» АҚ арқылы тұрғын үйлер;
-430,6 мың.м2 немесе 2617 пәтер халық қаражатының есебінен жеке тұрғын үйлер;
-292,7 мың.м2 немесе 2772 пәтер коммерциялық тұрғын үйлер.
Жалпы 7875 пәтер салынды, оның ішінде 2617 жеке тұрған үйлер және 5258 көппәтерлі үйлердегі пәтерлер.
2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 69,3 млрд.теңге инвестиция тартылған, соның ішінде 11,6 млрд.теңге мемлекеттік қаражаттар.
С.Т. Төленбергенов өз баяндамасында 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына РБ және ЖБ 7246,9 млн.теңге көлеміндегі қаражат қарастырылғаның айтты, оның ішінде РБ 5131,9 млн.теңге және ЖБ 2115,0 млн.теңге. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаражаттар толығымен игерілді. Жылдың қорытындысы бойынша 415 шақырым инженерлік желілер пайдалануға енгізілді.
Сонымен қатар С.Т.Төленбергенов 2019 жылға арналған міндеттерге тоқталып кетті.
«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10-желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады.
Ол облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы – 3 млрд.947млн.488,8 мың теңге.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Аркадий Юрьевич Ниге сөз берілді.
Сессияда «Ақтөбе қаласында қалалық жедел шұғыл медициналық көмек станциясын салу және пайдалану», «Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 1300 шаршы метр спорттық үй-жайды жалға алу», «Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 1281,5 шаршы метр спорттық үй-жайды жалға алу», «Ақбөбек» оңалту орталығының ғимаратын физика-математика мектеп-интернаты етіп жалдау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданды.
Депутаттар Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ұ.А.Мыңбаевтың Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы ұсынысын қолдап, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекітті.
Сонымен қатар, ведомствоаралық сипаттағы комиссия құрамына, облыстық мәслихаттың шешімдеріне және т. б. өзгерістер енгізілді.
Сессияда №8 Пацаев сайлау округінен депутат Д.А.Довматенконың, №18 Ключевой сайлау округінен депутат Н.Ш.Сағыналиннің, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Г.Қ.Ерғазинаның депутаттық сауалдарын жария етті.
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясында депутаттар 35 мәселе қарап, тиісті шешімдер қабылдады.