Материалдар

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

2102192019 жылғы 21 ақпанында облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының жалпы отырысы №24 Ембі сайлау округінен депутат Такталифум Сәдуұлы Есенғұловтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімнің орынбасары М.Е.Абдуллин, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады.

Оның айтуынша, "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қабылданған, халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін арттыру және қолданыстағы бағдарламалар арқылы тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін енгізуді көздейтін бағдарлама.
«Нұрлы жер» бағдарламасының бағыттарының бірі мемлекеттік бағалы қағаздарды шығара отырып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту арқылы жергілікті атқарушы органдармен кредиттік тұрғын үйлердің құрылысын салу болып табылады.
2016-2018 жылдары Ақтөбе облысында 65 тұрғын үй құрылысына жалпы көлемі 22,0 млрд. теңге мемлекеттік облигациялар шығарылды, бұл жалпы ауданы 263,9 мың шаршы метр 4121 пәтерді құрайды.
Оның ішінде бүгінгі күнге 38 тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2780 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді немесе 179,0 мың шаршы метр тұрғын үй берілді.
Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің өзектілігін ескере отырып, осы жылы қалған 27 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау қажет, бұл жалпы тұрғын алаңы 84,9 мың шаршы метр, 1341 пәтерді құрайды.
Осы мақсаттар үшін 5,6 млрд. теңгеге мемлекеттік облигациялар шығару қажет.

Сонымен бірге сессия отырысында облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №226 «Ақтөбе облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сессия тиісті шешімдер қабылдады.