Материалдар

2017 жылғы 14 ақпанда облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

2017 жылғы 14 ақпанда, №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қазақстанның қалалық құрылысшылар одағының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Облыс әкімінің орынбасары Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов және Алматы қаласының «Урбостиль» ЖШС жобалау-қала құрылысы фирмасының директоры Любовь Владимировна Нысанбаева «Ақтөбе облысы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың Кешендi схемасын бекiту туралы» баяндады.

14 ақпан 2018 жылы «Қазақстан Республикасының Президентіне енгізілетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың жобасы» туралы қоғамдық тыңдау өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Токушев баяндама жасады.