Материалдар

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХVІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

1501192019 жылғы 14 қаңтарда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясының жалпы отырысы №24 Ембі сайлау округінен депутат Такталифум Сәдуұлы Есенғұловтың төрағалық етуімен өтті.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында 2014 жылғы 03 сәуірдегі сессияда сайланған сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихаттың сесиясында депутаттар Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлады.


Облыстық мәслихат хатшысының өкімімен сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша депутаттар қатарынан және аппарат қызметкерлерінен Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының төрағасы - №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Г.Қ.Ерғазина.
Жұмыс тобы заңнамаға сәйкес, Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыстың басталғандығы жөнінде 2018 жылдың 30 қарашасында облыстық мәслихаттың сайтында және 2018 жылдың 4-5 желтоқсан күндері облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде хабарлама жариялады, онда сайлау комиссиясының құрамына сайлау үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар жасау мерзімі мен тәртібі көрсетілді. Ұсыныстар жасау мерзімі 2018 жылдың 30 қарашасы мен 20 желтоқсаны аралығы болып белгіленді.

«Ақ жол», «Бірлік», «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», «Нұр Отан», «Ауыл» саяси партияларынан және қоғамдық бірлестіктерден («Оксана» украиндердің Ақтөбе облысы ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Ақтөбе облысының Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Ақтобе облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі ) 8 кандидатура ұсынылды, ал облыстық комиссия 7 мүшеден тұрады, мерзімі 5 жыл.
Облыстық мәслихаттың Регламентіне сәйкес депутаттар дауыс беру құпия түрде өтетіні туралы шешім қабылдады.
Дауыс беру нәтижесінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келесі 7 адамнан тұратын жаңа құрамы сайланды, олар:

 

1.

ЖҰМАҒАЛИЕВ Нұрлан Нұрымжанұлы, 1959 жылы дүниеге келген, «ЖумагалиевН.Н.» жеке кәсіпкер,«Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы ұсынған

2.

ШАНГЕРЕЕВЕсет Тайұстарұлы, 1977 жылы дүниеге келген, облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторы, «Бірлік» саяси партиясы ұсынған

 

3.

ИМАШЕВА Галина Жұманқызы, 1956 жылы дүниеге келген, ҚазМЗУ Ақтөбе колледжінің өндірістік тәжірибе меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ұсынған

4.

НҰРЖІГІТ Шыңғыс Сейдахметұлы, 1989 жылы дүниеге келген, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, «Нұр Отан» партиясы ұсынған

5.

КҮНБАЕВА Гүлнара Насанқызы, 1957 жылы дүниеге келген, облыстық мәслихат аппаратының инспекторы, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған

6.

СОПРУН Оксана Анатольевна, 1976 жылы дүниеге келген,Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы,«Оксана» украиндердің Ақтөбе облысы ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұсынған

7.

ОСПАНОВА Светлана Мырзамұратқызы, 1960 жылы дүниеге келген, облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы, «Ақтөбе облысының Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған

 

Сонымен қатар облыстық мәслихаттың сессиясында №8 Пацаев сайлау округінен депутат Д.А.Довматенконың депутаттық сауалын жария етті.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31