Материалдар

«Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы №195 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасына баспасөз-хабарламасы

«Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы №195 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 7-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестендіру мақсатында қабылданады.


Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы №195 «Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3836 тіркелген, 2014 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы сайтта орналастырылған, http://aktobeoblmaslihat.kz
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылғы 1 ақпанда №01-1/19 ұсынылған.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы 2019 жылғы 15 қаңтарда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған. Жария талқылау мерзімі 2019 жылдың 29 қаңтарында аяқталды. Қараушылар саны - 16, пікірлер жоқ.
Сайтта жарияланған: http://aktobeoblmaslihat.kz
Тікелей тарату: http://aktobeoblmaslihat.kz/ru/node/66217