Материалдар

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 27 қарашада облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңіскүл Сағидоллақызы Мұхамбетпаизованың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, әділет департаментінің, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №171 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев хабарлама жасады.


«Амбулаториялық денгейде жекелеген санаттағы тұрғындарды дәрі-дәрмекпен, арнайы балалар және емдік тағамдармен қамтамасыз ету» бағдарламасы 014-015-142 бойынша облыстық маслихаттың шешіміне сәйкес дәрілік заттармен қамттамасыз етіледі. 2017 жылға 142 938,0м.тг. бекітілді. Қамтамасыз етуге 41 ересек науқастарды 13 ауру бойынша 19 дәрі-дәрмектің атауына және 15 ауру балаларды 10 ауру бойынша 13 дәрі-дәрмектің атауына және 1460 Ұлы отан соғысы ардагерлеріне және соған теңелген тұлғаларға 7 аурудың тобымен 33 дәрі-дәрмектің атауы бойынша қажеттілік есебі жасалды.
Кейбір дәрілердің қажеттілігі болмағандықтан бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану үшін, денсаулық сақтау басқармасы облыстық маслихаттың шешімінен 8 дәрілік атауларды алып тастауға келесі себептермен ұсынады.
Жанадан қосылған дәрілік заттарға есеп бойынша қосымша қаржы бөлу қажеті жоқ.
«Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы» мәселе бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Мұхитұлы Ермұқан хабарлама жасады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы қабылданды.
Ақтөбе облысының 650 ескерткіші жергілікті маңызы бар мемлекеттік тізімге енді.

Тарихи – мәдени мұраларды қорғау мақсатында Ақтөбе облысында 2013 жылдан бері жүйелі түрде объектілердің қорғау, құрылыс салуды реттеу аймақтарын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 28 объектінің қорғау аймақтары бекітілді.
Облыс аумағында орналасқан және еліміздің тарихында тарихи-мәдени мұра ескерткіштері ретінде өлшеусіз аса құнды ғылыми маңызға ие қола дәуіріне (б.з.д. ІІІ-ІІ мың жылдық) және ерте темір дәуіріне (б.з.д. І-мың жылдықтың ІІ-жартысы) жататын Қарғалы ауданы аумағындағы 46 (қырық алты) тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафты аймақтарын, олардың шекараларын бекітуге ұсынылады.
Тұрақты комиссия отырысында «№28 Қобда сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындылары туралы» және «Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 3 сәуірдегі №210 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралып, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның 2017 жылға жұмысы туралы есеп тыңдалды.
Сонымен қатар 2017 жылғы 27 қарашада облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның төрағасы М.С.Итеғұлов облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есеп берді.
Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың қорытындысы бойынша талқыланған мәселелерді облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізу туралы қаулылар қабылданды.