Материалдар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кездесуі

Бүгін облыстық мәслихатта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кездесуі өтті:
Кездесуге ПІШЕМБАЕВ Мейрам Кұдайбергенұлы - экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі;
ӨТЕМІСОВ Шавхат Әнесұлы - экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі;
КОЗЛОВ Евгений Александрович - заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
КЛИМЕНКО Иван Иванович - әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі қатысты.


Кездесу барысында депутаттар Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Облыстық мәслихаттың депутаттары медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, шағын несие беру, елді мекендердегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының орналасуы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн ата-аналардың жауапкершiлiк нормаларын қарау жөнінде және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.