Материалдар

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХV сессиясының баспасөз хабарламасы

1112182018 жылғы 10 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясының жалпы отырысы №19 Байғанин сайлау округінен депутат Әсел Серікқызы Сарманованың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Б.М.Сапарбаев, әкімнің орынбасарлары, қала әкімі, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, қала және аудан мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Күн тәртібіндегі «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады. Оның айтуынша, облыстық бюджеттің жалпы кірісі (мақсатты трансферттерді есептемегенде) үш жылдық кезеңде 405 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: 2019 жылы - 172,9 млрд. теңге, соның ішінде:
- меншікті кірістер - 34,0 млрд. теңге;
- бюджеттік кредиттерді өтеу - 14,0 млрд. теңге;
- заем алу - 5,7 млрд. теңге;
- жоғары бюджеттен 108,6 млрд. теңгеге аударымдар;
- төменгі бюджеттен аударымдар - 10,6 млрд.
Облыстық бюджеттің 2019 жылғы шығыстары - 172,9 млрд. теңге, оның ішінде:
- шығындар 152,9 млрд. теңге;
- бюджеттік несиелер - 6,0 млрд. теңге;
- заемдарды өтеу - 14,0 млрд. теңге.
Әлеуметтік бірліктің шығындары 2025 жылға дейінгі жаңа адами капитал Стратегиясын жүйелі түрде реформалауға байланысты және үшжылдық кезеңде 87,9 млрд. Теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылға 31,4 млрд. теңге немесе жалпы шығындардың 50% .
Облыстық бюджеттің шығындары:
- аудандар мен Ақтөбе қалаларына аударымдар -8548,1 млн. теңге;
- агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 6,5 млрд теңге;
- жеке кәсіпкерлікті қолдауға «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасы мен бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға - кәсіпкерлікті басқармасына - 1,7 млрд теңге;
- ішкі істер департаментіне - 5,8 млрд. теңге;
- жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын басқармасына - жолдарды жөндеу және күтуге - 6,9 млрд. теңге;
- 11 МЖМӘ жобаларын іске асыруға 3,3 млрд. теңге;
- даму бюджетіне облыстық бюджеттен 12,2 млрд;
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына - 8,0 млрд. теңге (16 білім беру мекемесінің құрылысына 1 750,9 млн. теңге, соның ішінде 7 мектептің тең қаржыландыруы, 9 білім беру нысаның салу (4 ауданда 50-120 орындық 5 мектеп, Ақтөбе қаласындағы 4 кеңсе). Бұл жобаларды іске асыру аймақтағы 11 мектепте үш ауысымдық білім беру мәселесін шешеді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 1 375,4 млн. теңге;
- көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын басқармасы бойынша 2,2 млрд. теңге.
Республикалық бюджетте жалпы сомасы 62,7 млрд. теңге болатын трансферттер мен қарыздар қарастырылған, оның ішінде:
- мақсатты ағымдағы трансферттер - 31,7 млрд теңге порт инфрақұрылымы, 25,4 млрд. теңге - даму бюджеті және т.б.
«Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша Г.Р.Сүйінтаева облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы – 413 556,0 мың теңге, соның ішінде:
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 213 556,0;
- білім басқармасы – 144 000,0;
- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 50 000,0;
- денсаулық сақтау басқармасы – 6 000,0.
Сонымен қатар басқарма басшысы «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселесіне тоқтады.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Ә.Қалиев «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №171 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» мәселесі бойынша хабарлады. Оның айтуынша, денсаулық сақтау басқармасына, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесіне кірмеген дәрілік препараттармен емдеуді қажет ететін науқастардан арыздар түскен. Осыған орай, амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дәрілік препараттармен 1 атауын (Дабрафениб) қосу ұсынылады.
Және де кейбір дәрілердің қажеттілігі болмағандықтан бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану үшін, денсаулық сақтау басқармасы облыстық маслихаттың шешімінен келесідей 3 дәрілік атауларды алып тастауға ұсынады: симепревир, иммуноглобулин, ципрофлоксацин.
Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың сессиясында «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы», «Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 шілдедегі №311 шешіміне өзгеріс енгізу туралы , «Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы», «Ақтөбе қаласының кейбір коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемелеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы», «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы», облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы есептері және т.б. мәселелер қаралды.
Сессияда Х.Ж.Ілиясовтың және Т.Ж.Талаеваның депутаттық сауалдарын жария етті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сессия тиісті шешімдер қабылдады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31