Материалдар

Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы

271118Бүгін «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы туралы» мәселесін қарау бойынша облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығындардың жобалары бойынша облыстың ішкі істер департаментінің бастығы, энергетика және коммуналдық-шаруашылық пен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары хабарлама жасады.
Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.