Материалдар

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2017 жылғы 8 қарашада Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы - Сәния Мұсақызы Қалдығұлова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үйлердің санитарлық жағдайы, тұрғындардың қоғамдық тәртіпті сақтауы және тағы да басқа мәселелерді қозғады.
Өтініштер бойынша шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді және құзырлы органдарға хаттар жолданды.