Материалдар

Баспасөз хабарламасы

2311182018 жылғы 23 қарашада «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы туралы» мәселесін қарау бойынша облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік - мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияларының мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығындардың жобалары бойынша Қ.О.Отаров - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, А.Қ.Османғалиев - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Н.Ж.Иманалин - құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы хабарлама жасады.
Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

***
Осы күні, №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Ж.Иманалин хабаралама жасады.
Оның айтуынша, құқықтық мониторинг жүргізу барысында жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Жасыл кеңістікті ұстау мен қорғау Ережесінің 4 және 17-тармақтарында мемлекеттік тілде орфографиялық қателері бар екендігі анықталды. Осыған байланысты облыстық мәслихаттың жоғарыда аталған шешімін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіру қажет.
«Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылда атқарған жұмысы туралы» мәселесі бойынша тұрақты комиссияның төрағасы М.С.Итеғұлов баяндады.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.