Материалдар

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы - Татьяна Ивановна Барадулинаны 80 жас мерейтойымен құттықтады

Т.И.Барадулина алғашқы кәсіби білімін Ақтөбе педагогикалық училищесінде алған. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық мектеп-интернатында мұғалім-тәрбиеші болып бастаған. Комсомолдық кезеңде - Қазақстанның ЛКЖО Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Ақтөбе қалалық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарып, көптеген жылдар бойы идеология мәселелеріне жетекшілік еткен.