Материалдар

Баспасөз хабарламасы

2906182018 жылғы 29 маусымда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Күн тәртібінде облысты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы бюджеттік бағдарламалар басшыларының есептері қаралды.
Нысаналы индикаторларға: жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі, тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі, балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, жұмыссыздық деңгейі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту және т.б.
Бірінші болып облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының орынбасары Нұрхан Жасұланұлы Тілеумұратов хабарлама жасады. Ол облыстың жалпы өңірлік өнімінің жағдайы, шағын және орта бизнестің дамуы, өнеркәсіп және т.б. туралы айтып кетті. Өңір өнеркәсібі Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ИИДМБ) басымдылықтары ескеріліп дамиды. Негізгі мақсаты – саланы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновацияларды дамыту, кірісті арттыру және халықты жұмыспен қамту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Келесі болып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Іскендірұлы Сәрсембай хабарлама жасады.
Елбасы аграрлық секторды біздің еліміздің экономикасы дамуының басымдығы ретінде айқындады. Ауыл шаруашылығын реформалау, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдаудың жаңа құралдарын дамыту және енгізу бойынша міндеттер «Агробизнес-2020» бағдарламасымен көзделген.
2016-2020 жылдарға аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында 5 нысаналы индикаторлар бекітілген.
Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолқызы Оразбаева өткен жылы барлық 4 мақсатты индикаторлар мен 29 (31) көрсеткіштер орындалғаның айтты.
Білім саласында мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштерді орындау бойынша жұмыстар басқармамен келесі бағыттарда ұйымдастырылды:
• балалардыңмектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуы мен мектепке дейінгі ұйымдар желісінің көбеюі;
• білім сапасының жақсаруы;
• Оқушы орнының тапшылығы, апатты және үш ауысымды мектептердің жойылуы;
• Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының белсенділігі және балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз етудің өсуі;
• педагогикалық кадлардың сапалық құрамын жақсарту және педагогтардың біліктілігін жаңа жүйе бойынша жоғарылату;
• Инклюзивтік және арнайы білім беруді ұйымдастыру бойынша жағдай жасау;
• Еңбек нарығын білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету.
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Орынбасарұлы Отаров 2016 – 2020 жылдарға арналған облыстық Аймақтарды дамыту Бағдарламасына басқарманың құзыретіне қатысты 8 индикатор кіретінін айтты. Олар: жұмыссыздық деңгейі, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі, жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі, жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартатын шетел күшінің ішіндегі білікті мамандардың үлес салмағы, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы, жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі, әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі.
Сонымен қатар тұрақты комиссияның отырысында облысты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы денсаулық сақтау, индустриалды-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары хабарлама жасады.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.