Материалдар

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ақтөбе облыстық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысына комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық басқарма басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және Ілияс Сапарбекұлы Испанов қатысты.
«Ақтөбе облысы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі туралы» және «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселелер бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы - О.М.Смағұлов хабарлама жасады.

Сонымен қатар, бұл күні облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстары өткізіліп, комиссиялар төрағаларының 2017 жылға атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды.