Материалдар

«Нұр Отан» партиясы АОФ Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2017 жылғы 7 қарашада облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы АОФ Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы – Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
«2017 жылдың 10 айына партияның облыстық филиалының қызметінің қорытындылары туралы» «Нұр Отан» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі А.Қ.Есіркепов баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері сөз сөйледі.